«Кітап оқитын ұлт» жобасы Шымкентте басталды

«Кітап оқитын ұлт» жобасы Шымкентте басталды

Құрметті оқырмандар!
Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен «AMANAT» партиясы «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қорымен бірлесіп 2025-2026 оқу жылында «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» пилоттық жобасын жүзеге асыратынын хабарлайды.

    Жобаға мектеп оқушылары, студенттер, педагогтар, отбасы мүшелерінен құрылған топ және мемлекеттік қызметшілер қатыса алады.

     Әрбір қатысушы 6 ай ішінде 15 кітап оқуы тиіс.
     Ең белсенді оқырмандарға ақшалай сыйлықтар, сертификаттар және медальдар табысталады.

   Тіркеу 20 қыркүйекке дейін жүргізіледі.
   Байқау нәтижелері 2026 жылдың наурыз айының соңында жарияланады.

Бұл бастама – жастарды кітап оқуға ынталандырып қана қоймай, оқуды өмірлік әдетке айналдыруға бағытталған маңызды қадам.

   Құрметті шымкенттіктер, белсенді түрде қатысып, бірге оқырман ұлт болуға атсалысайық!