«Мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысы мен педагогін қоспағанда, азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1017 бұйрығына сәйкес
Шымкент қаласының білім басқармасы басқармаға қарасты төмендегі
әдістемелік орталық басшыларының бос лауазымына
КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ.
Конкурс жарияланған мекеменің атауы және орналасқан жері:
Әдістемелік орталық басшыларының лауазымдық міндеттері:
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес кабинет (орталық) қызметінің барлық бағыттарына жалпы басшылықты жүзеге асырады;
штаттық кестені анықтайды және бекітеді;
даму стратегиясын, мақсаты мен міндеттерін айқындайды, кабинеттің (орталықтың) даму бағдарламаларын әзірлеуді, бекітуді және орындауды, ішкі еңбек тәртібінің қағидаларын ұйымдастырады;
бюджет қаражатын ұтымды пайдалануды қамтамасыз етеді;
кабинеттің (орталықтың) мүлкі мен қаражатына заңнамада белгіленген тәртіппен иелік етеді, қаржы қаражатының түсімдері мен жұмсалуы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады;
оқу-материалдық базаның есебін, сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді;
республикада және шетелде қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылды ұйымдастырады;
кадрларды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады;
қызметкерлердің лауазымдық міндеттерін анықтайды, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды;
қызметкерлердің шығармашылық бастамасын көтермелейді және ынталандырады;
компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерген;
кабинеттің (орталықтың) оқу-әдістемелік (ғылыми-әдістемелік, сараптамалық кеңестердің), педагогтердің әдістемелік бірлестіктерінің, пән педагогтері қауымдастықтарының жұмысына басшылық етеді;
педагогикалық шеберлікті арттыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді;
педагогтер мен білім беру ұйымдарының оқу және әдістемелік жұмысының озық тәжірибесін жинақтайды және насихаттайды. Есепке алуды жүргізеді және атқарылған жұмыс;
өткізілетін іс-шаралардың сапасын бақылайды;
әдіскерлер мен мамандар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаларын бойына сіңіреді;
есептерді дайындау мен ұсынуды қамтамасыз етеді.
Әдістемелік орталық басшылары білуге міндетті:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;
педагогика және психология негіздері;
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері, қаржы-шаруашылық қызметінің нормалары;
педагогикалық этиканың нормалары;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.
Әдістемелік орталық басшыларының лауазымына қойылатын біліктілік талаптары:
облыс, республикалық маңызы бар қалалар деңгейінде:
жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім, педагогикалық жұмыс өтілі 7 жылдан кем емес;
"үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "білім беру ұйымы" бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары не "ұйымдастырушы-басшы" немесе "басшы-менеджер" немесе "көшбасшы-басшы" біліктілік санатының болуы;
Лауазымдық жалақы мөлшері: педагогикалық еңбек өтіліне байланысты 192189 теңгеден 233600 теңгеге дейін.
Конкурс өткізілетін орын: Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Тыныбаев көшесі 49, Шымкент қаласының білім басқармасы.
Конкурсқа қатысу үшін өтініш пен құжаттар осы хабарландыру мемлекеттік және орыс тілдерінде хабарландырудың жарияланымынан кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап күнтізбелік 15 күннің ішінде мына мекен-жайға тапсыруы тиіс: Шымкент қаласы, Тыныбаев көшесі, 49 ғимарат, 115 бөлме, Шымкент қаласының білім басқармасы.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдайтын мерзімде ұйымға қолма-қол мынадай құжаттарды:
1) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтінішті;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
3) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелерін;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін;
6) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтаманы ұсынады.
Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың көшірмелері жұмыс орнының кадр қызметі тарапынан куәландырылады.
Көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.
Кандидат конкурсқа қатысу үшін білім беруді басқару органының қарауына өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже мен атақ беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдарды) ұсынады.
Ескерту: Азаматтық қызметке тұру кезінде, ол адам сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама ұсынады.
Ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефоны: 53-90-69, 87782790988, электронды адрес: goo_shymkent2006@mail.ru
Шымкент қаласының білім басқармасы