Меню

Страницы

Статья

Әлеуметтік қорғау

Әлеуметтік қорғау-қолайсыз жағдайларға (кәрілік, мүгедектік, денсаулық жағдайы, асыраушысынан немесе жұмысынан айрылуы) байланысты экономикалық белсенді бола алмайтын және лайықты еңбекақы төленетін еңбекке қатысу жолымен өзін табыспен қамтамасыз ете алмайтын азаматтар үшін өмірлік қажетті игіліктердің және әл-ауқаттың белгілі бір деңгейін қамтамасыз етуге арналған жүйе.
Қазақстан мүше болып табылатын Халықаралық еңбек ұйымының анықтауы бойынша әлеуметтік қорғау жүйесі мынадай шаралар кешенін қамтиды:
- тұрақты, ақылы еңбекке ынталандыру;
- негізгі әлеуметтік қатерлердің алдын алу, ал ол туындаған жағдайда әлеуметтік сақтандыру тәсілдері арқылы сол қатердің салдарынан айрылған табысының бір бөлігін қалпына келтіру;
- халықтың әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспайтын әлсіз топтарына арналған әлеуметтік көмек тәсілдері;
- азаматтардың білім және медициналық көмек сияқты негізгі құқықтары мен қызметтерге қол жеткізуі.

Әлеуметтік қамсыздандыру-азаматтардың әлеуметтік жағдайын теңестіру мақсатында Заңда белгіленген жағдайларда белгілі бір заңды фактілер туындаған кезде көрсетілетін, адамдардың бекітілген тобы үшін мемлекет ұйымдастырған көмек нысаны.

Әлеуметтік қамсыздандыру:

- төлемдер, қызметтер немесе табиғи игіліктер;

-белгілі бір әлеуметтік тәуекелдер туындаған (немесе болған) кезде ұсынылатын;

- азаматтардың өз күштерімен өзін немесе өз отбасының еңбекке жарамсыз мүшелерін өмірге жеткілікті қаражатпен қамтамасыз ету мүмкін еместігіне байланысты.

Дата публикации
01 апреля 2020
Дата обновления
01 апреля 2020
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ТІЗІЛІМІ
Ақпарат
21 октября 2026
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ КАРТОГРАММАСЫ
Ақпарат
21 октября 2026
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдар тізбесі

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы