МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДА КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ ПУНКТ ЖҰМЫСЫН ЖҮРГІЗУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДА КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ ПУНКТ ЖҰМЫСЫН ЖҮРГІЗУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК

 

Консультациялық пункттер мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу

мен дамытуда отбасына көмек көрсетудің бір түрі. Қазіргі таңда Шымкент қаласындағы 112 мектепке дейінгі ұйымдарда консультациялық пункттер өз жұмыстарын жүргізуде. Кеңес беру пунктіне қамтылған бала саны 779 ата-ана саны 779.  Оның ішінде: 2 жас -82, 3 жас – 145, 4 жас – 133, 5 жас -413 бала.

Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылмаған мектеп жасына дейінгі балалардың ата-аналарына (заңды өкілдеріне) арналған консультациялық пункттердің қызметі құжаттармен жұмысты жүргізіу бағыты туралы Мектепке дейінгі дамыту орталығының менеджмент бөлімі семинар кеңестер беріп отырды.

  Консультациялық пункттің жұмысы диагностикалық, консультациялық, әдістемелік көмек беру бағытында жүргізіледі.

 Диагностикалық көмек беру, баланы психологиялық-педагогикалық

зерделеу, бала тұлғасының жеке ерекшеліктері мен бейімділігін, оның әлеуетті мүмкіндіктерін айқындау, сонымен қатар дамуындағы, әлеуметтік бейімделуіндегі бұзушылықтардың себептері мен тетіктерін анықтау, баланы одан әрі дамыту және тәрбиелеу бойынша ұсынымдар әзірлеу бағытында жүзеге асады.

        2024 жыл 16-17 қазан күндері №62 "Ботақан" бөбекжай-бақшасы базасында "Мектепке дейінгі дамыту орталығы"-ның ұйымдастыруымен, мектеп жасына дейінгі балалары бар,  балабақшамен қамтылмаған отбасыларға консультациялық және әдістемелік көмек көрсету мақсатында   «Мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын балалардың ата-аналарына арналған консультациялық пунктердің қызметі» тақырыбында әдістемелік көмек көрсетілді. Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылмаған балалардың ата-аналарымен жұмысты ұйымдастыру туралы түсінігін қалыптастыру туралы кеңестер берілді. Дөңгелек үстелге 112 педагог қатысты.

Дөңгелек үстел барысында консультациялық пункт қызметінің мақсаттары мен міндеттері қарастырылды. Диагностикалық көмек беру, отбасыларға консультация беру жұмысы мамандарының құрамы бекітіліп, н бекіту, мектепке дейінгі ұйымның сайтына орналастыру, консультациялық пункттің қызметін тіркеу үшін жүргізілетін құжаттамалары;

- сайтқа ілу, жауапты маман есеп беру жүйесімен таныстырылды.

           Жауапты мамандар консультациялық пункттің  тиімді тұстарын атап өтті. Педагогтер тарапынан сұрақтар өрбіп, кері байланыс орнатылды.

https://www.instagram.com/p/DBL0QyhtZNo/?igsh=NTBoajhodG1scGZi

https://www.instagram.com/p/DBOaOZFN86J/?igsh=Mndoejc3ZmJiYzk5

 

 

 

Дата публикации
09 января 2025