ХАБАРЛАНДЫРУ

«Қазақстан Республикасының колледждерінің үздік 100 студенті» республикалық кезеңі конкурсының комиссиясына кандидаттарды ұсыну бойынша өтініштер қабылданатынын хабарлаймыз. 

Осыған байланысты 2026 жылдың 15 маусымға дейін akkanat_0889@mail.ru поштасына келесі құжаттарды ұсынуыңызды сұраймыз. Конкурстық комиссия құрамына енгізілуге үміткер кандидаттарға келесі талаптар қойылады:


1. Тиісті салада кәсіби тәжірибеге ие болу (мамандық бейіні бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс).
2. Біліктілік деңгейіне ие болу:  педагогтер үшін (санаты): педагогтер үшін: педагог-шебер, педагог-зерттеуші, педагог-сарапшы, педагог-модератор, педагог.  жұмыс берушілер, серіктес ұйымдар, сондай-ақ үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар өкілдері үшін (лауазымы): ұйым басшысы / басшының орынбасары, бөлім / департамент / филиал басшысы, бас маман / жетекші сарапшы, маман / сарапшы / менеджер.
1. Конкурстарға қатысу тәжірибесінің болуы (соңғы 5 жыл ішінде).
2. Жасанды интеллект саласындағы немесе IT-жобаларды / startup-жобаларды/ әлеуметтік-практикалық жобаларды іске асыру тәжірибесінің болуы (соңғы 5 жылда). Іріктеу кезінде ескерілетін қосымша артықшылықтар:
1. Марапаттардың болуы.

@talap.edu.kz
@oqu_agartu_ministrligi

Дата публикации
09 июня 2026