Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Жалпы орта білім беру

 

Шымкент  қаласында мектептер саны  – 245, оқушы саны –249 748. (мемлекеттік -150 – 214 085, жекеменшік – 95 – 35 663).

Кешкі мектеп – 3, оқушы – 872, мамандандырылған мектеп – 6, оқушы саны – 6 163,  арнаулы мектеп-интернат – 5, оқушы – 824, жекем. – 95, оқушы – 35 663); қосымша білім беру мекемелері – 9, бала саны – 19 058; арнайы мекемелер саны  - 10.

Бүгінгі таңда, басқармаға қарасты мемлекеттік мектептердің 150-і, яғни 100% типтік ғимаратта орналасқан.

Компьютермен қамту:

Бүгінгі таңда Шымкент қаласының мектептеріндегі жалпы компьютерлік құрылғылар саны – 56 746 дана (компьютер – 24 029, ноутбук – 28 516, планшет – 4 201).

Шымкент қаласында білім алушыларға онлайн форматында қалыпты жағдайда білім беру мақсатында 2020 жылдың өзінде 47 330 компьютерлік құрылғылар сатып алынған (компьютер – 18 413, ноутбук – 24 716, планшет – 4 201).

Бүгінгі таңда қала бойынша мектептерде орта есеппен 1 компьютерге келетін оқушы саны 4-ті құрайды (бұған дейін 27 оқушыға 1 компьютерден келетін болағын).

Оқу процесінде қолданылатын Қазақстандық онлайн білім беру платформаларының саны 8-ге жеткен. Атап айтқанда,

Kundelik.kz – оқушылар күнделіктері мен жүйедегі бейнесабақтарды көре алады, ал ата-аналар өз балаларының бағаларын, сабақ кестесі мен қатысуын бақылай алатын электронды жүйе. Электрондық жүйеде жалпы орта білім беру ұйымдары тіркеліп, жұмыс жасайды.

Bilimland.kz – барлық пән бойынша дайын сабақ контенттері мен бейне сабақтар, цифрлық зертхана, ҰБТ-ға дайындық платформасы қамтылған экожүйе. Жүйе екі тілдегі құрылған контенттерден тұрады.

Daryn.online.kz – пәндер бойынша оқыту контенттерден тұрады. Жүйеде екі тілде сабақ жүйелері құрастырылған.

EduPage – сабақ үдерісінің дайын шаблондары мен сабақ бағдарлама-лары қамтылған цифрлық білім беру платформасы.

EduCon.kz, Tester.kz – тестілеу арқылы оқушының нәтижесіне талдау жасау.

BilimCenter, AmanSultan – оқушылардың халықаралық зерттеуге дайындық жұмыстарын пысықтауға арналған платформа.

Қолданыстағы білім беру платформаларын мектептер белгілі бір мерзімге келісімшарттар мен төлемдер жасау арқылы өздері таңдайды.         

Цифрлық білім беру платформалары үй тапсырмасын беру, оқу процесінде пәндер бойынша  көрнекіліктер, зертханалық жұмыстар арқылы тәжірибелердің мәнін түсіндіру мен ұсынудың қол жетімділігін арттыру бойынша қолданылады.

Қосымша білім беру. Қаладағы 9 қосымша білім беру ұйымдарында 19 058 бала түрлі үйірмелер мен секцияларға қамтылған. Одан бөлек, қаладағы 21 спорт мектептерінде 15 561 бала, 5 спорттық клубтарында 2854 бала қамтылуда.

Басқармаға қарасты 150 мектепте 151 763 оқушы (60,8%) мектеп жанындағы үйірмелерде және 99 328 оқушы (39,8%) мектеп жанындағы спорттық секциялармен  қамтылған.

Документы
Хабарландыру
16 октября 2026
"Шымкент қаласының білім басқармасы" КММ
Білім мекемелерінің басшыларына конкурс
Бұйрық
07 октября 2026
"Шымкент қаласының білім басқармасы" КММ
2025–2026 оқу жылындағы аттестаттау нәтижелері бойынша педагогтер мен әдіскерлердің біліктілік санаттарын беру, растау және қолданыстағы санаттарын сақтау туралы
Хаттама
29 сентября 2026
"Шымкент қаласының білім басқармасы" КММ
Шымкент қаласының білім басқармасының жекеменшік психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттеріне мониторинг хаттамасы
Новости
Полезные материалы
Жалпы орта білім беру
Медиагалерея
1
Бірінші сыныпқа өтініштерді қабылдау 31 тамызға дейін жалғасады.
1
«DIGITAL KAZAKHSTAN: ЖАҢА ЗАМАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ» тақырыбында педагогтердің қалалық тамыз кеңесі өтті
События
01 апреля
Оқушылар назарына!
12 августа
ШЫМКЕНТТЕ МЕКТЕП ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТЕДІ
01 апреля
Хабарландыру
Реализуемые проекты
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы
Перейти
Услуги
Организации
"Шымкент қаласының білім басқармасы" КММ
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Facebook
Instagram
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы