ОҚУШЫЛАРДЫҢ ІТ-ҚҰЗІРЕТТЕРІ ICILS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУІ

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ІТ-ҚҰЗІРЕТТЕРІ ICILS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУІ
Шымкент қаласы Әдістемелік орталығының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес, 2023 жылдың 14 наурызында №9 ІТ мектеп-лицей базасында ICILS-2023 зерттеулерінің негізгі кезеңіне дайындық шеңберінде «Оқушылардың ІТ-құзіреттері ICILS халықаралық зерттеуі» тақырыбында зерттеу қатысушыларына арналған оқыту-семинары ұйымдастырылды.
IСILS зерттеуінің мақсаты – оқушылардың IT-құзыреттері деңгейін бағалау және олардың оқу жетістігіне ықпалын анықтау.
«Менеджменттік басқару және аналитикалық талдау-сараптау» бөлімінің әдіскері Динара Құралбаева ICILS халықаралық зерттеуінің стандартты және өткізу рәсімдері, тестілеу жүргізу алгоритмі туралы және №27 «Мартөбе» жоббм үйлестірушісі Канат Базарбаев ICILS зерттеуі кезінде тапсыратын «Тест тапсырмалары мен жалпы сауалнамалар туралы» тақырыбында баяндама жасады.
Аталған шараға қала мектептерінің ішіндегі іріктелініп алынған №9, 27, 30, 40, 42, 49, 65, 99, 137, Арофат мектептердің үйлестірушілері мен жауапты ІТ мамандары қатысты.