GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Әкім аппараты
Қызметі
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Все материалы
07 октября 2026
ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА ҮЛГІ

ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА ҮЛГІ

Халықаралық қарттар күніне орай тыл ардагерлерінің шаңырақтарына арнайы барып, мерекемен құттықтадым. Атап айтқанда, Кималхан Шайбеков, Аманкүл Байбосынова, Нина Куприянова және Махсуда Усманованың үйлерінде болып, ізгі тілегімді білдіріп, естелік сыйлықтар табыстадым.

Кездесу барысында ардагерлермен әңгімелесіп, олардың өнегелі өмір жолы мен ел игілігі жолындағы еңбектеріне алғысымды білдірдім. Аға буынның қажырлы еңбегі, өмірлік тәжірибесі мен тағылымы – кейінгі ұрпақ үшін әрдайым үлкен үлгі.

Қарияларымызға құрмет көрсету – баршамызға ортақ парыз. Ардагерлерімізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен бақ-береке тілеймін. Қарттарымыз әрдайым ортамыздың берекесі болып, ұрпақтарының қызығын көре берсін!

07 октября 2026
Бүгін аудан тұрғындарымен жеке қабылдау өткізіп, олардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдадым.

Бүгін аудан тұрғындарымен жеке қабылдау өткізіп, олардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдадым.

Қабылдау барысында жер мәселесі, санитарлық тазалық, әлеуметтік көмек, аяқжол салу, абаттандыру мәселелері және өзге де тұрғындарды алаңдатқан ұсыныстар көтерілді.

Тұрғындар тарапынан айтылған барлық өтініштер назарға алынып, тиісті сала мамандарына жолданды. Әрбір мәселе бойынша жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар беріліп, орындалуы бақылауға алынды.

Тұрғындардың өтініштері мен көтерген мәселелерін шешу – басты назарымызда. Халықпен ашық диалог орнатып, әрбір ұсыныс бойынша нақты жұмыс жүргізу жалғаса береді.

07 октября 2026
АУДАН АУМАҒЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ТҰРАҚТЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

АУДАН АУМАҒЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ТҰРАҚТЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Әл-Фараби ауданы аумағында санитарлық тазалықты сақтау бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде. Көшелер, аулалар мен қоғамдық орындарда қоқыстарды жинау, аумақтарды сыпыру және тазалау жұмыстары атқарылуда.

Жұмыстардың негізгі мақсаты – ауданның санитарлық жағдайын жақсарту, қоршаған ортаның тазалығын сақтау және тұрғындарға таза әрі жайлы орта қалыптастыру.

18 сентября 2026
Тазалық – ортақ міндет

Тазалық – ортақ міндет

Әл-Фараби ауданы, 17 шағын аудан, 16А мекенжайы бойынша сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.

Сенбілік барысында аумақтың санитарлық тазалығы қамтамасыз етіліп, қоқыстар жиналып, айналасы ретке келтірілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – аудан аумағының тазалығын сақтау, абаттандыру жұмыстарын жүйелі жүргізу және тұрғындар арасында қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыру.

Таза әрі көрікті қала қалыптастыру – баршамызға ортақ міндет!

18 сентября 2026
ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНДЕ ЗАҢНАМА ЖАҢАШЫЛДЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНДЕ ЗАҢНАМА ЖАҢАШЫЛДЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

🔷 Бүгін «Мемлекеттік қызмет туралы» және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру бойынша кездесу өтті.

🔷 Кездесуге ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Қ.Қадырбеков пен қала әкімінің әдеп жөніндегі уәкілі М. Акишев қатысты.

🔷 Спикерлер жеке мүдде, мүдделер қақтығысы, әдеп нормаларын сақтау, лудомания және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің тәртібін кеңінен түсіндіріп, нақты кейстерді талқылады.

🔷 Жиын соңында қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, пікір алмасты.

18 сентября 2026
ШЫМКЕНТТЕ УЛЫ ГАЗДАН УЛАНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

ШЫМКЕНТТЕ УЛЫ ГАЗДАН УЛАНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
«Өрт қауіпсіздігі» акциясы аясында Әл-Фараби ауданы, Ескі қала шағын ауданында тұрғындар арасында профилактикалық іс-шара өткізілді.
🚒 Іс-шараға Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының мамандары, Шымкент қаласы ТЖД қызметкерлері, қалалық газ техникалық қызмет мамандары қатысты.
📌 Тұрғынға өрт қауіпсіздігі, электр құралдарын қауіпсіз пайдалану, газ және жылыту қондырғыларын дұрыс қолдану бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
⚠️ Улы газдан уланудың негізгі себептері мен оның алдын алу жолдары түсіндіріліп, демеушілер есебінен 5 тұрғын үйге газ дабылы орнатылды.
дабылқаққыштары орнатылды.
Газ дабылқаққышы – адам өмірі мен қауіпсіздігін сақтауға бағытталған маңызды құрылғы. Әр тұрғын газ құрылғыларын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауы қажет. 🚨
📄 Тұрғындарға қауіпсіздік талаптары жазылған жадынамалар таратылды.
☎️ Өрт немесе төтенше жағдай болған жағдайда 101 немесе 112 нөміріне хабарласыңыз!

