Меню

Страницы

Статья

Мектепке дейінгі білім беру

Мектепке дейінгі ұйымдар желісі мен балалар контингенті Шымкент қаласы бойынша барлығы 577 мектепке дейінгі ұйым, оның ішінде –    505 бірлік жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар. Мектепке дейінгі ұйыммен қамтылған барлық бала саны – 77 764, оның ішінде жеке мектепке дейінгі ұйымда – 50 782 бала. 3-6 жастағы балаларды қамту – 100%, 1-6 жас – 88,6%. Мектепке дейінгі ұйымдардың желісі жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардың есебінен ұлғаюда. 2019 жылы              1769 орынға 24 жекеменшік балабақшалар ашылды (2018 жылы        1653 орынға 14 жекеменшік балабақшалар ашылған). 2021 жыл басынан 2700 орынға 30 жекеменшік балабақшалар ашылды. Бүгінде мектепке дейінгі ұйымдарға 1-6 жастағы 9974 бала кезекке тіркелген. Балаларды кезекке қою мен жолдамаларды беру автоматтандырылған. Бұл осы шараның айқындығына, жемқорлық қауіптерін болдырмауға, бәсекелестік ортасын құруға және кезектілікті азайтуға ықпал етті. Балаларды қауіпсіз болуына жағдай жасау Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау мектепке дейінгі ұйымдардың басты міндеттерінің бірі және сапалы мектепке дейінгі білім көрсеткіші болып табылады. Балалар қауіпсіздігіне жағдай жасау мақсатында мектепке дейінгі ұйымдарда бейнебақылау камералары жатын және ойын бөлмелерінде, дәліздерде орнатылған. 71 мемлекеттік балабақшада    1442 бейнекамера  жатын және ойын бөлмелерінде, дәліздерде орнатылған.  

Сонымен қатар, мемлекеттік балабақшаларға толығымен бейнебақылау жүйесін орнату жұмыстары жүргізілуде.

2022 жылы 3 457 орынға мемлекеттік тапсырыс берілді.

2 балабақшаға күрделі жөндеу жүргізу үшін 697,2 млн.тг. қаржы қаралды.

2022 жылы жоспарланған 28 балабақшаның 1727 орынға 24 балабақша ашылды (2 480 орынға) .

Мектепке дейінгі ұйымдардың педагог кадрлары Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 5718 педагог қызметкерлер жұмыс атқаруда. Оның ішінде, мемлекеттік мекемелерде 2303, жекеменшік мекемелерде 3415 педагог. Мектепке дейінгі мекемелердегі педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша 2022 жылы Педагогикалық шеберлік орталығында және «Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты» КЕ АҚ базасында 625 педагог біліктіліктерін жетілдірді.

Дата публикации
05 февраля 2020
Дата обновления
05 февраля 2020
Тип

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
21 декабря 2020
Дарынды балалармен жұмыс
28 апреля 2020
Материалдық техникалық базаны дамыту

Социальные медиа

Facebook
Instagram
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы