Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық халық шаруашылығының жетекші салаларының бірі болып табылады, ол қала типтес қалалар мен кенттер тұрғындарының материалдық-мәдени және тұрмыстық қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың негізгі құрамдастары суретте көрсетілген.
Негізгі міндеттердің бірі-аудан тұрғындарына қолайлы орта жасау және қонақтардың жақсы көз-қарастарын қалыптастыру үшін көңіл аударатын ең басты мақсатымыздың бірі болып табылады.
Аудан аумағында жалпы 672 көпқабатты тұрғын үй бар. Оның ішінде 622 көпқабатты тұрғын үй орталықтандырылған жылу жүйесіне, қалған 50 үй автономды жылу жүйесіне қосылған.
Көп қабатты тұрғын үйлердің келбетін, тазалығын және жылуын сақтау мақсатында 2018-2019 жылғы жылу маусымына дайындық кезінде 106 жұмыс істемейтін тікқұбырлар толығымен ауыстырылып, 55 кіреберіс алаңдарының есігі және 322 м² кіреберістегі терезелер орнатылып, жылуға толық қосылған.
Сонымен қатар, жылу энергиясын үнемдеу мақсатында аудан тұрғындарына жылу есептегіш құралының тиімділігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, 63 көпқабатты тұрғын үйге жылу есептегіш құралы орнатылды.