18 сентября 2026
Бүгін аудан тұрғындарымен жеке қабылдау өткізіп, олардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдадым.

Бүгін аудан тұрғындарымен жеке қабылдау өткізіп, олардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдадым.

Қабылдау барысында тұрғын үй құжаттарын заңдастыру, кәріз жүйесін ретке келтіру, санитарлық тазалық, әлеуметтік мәселелер және өзге де тұрғындарды алаңдатқан ұсыныстар көтерілді.

Тұрғындар тарапынан айтылған барлық өтініштер назарға алынып, тиісті сала мамандарына жолданды. Әрбір мәселе бойынша жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар беріліп, орындалуы бақылауға алынды.

Тұрғындардың өтініштері мен көтерген мәселелерін шешу – басты назарымызда. Халықпен ашық диалог орнатып, әрбір ұсыныс бойынша нақты жұмыс жүргізу жалғаса береді.

18 сентября 2026
АЗАМАТТАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІ – БАСТЫ НАЗАРДА

АЗАМАТТАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІ – БАСТЫ НАЗАРДА
Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданында тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдауға бағытталған қоғамдық қабылдау өтті. «Әділет» партиясы Әл-Фараби аудандық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудан әкімінің орынбасары Расулбеков Есенғали Райсбекович азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдау барысында тұрғындар өздерін алаңдатқан бірқатар мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, инфрақұрылымды дамыту, әлеуметтік қолдау көрсету, денсаулық сақтау, білім беру және діни мәселелер бойынша ұсыныстар мен өтініштер айтылды.

Әрбір азаматтың мәселесі жеке қаралып, қолданыстағы заңнама аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Тұрғындарға тиісті мемлекеттік органдар мен жауапты мекемелердің құзыреті туралы ақпарат беріліп, көтерілген мәселелерді шешу жолдары қарастырылды.

Қоғамдық қабылдау – халық пен мемлекеттік органдар арасындағы ашық байланысты нығайтудың маңызды тетіктерінің бірі. Мұндай кездесулер азаматтардың өз мәселесін тікелей жеткізіп, нақты жауап алуына мүмкіндік береді.

Кездесу барысында айтылған өтініштер назарға алынып, тиісті бағыттар бойынша жұмыстар жүргізу тапсырылды. Сонымен қатар тұрғындардың ұсыныстарын жүйелі түрде қарау және олардың шешілу барысын бақылауда ұстау қажеттігін атап өтті.

18 сентября 2026
Көшпелі кездесу: тұрғындардың ұсыныстары назарға алынды

Көшпелі кездесу: тұрғындардың ұсыныстары назарға алынды

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің Әл-Фараби ауданындағы кезекті көшпелі кездесуі өтті. Кездесу барысында қала басшысы 17 шағынаудан, City Park саябағы, Молдағұлов көшесі, №6 көпқабатты тұрғын үй ауласы және Ескі қала аумағында болып, тұрғындармен жүздесті.

Кездесу барысында азаматтарды әлеуметтік қолдау, кәсіпкерлік нысандарының жұмысы, қаңғыбас жануарларды аулау, сумен жабдықтау және су бұру жүйелері, қоқысты жинау және шығару, балалар мен спорт алаңдарын абаттандыру мәселелері көтерілді.

Сонымен қатар қоғамдық тәртіпті сақтау, түнгі уақытта тыныштықты бұзу жағдайларының алдын алу, сондай-ақ көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларына қосымша бейнебақылау камераларын орнату мәселелері де талқыланды.

Кездесу барысында тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер тиісті сала мамандарына жолданып, олардың шешілуі бақылауға алынды.

Тұрғындармен тікелей байланыс орнату, көтерілген мәселелерді зерделеу және оларды кезең-кезеңімен шешу – аудан аумағында қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастырудың маңызды бағыты.

03 сентября 2026
ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ: АЗАМАТТАРДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ:
АЗАМАТТАРДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

Бүгін, Әл-Фараби ауданы тұрғындарының арыз-шағымдарын тыңдау мақсатында жоспарлы қабылдау өткіздім. Қабылдауға келген азаматтар әлеуметтік көмек көрсету, кәріз жүйесі, су, тұрғын үй және өзге де маңызды мәселелер бойынша өтініштерін жеткізді.

Әрбір азамат мұқият тыңдалып, мәселелерді шешу мақсатында нақты тапсырмалар жүктелді. Алдағы уақытта да тұрғындардың әрбір сұраныстары қарастырылып, қажетті шешімдердің орындалуы тұрақты түрде бақылауда болады.

Социальные сети
Instagram
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы