2019 жылдың өткен мерзімінде аудан әкімі аппаратына 3218 кіріс құжаттары түсіп, 3479 құжат жолданды, жеке және заңды тұлғалардан 526 жазбаша өтініштер тіркелді. Жыл басынан аудан әкімі мен аудан әкімі орынбасарларының жеке қабылдауларында 429 азамат болды. Қала әкімінің шешімімен азаматтарды аудан әкімі жеке қабылдауды күнделікті жүргізді. Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының талаптарына сәйкес барлық өтініштер мен арыздар уақтылы қаралып, жауаптар берілді.