
Кезекті сенбілікте аудан тұрғындары, әӘл-Фараби» КММ, «Таза өлке» ЖШС және Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері өз үлестерін қосып, ат салысты. Іс-шара барысында ирригациялық жүйелерді, көше бойын, аулаларды тазалау жұмыстары жүргізілді. Жалпы санитарлық тазалық іс-шарасына 10 арнайы техника, 250-ге жуық адам жұмылдырылып, 10 тонна қоқыс шығарылды.