Шымкент қаласы бойынша қашықтықтан оқытуформатында білім беру жағдайы туралы

Шымкент қаласы бойынша қашықтықтан оқытуформатында  білім беру жағдайы  туралы М Ә Л І М Е Т

20-24.04.2020 жыл  

  1. Жалпы білім беретін мектептер

Шымкент қаласында жалпы 172 мектепте 222 037 оқушы білім алуда. 

Оқушылардың 96,7%-ы электронды құрылғылармен яғни, компьютер, смартфон, планшет т.б жабдықталған (214 613 оқушы), қалған 3,3%-ы 7 424 оқушының телеарналар арқылы білім алу мүмкіндігі  бар.

Бүгінгі таңда  мектеп оқушылары  толығымен қашықтықтан білім беру жүйесімен қамтылды.

Барлық 17 253 мұғалім электронды құрылғылар мен интернет желісімен қамтамасыз етілген.

 Оқушылардың қашықтықтан білім алу мүмкіндіктерін пайдалану көрсеткіші:

          (оқушы мүмкіндігіне қарай әр пәннен кезкелгенін таңдай алады).

  1. Телеарналарда –19 780 (8,9%) оқушы білім алуда.

(«Балапан»-қазақ сынып-ы, «Еларна»-орыс сынып-ы. 13.04.2020 ж бастап, «Қазақстан»ұлттық телеарнасы).

  1. Интернет платформаларда- 202 257(91,1%) оқушы білім алған.

(«Bilimland.kz», «Дарын Онлайн» т.б білім ресурстары).

Daryn.online платформасында ағымдағы аптада 60139 қаралым болып, 22636 қатысушы жұмыс жүргізді.

Bilimland.kz платформасында сабақтың қаралымы – 60976, қатысушылар саны – 115000. Екі платформада да оқушы белсенділігі –           1 орын, мұғалім белсенділігі – 2 орында.

Барлық мұғалімдер оқушылармен «WhatsApp» мессенджері кері байланыс жасауда.

166 (96,5 %) мектеп «Күнделік  КZ» - 96,5%, 6 мектепте «І mektep» электронды журналдарымен жұмыс жүргізу 98%-ға жоғарылады.

Қорыта келе: оқушылардың электронды журналмен жұмыс белсенділігі -  88,12%, мұғалімдер белсенділігі - 94,68% және ата-аналар белсенділігі - 86,56%, жалпы журналмен жұмыс - 93,75%.

 

Шымкент қаласы бойынша қашықтықтан оқытуформатында білім беру жағдайы туралы
Дата публикации
26 апреля 2020