Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У

Х А Б А Р Л А Н Д  Ы Р У

 

«Шымкент қаласының білім басқармасы» ММ (бұдан әрі – Басқарма) бұрын мемлекеттік тапсырыс орналастырылған даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсететін жекеменшік психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінен (бұдан әрі - Ұйым) келесі күнтізбелік жылға арналған мемлекеттік тапсырысты алуға Тізім қалыптастыру үшін Қазақстан Республикасының 2007 жылғы                  27 шілдедегі «Білім туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы                  Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы «Мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы»                    №532 бұйрығының  9-тармағында көрсетілген өзектендірілген құжаттарды, сондай-ақ балалардың 30%-дан астамында даму динамикасының болуын растайтын құжаттарды қабылдайды.

Қ ұ ж а т т а р  т і з б е с і :

1) өтініш;

2) Ұйым басшысының қолымен куәландырылған бейнебақылау камераларын, дабыл түймесін және дауыстық хабарландыруды орналастыру схемасы;

3) Санитариялық қағидаларға сәйкес медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асыруға аумақтық бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету ұйымымен жасалған шарт;

4) штаттық кестенің және педагогикалық немесе бейіндік білімі бар педагогтердің белгіленген үлгідегі білім туралы құжаттарының көшірмелері;

5) жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу жүргізілгені туралы белгісі бар құқық белгілейтін құжат немесе мерзімі мемлекеттік білім беру тапсырысын игеру уақыты аяқталғанға дейін жарамды жалдау, өтеусіз пайдалану, сенімгерлік басқару шарты бар жалдау, өтеусіз пайдалану, сенімгерлік басқару құқығын растайтын құжат;

6) балалардың 30%-дан астамында даму динамикасының болуын растайтын құжаттар.

 Басқарма мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелер арқылы (www.elicense.kz) мына құжаттың бар болуын және жарамдылығын тексеруді жүзеге асырады:

  - медициналық көмек (медициналық қызмет) көрсетуге арналған шарт болмаған жағдайда медициналық қызметке лицензия.

Құжаттарды қабылдау, Ұйым басшының қолымен бекітіліп, мөрмен расталған нұсқада электронды түрде 2025 жылғы 25-29 желтоқсан аралығында, 29 желтоқсан сағат 18:00-ге дейін «Malahit» электронды порталына енгізу арқылы жүзеге асырылады.

Басқарманың басқа электрондық пошта мекен-жайларына жіберілген құжаттар қарастырылмайды.

Басқармада құжаттарды тіркеу аяқталған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Ұйымдар ұсынған, соның ішінде мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелерден алынған құжаттарды қарайды.

Құжаттарды қарау аяқталғаннан кейін хаттамаға сәйкес өзектендірілген тізімді басқарманың ресми интернет ресурсына орналастырады.

Анықтама үшін тел: 87021900782.

 

 

 

 

 

Дата публикации
25 декабря 2025