GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Басқарма туралы
Байланыс ақпараты
Қызметі
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Все материалы
19 октября 2026
«БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР: ПСИХОЛОГ ПЕН ОТБАСЫНЫҢ ӨЗАРА ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ»

Шымкент қаласының балалар құқығын қорғау басқармасының «Психологиялық қолдау орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен, балалардың ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыру, тарихи мұраға қызығушылығын ояту және психологиялық қабілеттерін дамыту мақсатында, тарихи-өлкетану мұражайында танымдық-психологиялық экскурсия ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында балалар еліміздің ұлттық мұраларымен танысып, «Зерек бала» бағдарламасы аясында «Шекемтас», «Шертпек», «Қазандық» ойындарына қатысты.Ұлттық ойындар арқылы балалардың зейіні, есте сақтау қабілеті, ептілігі мен ойлау дағдылары дамып, достыққа, ұйымшылдыққа, өзара сыйластыққа және ұлттық мұраны құрметтеуге дәріптелді.Іс-шара соңында балалар «Көңіл-күйіңді таңда!» психологиялық кері байланысы арқылы өз әсерлерімен бөлісіп, «Кішкентай музей саяхатшылары» төсбелгісімен марапатталды.

Экскурсияға бірнеше балабақшалардың педагог-психологтары (№126 «Шұғыла» балабақшасынан Ш.Р.Хайруллаева, Л.Р.Шарахметова, №46 «Ақбөпе» балабақшасынан М.Д.Мынбаева, №21 «Ертарғын» балабақшасынан У.М.Салбаева, №30 «Алпамыс» балабақшасынан Ж.Л.Рустемова) қатысты.

Ұлттық тәрбие – ұрпақ болашағының негізі. Бала бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру – отбасы мен педагогтардың ортақ міндеті. Бірлесе атқарған жұмыс балалардың рухани дамуына, ұлттық санасының қалыптасуына және жарқын болашағына жол ашады!

«Тарихын таныған бала – тамырын таныған бала!»

 

15 октября 2026
«ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА СУИЦИДТІҢ АЛДЫН АЛУ: ЕРТЕ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ТИІМДІ ҚОЛДАУ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

«Жасөспірімдер арасында суицидтің алдын алу: Ерте анықтау және тиімді қолдау» тақырыбында дөңгелек үстел

Шымкент қаласының балалар құқығын қорғау басқармасының «Психологиялық қолдау орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен, жасөспірімдердің психологиялық саулығын сақтау, өмірге деген құндылықтарын нығайту және суицидтік мінез-құлықтың алдын алу мақсатында, «Жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу: ерте анықтау және тиімді қолдау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шара барысында суицидтік қауіптің ерте белгілерін анықтау, жасөспірімдердің эмоционалдық жағдайына назар аудару және оларға дер кезінде психологиялық қолдау көрсету мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, балалардың мінез-құлқындағы өзгерістерді дер кезінде байқау, сенімді қарым-қатынас орнату және ата-аналар, педагогтар мен психологтар арасындағы өзара ынтымақтастықтың маңыздылығы аталды.

Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – жасөспірімдерге көрсетілетін психологиялық көмектің тиімділігін арттыру, алдын алу шараларын жетілдіру және балалар үшін қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыру.

Әрбір бала тыңдауға, түсіністікке және қолдауға лайық. Балаға қолдау көрсету – оның болашағына қамқорлық жасау!

14 октября 2026
АҚШ ТӨРІНДЕ КӨК ТУЫМЫЗ КӨККЕ КӨТЕРІЛДІ!

АҚШ төрінде көк туымыз желбіреді!

Бір әлемдік додада екі бірдей балуанымыз жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Юсуф Ашрапов пен Айбек Айтбеков 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алып, Қазақстанның мерейін асырды! Айбек Айтбеков Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім алса, Юсуф Ашрапов М. Х. Дулати атындағы Тараз университетінің студенті. Қос чемпион ел намысын абыроймен қорғады. Жеңіс тұғырындағы чемпионға қарап, спортқа қадам басатын студенттер көбейсін. Қазақстандық жастардың есімі ғылымда да, білімде де, спортта да таныла берсін! Юсуф Ашрапов пен Айбек Айтбековті, олардың жаттықтырушыларын және жақындарын әлем чемпионатындағы жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!

