Шымкент қаласының білім басқармасы басқармаға қарасты төмендегі мемлекеттік орта, арнайы мектепке дейінгі және арнайы білім беру ұйымдарының басшысы лауазымына КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ.

Мемлекеттік білім беру  ұйымының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары туралы ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы ақпандағы № 57 бұйрығына сәйкес

(Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 19 қарашадағы №568 мен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2021 жылғы 22 қарашадағы №432 бірлескен бұйрығы)

 

 

         Шымкент қаласының білім басқармасы басқармаға қарасты төмендегі мемлекеттік орта, арнайы мектепке дейінгі және арнайы білім беру ұйымдарының басшысы лауазымына КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ.

 

Конкурс жарияланған мекеменің атауы және орналасқан жері:

 

  1. «№73 Ақтас жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемес, Шымкент қаласы, Ә-Фараби ауданы, Ақтас-2, ғимарат №72А;

2."Е.Юсупов атындағы №104 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Юсупова көшесі,  ғимарат №3;

  1. "Ю.Сареми атындағы №107 мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, А.Темур көшесі, ғимарат №262;
  2. "№118 Көкбұлақ жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Шымкент қаласы, Абай ауданы, Көкбұлақ, ғимарат №19;
  3. №19 «Қызғалдақ бөбекжай-балабақшасы» мемелекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Оңтүстік ықшам ауданы, 142 ғимарат;

 

  1. Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының басшылары лауазымына қойылатын біліктілік талаптар:

-жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, оның ішінде соңғы 2 жыл үздіксіз педагогикалық өтілі, басшының орынбасары лауазымында немесе орта білім беру ұйымының басшысы лауазымында кемінде 2 жыл өтілі;

         -немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы; не білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының не "басшы-ұйымдастырушы" немесе "басшы-менеджер" немесе "басшы-көшбасшы" біліктілік санатының болуы.

        -осы тармақтың 2,3-абзацтағы нормаларын қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;

 

Мемлекеттік орта білім беру ұйымдары басшыларының лауазымдық міндеттері:

      -білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына сәйкес және осы біліктілік сипаттамаларына сәйкес басқарады;

       - педагогикалық және әдістемелік кеңеспен бірлесіп мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттың іске асырылуын ұйымдастырады;

        -педагогикалық кеңесті басқарады;

      -мектепті дамыту бағдарламасын, оқу-тәрбие жұмысының жоспарын, оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын, мектепішілік бақылау жоспарын, тәрбие жұмысының жоспарын бекітеді;

      -білім беру ұйымының ғылыми - әдістемелік және материалдық-техникалық базасын қалыптастырады және жетілдіреді;

       -оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді;

       -заманауи ақпараттық технологияларды дамытуды қамтамасыз етеді;

      -қашықтан оқытуды өткізу процесін ұйымдастырады және бақылайды, барлық сыныптар үшін қашықтан оқытудың түзетілген оқу бағдарламасын және сабақ кестесін бекітеді;

       -педагогикалық ұйымдардың, әдістемелік бірлестіктердің, балалар ұйымдарының қызметіне ықпал етеді;

      -білім беру қызметінің құқықтану лицензиясына сәйкес оқушылар, тәрбиеленушілер контингентін қалыптастырады, білім алушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді;

      -жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарындағы тәрбиеленушілердің заңды құқықтары мен мүдделерін (жеке, мүліктік, тұрғын үй, еңбек және өзге де) қорғайды, оларға туыстық байланыстарды қолдау үшін жағдай жасау жөнінде шаралар қабылдайды;

      -Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормаларды ескере отырып, тәрбиеленушілер мен білім алушыларды ұстау және тұру жағдайларын қамтамасыз етеді;

       -оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне жағдайлар жасайды;

      -ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру үшін жағдай жасайды;

      -ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар баланы тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде балалар мен ата-аналарды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;

       -оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту мақсатында оларды тамақпен, (мектеп міндеттемелері шеңберінде медициналық қызмет көрсетумен) қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты және бақылауды ұйымдастырады;

       -білім беру ұйымының мүлкі мен қаражатына заңнамада белгіленген тәртіппен иелік етеді, қаржы қаражатының түсімдері мен жұмсалуы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады;

       -Қамқоршылық кеңес пен ата-аналар қоғамдастығының алдында ұйымның қызметі туралы, оның ішінде қаржылық және материалдық қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады;

       -нормативтік талаптарға сәйкес есепке алуды, оқу-материалдық базаның сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі қағидаларының, санитариялық-гигиеналық режимнің, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларының сақталуына жауап береді;

       -педагогтер мен қосалқы персоналды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады, қызметкерлердің штаттық кестесін және лауазымдық міндеттерін бекітеді, олардың кәсіби құзыреттілігін арттыру үшін жағдай жасайды;

       -компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерген;

      -педагогтерді аттестаттау және біліктілік санатын беру (растау) рәсімін ұйымдастырады;

      -жоғары көрсеткіштері мен жетістіктері бар білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен педагогтерін көтермелеуге ұсынады;

       -педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесті басқарады, педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің ұсынымдарын ескере отырып, өз құзыреті шегінде жаза қолданады;

       -өз құзыреті шегінде мектептің басқа қызметкерлеріне жаза қолданады;

      -жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады, ата-аналармен (оларды ауыстыратын тұлғалармен), қамқоршылық кеңеспен жұмысты үйлестіреді;

      -мемлекеттік және өзге де ұйымдарда білім беру ұйымының атынан өкілдік етеді, есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді;

       -өзінің кәсіби дамуымен жұмыс істейді, оның ішінде менеджмент саласында;

      -білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді;

       -білім беру қызметтерінің сапасына жауап береді.

