Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына (жаңа редакцияда ҚР Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 25 ақпандағы №32 бұйрығы), Шымкент қаласы білім басқармасының аттестаттау комиссиясының шешіміне сәйкес, 2025–2026 оқу жылындағы аттестаттау нәтижелері бойынша педагогтер мен әдіскерлердің біліктілік санаттарын беру, растау және қолданыстағы санаттарын сақтау туралы тиісті бұйрықтар тізбесі жарияланды.
Бұйрықтар тізімі (құжаттарды жүктеу бөлімінде):
1. 2026 жылғы 6 қазандағы № 750 н/қ бұйрық –Білім беру ұйымдарының педагогтеріне және орталық әдіскерлеріне «Педагог-сарапшы» біліктілік санатын беру (растау) туралы;
2. 2026 жылғы 6 қазандағы № 751 н/қ бұйрық – «Педагог-модератор» біліктілік санатын беру туралы;
3. 2026 жылғы 6 қазандағы № 752 н/қ бұйрық – «Педагог» біліктілік санатын беру туралы;
4. 2026 жылғы 6 қазандағы № 753 н/қ бұйрық – Білім беру ұйымдарының педагогтері мен орталық әдіскерлерінің қолданыстағы біліктілік санаттарын қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін сақтау туралы.