13 октября 2026
Шымкент қаласының балалар құқығын қорғау басқармасының "Қорғаншылық және қамқоршылық орталығы" КММ Шымкент қаласының Полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесе түнгі рейд жұмыстары жүргізілді

Шымкент қаласының балалар құқығын қорғау басқармасының "Қорғаншылық және қамқоршылық орталығы" КММ қызметкерлері Шымкент қаласының Полиция департаментінің және аудандық полиция басқармаларының қызметкерлерімен бірлесіп, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуының алдын алу мақсатында, қала бойынша ойын-сауық мекемелеріне және тұрғынжайдан тыс жерлерге рейдтік іс-шаралар өткізді. Рейдтік іс-шаралар барысында 4 кәмелетке толмаған бала анықталды. Аталған кәмелетке толмаған балалардың заңды өкілдеріне әкімшілік айыппұл салынды.

Ата-аналар назарына! Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442 бабына сәйкес, 

1. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруіңсіз сағат 22.00-06.00-ге дейін ойын-сауық мекемелерінде болуы - заңды өкілдеріне үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп сағады;

2. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23.00-06.00-ге дейін болуы заңды өкіліне ескерту жасауға әкеп соғады; 3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қарастырылды

08 октября 2026
ШЫМКЕНТТЕ «CHESS BALAPAN» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ШАХМАТ ТУРНИРІ ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ «CHESS BALAPAN» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ШАХМАТ ТУРНИРІ ӨТТІ

Шымкент қаласы балалар құқығын қорғау басқармасының «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығы» КММ-де (бұдан әрі – орталық) «CHESS BALAPAN» республикалық шахмат турнирі өтті.

Іс-шара орталық тәрбиеленушілерінің шахмат ойынына деген қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту және бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында өткізілді.

Турнир барысында тәрбиеленушілер өздерінің ойлау қабілеті мен шеберліктерін сынап, тартысты әрі қызықты ойын көрсетті.

Ұлдар арасында:

  • Загидуллин Самир – І орын;
  • Наркулов Бекнұр – ІІ орын;
  • Усманов Шерзатбек – ІІІ орын.

Қыздар арасында:

  • Байтуова Тоғжан – І орын;
  • Кенесары Фариза – ІІ орын;
  • Тузербаева Назерке – ІІІ орын.

Турнирге демеушілік жасап, тәрбиеленушілерге қолдау көрсеткен «ForteBank» АҚ-на алғысымызды білдіреміз!

Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!

Әрбір ойында – сабыр, әрбір жүрісте – стратегия, әрбір жеңісте – еңбек бар. Тәрбиеленушілерімізге алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындырып, жаңа жеңістерге жете берулерін тілейміз!

08 сентября 2026
ШЫМКЕНТТЕ БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ БАСТЫ НАЗАРДА

Шымкент қаласы әкімінің 2026 жылғы 19 мамырдағы №2215 қаулысына сәйкес Балалар құқықтарын қорғау басқармасы құрылды. Басқарманың негізгі міндеттерінің бірі – балалардың құқықтарын қорғау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және заңды мүдделерін сақтау.
Жазғы демалыс кезеңінде балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері басқарманың ерекше бақылауында болады.
2026 жылы Шымкент қаласындағы жалпы орта білім беру ұйымдарының 1–10 сыныптарында білім алатын 262 790 оқушының жазғы демалысын ұйымдастыру жоспарланған. Оның ішінде 245 753 оқушы немесе 93,5 пайызы түрлі сауықтыру, танымдық, мәдени-көпшілік және тәрбиелік іс-шаралармен қамтылатын болады.
Жазғы демалысты ұйымдастыру барысында мемлекеттік қолдауды қажет ететін отбасылардан шыққан балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көпбалалы, толық емес және аз қамтылған отбасылардың балаларына басымдық беріледі.
Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының 124 тәрбиеленушісі жазғы демалысын Түркістан облысы, Түлкібас ауданындағы «Көктөбе» жазғы сауықтыру лагерінде өткізеді. Лагерь мемлекеттік сатып алу конкурсының қорытындысы бойынша анықталған.
Балалардың құқықтарын қорғау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жазғы демалыс кезеңінде құқық бұзушылықтардың, зорлық-зомбылықтың, қатыгездік көрсетудің, қараусыз қалдырудың және өзге де заңсыз әрекеттердің алдын алу жұмыстары күшейтіледі.
Балалардың құқықтарының бұзылуы немесе олардың қауіпсіздігіне қауіп төндіретін жағдайлар туралы ақпарат белгілі болған жағдайда азаматтар келесі байланыс арналарына хабарласа алады:
* 111 – Отбасы, әйелдер және балалар мәселелері жөніндегі байланыс орталығы (тәулік бойы);
* 1310 – Психологиялық қолдау қызметі;
* 102 – Полиция органдарының жедел желісі;
* 103 – Жедел медициналық жәрдем қызметі.

Социальные сети
Меню подвал