 

          Мемлекеттік орта білім беру ұйымдары басшылары білуге міндетті:

-Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;

        - педагогика және психология негіздері;

       -мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;

       - педагогикалық этиканың нормалары;

       -менеджмент, қаржы-шаруашылық қызмет негіздері;

      -еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар;

      Мемлекеттік орта білім беру ұйымдары басшыларының лауазымдық жалақы мөлшері: педагогикалық еңбек өтіліне байланысты 152 104 теңгеден  184 491 теңгеге дейін.

 

  1. 2. Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының басшысы (меңгерушісі) лауазымына қойылатын біліктілік талаптар:

        - жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі бес жыл, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымда соңғы екі жыл, ауылдық жерде - үш жыл, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымда соңғы бір жыл;

        немесе бірінші немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог – сарапшы немесе педагог - зерттеуші немесе педагог – шебер біліктілігінің болуы; "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "басшы-ұйымдастырушы" немесе "басшы-менеджер" немесе "басшы-көшбасшы" біліктілік санатының болуы;

      осы тармақтың 3-абзацындағы нормаларын қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде бес жыл;

 

  Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының басшысының (меңгерушісі) лауазымдық міндеттері:

          - нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының (бұдан әрі – МДҰ) қызметін басқарады;

          -педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады;

       -педагогикалық кеңеспен бірлесіп белгіленген тәртіппен оқу жұмыс жоспарларын, қосымша мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларын, оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу мен бекітуді ұйымдастырады, ішкі тәртіп ережелерінің сақталуын бақылайды;

-"Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 17669 болып тіркелген) (бұдан әрі – мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты) бұйрығына сәйкес "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығында көрсетілген мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 14235 болып тіркелген) (бұдан әрі – мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы) іске асырылуын қамтамасыз етеді;

        -тәрбие-білім беру процесі кезінде ұйым тәрбиеленушілері мен қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне жағдайлар жасайды;

        - ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар баланы тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде балалар мен ата-аналарды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;

        -ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру үшін жағдай жасайды;

        - ұйымды басқару құрылымын айқындайды, қаржылық, шаруашылық, ғылыми, әдістемелік және өзге де мәселелерді шешеді;

      -тәрбиеленушілердің контингентін қалыптастырады, олардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етеді;

        - әдістемелік бірлестіктердің қызметіне ықпал етеді;

      -тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау және нығайту, балаларға медициналық қызмет көрсету және тамақтануды ұйымдастыру үшін жағдайларды қамтамасыз етеді;

      -мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының мүлкі мен құралдарына заңнамада белгіленген тәртіппен иелік етеді, қаржы қаражатының түсімдері мен жұмсалуы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады;

       -оқу-материалдық базаның есебін, сақталуын және нығайтылуын, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша санитариялық-гигиеналық режим ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді;

      -жұртшылықпен, ұйымдармен, ата-аналармен (оларды алмастыратын адамдармен) өзара байланысты жүзеге асырады;

      -педагог кадрларды және көмекші қызметшілерді іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді;

       -педагогтердің және басқа да қызметкерлердің біліктілігін арттыру үшін жағдай жасайды;

       -ұйымның қызметі туралы есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.

 

            Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының басшысы (меңгерушісі) білуге міндетті:

-Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы" заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;

         - педагогика және психология, әлеуметтану негіздері;

      - мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;

       - "Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 190 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 20619 болып тіркелген) сәйкес педагогикалық этиканың нормалары (бұдан әрі – педагогикалық этиканың нормалары);

       -"Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №23890 болып тіркелген) сәйкес санитариялық ережелер мен нормалар (бұдан әрі - санитариялық ережелер мен нормалар);

      -компьютерлік сауаттылық, ақпараттық-коммуникациялық технология;

      -экономика, қаржы-шаруашылық қызмет негіздері;

      - еңбек заңнамасының негіздері;

    -ішкі еңбек тәртібі, еңбекті қорғауды, еңбек қауіпсіздігін және өртке қарсы қорғау қағидалары.

 

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының басшысы (меңгерушісі)  лауазымдық жалақы мөлшері: педагогикалық еңбек өтіліне байланысты 90 000 теңгеден 110 000 теңгеге дейін.

 

           Конкурс өткізілетін орын: Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Тыныбаев көшесі,               49 үй, Шымкент қаласының білім басқармасы.

          Конкурсқа қатысу үшін өтініш пен құжаттар осы хабарландыру мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланғаннан кейін:

- Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының басшысы басшысы лауазымына конкурсқа қатысу үшін үміткерлердің құжаттары Халыққа қызмет көрсету орталығының бөлімшелері немесе www.egov.kz порталы арқылы қабылданады.

