Мектепке дейінгі білім беруді ваучерлік қаржыландыру бойынша

Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты
627 заңды тұлға жергілікті және республикалық бюджеттер есебінен мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде қаржыландырылады.

Анықтама: оның ішінде:

  • 71 мектепке дейінгі ұйым (64 мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын және 7 мемлекеттік арнаулы мекеме);
  • 556 жауапкершілігі шектеулі серіктестік
    (553 жекеменшік мектепке дейінге ұйым мемлекеттік қаржыландыруда және 3 жекеменшік мектепке дейінгі ұйым өзін өзі қаржыландырады).

Ваучерлік қаржыландыруды енгізу бойынша Шымкент қаласы білім басқармасы мен Қаржы орталығы арасында жол картасы түзіліп, келісімдер орнатылды.

Шымкент қаласында 617 мектепке дейінгі ұйым ваучерлік қаржыландыруға өтті (оның 64 мемлекеттік ұйымы
18 426 баланы, 553 жекеменшік ұйым 53 237 баланы қамтиды)
.

Шымкент қаласында мектепке дейінгі ұйымдар
100 % ваучерлік жүйеге өтті.

Сонымен қатар, ваучерлік қаржыландыруға өту нәтижесінде 14 560 бала мектепке дейінгі ұйымға жолдама алды.

Дербестендірілген ваучерлік қаржыландыру нәтижесінде күтілетін нәтижелер:

  • еңбек шығындарының азаюы;
  • ата-аналардың білім беру ұйымдарын толығымен дербес таңдауы;
  • мектепке дейінгі ұйым қызметтері сапасының артуы;
  • кедергісіз қаржыландыру;
  • сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою;

- балабақшаға бармай жүрген балаларды (өлі жандар) қаржыландыруды жою.

2024 жылғы  желтоқсан айында мектепке дейінгі мекемелерге 1000 орынға қосымша қаржы қарастырылып, дербестендірілген (ваучерлік) қаржыландыру  берілді. 

        Бүгінгі күн INDIGO-24kz ақпараттық жүйесіне көрсетілгендей соңғы айда 876 ваучер берілген. Ваучерге өткен үш ай көлемінде 16 636 ваучер балаға берілді.

Дата публикации
20 января 2025