 

           Құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

           Ескерту: Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының басшысының бос орны лауазымына қосымша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығында атап көрсетілген біліктілік талаптары да ескерілетін болады.

     Мемлекеттік орта және арнайы білім беру ұйымының басшысы лауазымына орналасуға қажетті құжаттар тізбесі:

  • осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
  • жеке басты куәландыратын құжаты не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаттың көшірмесі (сәйкестендіру үшін);

       3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы және фото;

       4) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі (ЖОО жеке үлгісіндегі құжат);

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

       6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы»  бұйрығымен  бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

        7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

        8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

        9) біліктілік тестілеу сертификаты;

10) Білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары.

11) Түйіндеме

 

          Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың көшірмелері жұмыс орнының кадр қызметі немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері тарапынан куәландырылады.

Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаса, кандидаттың конкурсқа қатысу үшін берген құжаттарын қабылдаудан бас тартылады.

            Кандидат конкурсқа қатысу үшін білім беруді басқару органының қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды ұсынуға құқылы.

            Конкурстық комиссияның отырысына байқаушылар қатысатын болады.

            Ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефоны: 87782790988, электронды адрес: goo_shymkent2006@mail.ru

 

Шымкент қаласының білім басқармасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларына 5-қосымша

 

Нысан

 

________________________________
конкурс жариялаған мемлекеттік орган

____________________________________________________________________
кандидаттың Т.Ә.А. (болған жағдайда), ЖСН

____________________________________________________________________                             (лауазымы, жұмыс орны)

________________________________________________________________________________________________________________________________________

Нақты тұратын жері, тіркелген мекенжайы, байланыс телефондары.

 

Өтініш

 

Мені _________________________________ бос лауазымына/уақытша

(білім беру ұйымының атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала/ауыл)

бос лауазымына (керегінің астын сызу керек) орналасуға арналған конкурсқа қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

Қазіргі уақытта _________________________________ жұмыс жасаймын.

(лауазымы, білім беру ұйымының атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала/ауыл)

Тестілеуді тапсыру тілі: қазақ/орыс

                                     керегінің астын сызу керек


Конкурс қағидаларымен таныстым:

Білімі: жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, техникалық және кәсіптік білім

 

Оқу орнының атауы

Оқу кезеңі

Диплом бойынша мамандық

 





Біліктілік санатының бар болуы (бар болса берілген (расталған) күні):

____________________________________________________________________

 

Жұмыс өтілі:

Жалпы

Педагогикалық

Мемлекеттік қызмет өтілі

Мамандық бойынша (кәсіпкерлік субъектілерінің мамандары үшін)

Осы білім беру ұйымында, оның ішінде атқаратын лауазымында

 



 

 

 

 

Келесі жұмыс нәтижелерін негізге аламын: ____ _

Наградалары, атағы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, сондай-ақ қосымша мәліметтер (бар болса)__________________________________

Мен дербес деректерді өңдеу мақсаттарына сәйкес келетін кез келген заңды тәсілдермен менің дербес деректерімді мерзімсіз өңдеуге (фото, бейне және бейне көрсетілімдерді, оның ішінде автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып немесе осындай құралдарды пайдаланбай дербес деректердің ақпараттық жүйелерінде пайдалану үшін) келісемін.

Тестілеу өтетін ғимаратта тыйым салынған заттардың бірін пайдаланғаны үшін жауапкершілік туралы, тиісті акт жасалып, шығарылатыны туралы ескертілді.

Тыйым салынған зат табылған жағдайда бір жыл мерзімге тестілеуден өту құқығынан айырылатыным туралы ескертілді.

Ұлттық біліктілік тестілеуін өткізу кезінде, сондай-ақ бейне жазбаны қарау кезінде қағидаларды бұзу фактілері анықталған жағдайда, тапсыру мерзіміне қарамастан акт жасалатыны және нәтижелердің күші жойылатыны ескертілді.

Тыйым салынған заттар:

- ұялы байланыс құралдары (пейджер, ұялы телефондар, планшеттер, iPad (Айпад), iPod (Айпод), iPhone (Айфон), SmartPhone (Смартфон), Смартсағаттар);

- ноутбуктер, плейерлер, модемдер (мобильді роутерлер);

- радио-электрондық байланыстың кез келген түрлері (Wi-Fi (Вай-фай), Bluetooth (Блютуз), Dect (Дект), 3G (3 Джи), 4G (4 Джи); 5G (5 Джи);

- сымды және сымсыз құлаққаптар және басқалары;

- шпаргалкалар мен оқу-әдістемелік әдебиеттер;

- калькуляторлар мен түзету сұйықтығы.

Келісемін ________________________________________________

(Т.А.Ә. (болған жағдайда))             (қолы)

Тестілеуді және конкурс өткізу қағидаларымен таныстым.

20___жылғы «____» ______________ ____________________
                                                                                                              /қолы /

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Білім мекемелерінің басшыларына конкурс
Дата публикации
08 сентября 2023