КЗИП 2026 жылғы І тоқсан

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі М. Мықтыбековтің

2026 жылғы І тоқсандағы аудан тұрғындарымен кездесу барысында берілген ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру жөніндегі

іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпарат

14.04.2026

                                                                                                                 

№

Аты-жөні

№

Ұсыныс, ескертудің

мазмұны

Орындалуы

Жауапты

1

Сахаева Анаркуль

1.    

«Күншығыс» ш.а. №21 көппәтерлі тұрғын үйдің ауласындағы темір гараждардың заңдылығын анықтап, заңсыз болған жағдайда орнынан алу жұмыстары жүргізіліп, автотұрақ жасау мүмкіндігі қарастырылсын.

Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының мамандары тарапынан аталған мәселе бойынша зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Зерделеу нәтижелері бойынша қосымша хабарланатын болады.

Кәсіпкерлікті қолдау бөлімі

2.    

№28 жалпы орта мектепте спорт секциялары мен тегін үйірмелермен қамтамасыз ету үшін тиісті жұмыстар атқарылсын.

Фариза Оңғарсынова атындағы №28 жалпы орта білім беретін мектебінде 1 үлкен және 1 кіші спорт залы жұмыс істейді. Мектептегі жалпы оқушылар саны – 1847.

Мектепте оқушылардың жан-жақты дамуына жағдай жасау мақсатында түрлі спорт секциялары мен тегін үйірмелер ұйымдастырылған.

Спорт секцияларына қатысатын оқушылар саны:

  • Баскетбол – 54 оқушы
  • Волейбол – 62 оқушы
  • Шахмат – 30 оқушы
  • Тоғызқұмалақ – 20 оқушы

Тегін үйірмелер және оған қатысатын оқушылар саны:

  • Дебат – 30 оқушы
  • Шешендік өнер – 20 оқушы
  • Тігу және пішу – 20 оқушы
  • Кәсіпкерлік негіздері – 30 оқушы
  • Хор – 30 оқушы
  • Робототехника – 25 оқушы
  • Экология және туризм – 20 оқушы

Аталған үйірмелер мен спорт секциялары оқушылардың қабілеттерін дамытуға, бос уақытын тиімді ұйымдастыруға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған.

Мәдени даму, спорт және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімі

2

Айтбаев Жақсылық

3.                   

17 ш.а. Қ.Жандарбеков атындағы аллеяның  қоршауларын сырлау, ағаш көшеттерін орнату, көгалдар мен жасыл желектердің тұрақты түрде суғарылуы бақылауға алынсын.  

17 ш.а. орналасқан Қ.Жандарбеков атындағы аллеяның қоршауларын сырлау және ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасына қарасты «РСП Эталон» ЖШС тарапынан жүзеге асырылды.

Қоғамның орта сапасын дамыту бөлімі

3

Орешина Наталья

 

Барлыбаева Тұрсынай

 

4.                   

Күншығыс ш.а. №106б мекенжайында орналасқан «Береке» бөбекжай бақшасының аумағына, «Сәуле» ш.а. Наурызым көшесіне, Т.Айбергенов өткелі  №14 көппәтерлі тұрғын үйдің ауласына жарықтандыру бағаналары орнатылсын.

Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының мамандары тарапынан жүргізілген зерделеу жұмыстарының нәтижесінде Күншығыс ш.а. №106б мекенжайында орналасқан «Береке» бөбекжай-бақшасының аумағында жарықтандыру бағаналарының бар екендігі анықталды. Сол себепті қосымша жарықшам бағаналарын орнату қажеттілігі жоқ екені белгілі болды. Аталған мәселеге байланысты балабақша меңгерушісімен кері байланыс орнатылып, тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Т.Айбергенов өткелі, №14 көппәтерлі тұрғын үй ауласындағы өшіп қалған жарықшамдар «Әл-Фараби» КММ тарапынан қалпына келтірілді.

Ал, Сәуле ш.а. Наурызым көшесі бойынша Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты тарапынан Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасына (бұдан әрі – Басқарма) 04.12.2025 жылғы №28-05-02/1291 ұсыныс хат жолданып, мәселені жедел түрде реттеу сұралған.

Қазіргі уақытта Басқарма мен мердігер мекеме арасында туындаған дауға байланысты сот процесі жүргізілуде.

Инфрақұрылым және абаттандыру бөлімі

4

Кулумбетова Разия

5.                   

Түркістан көшесі №11 көппәтерлі тұрғын үйдің шатыры мен сыртқы қасбетін жөндеу (модернизация) жұмыстарын жүргізу мүмкіндігі қаралсын.

«Тұрғын үй Шымкент» ЖШС қызметкерлері тарапынан Модернизация бағдарламасы аясында көппәтерлі тұрғын үйлердің шатырын және қасбетін ретке келтіру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Қоғамның орта сапасын дамыту бөлімі

6.                   

Түркістан көшесі №11, Т.Айбергенов өткелі  №14, Сапақ датқа көшесі №6 көппәтерлі тұрғын үйлердің ауласындағы балалар ойын алаңшасын жаңарту үшін заң аясында тиісті жұмыстар атқарылсын.

Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты тарапынан «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында Т.Айбергенов өткелі №14 тұрғын үй ауласын абаттандыру және балалар ойын алаңшаларын орнату мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурсы ұйымдастырылып, оның қорытындысы бойынша мердігер мекеме айқындалды.

Қазіргі уақытта Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты мен мердігер мекеме арасында келісімшарт жасасу жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстар жыл соңына дейін толық аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Түркістан көшесі №11 және Сапақ датқа көшесі №6 көппәтерлі тұрғын үйлерінің тұрғындары тарапынан «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында тиісті ұсыныс енгізілді.

Жоба қағидаларына сәйкес, ұсынылған бастама кемінде 20 дауыс жинаған жағдайда ғана іске асырылады. Осыған байланысты, аталған жобаға белсенді түрде қатысуларыңызды сұраймыз.

Қажетті дауыс саны жиналған жағдайда, көрсетілген мекенжайларда балалар ойын алаңшасын орнату бойынша тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.

Инфрақұрылым және абаттандыру бөлімі

5

 

Исламов Тойчибай

 

Құдайбергенов Ахметжан

7.                   

Бадам өзенінің аумағына және 17 ш.а. Қ.Жандарбеков атындағы аллеяға, «Күншығыс» ш.а. №89, 91 көппәтерлі тұрғын үйдің ауласына бейнебақылау камерасын орнату үшін құзырлы мекемеге ұсыныс енгізілсін.

Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты мамандары тарапынан тиісті зерделеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, Бадам өзенінің аумағында бейнебақылау камерасының орнатылғаны анықталды.

Тұрғынмен жүргізілген сұхбат барысында қосымша тағы 2 бейнебақылау камерасын орнату қажеттілігі туралы ұсыныс білдірілді. Осыған байланысты цифрландыру басқармасына тиісті ұсыныс хат жолданатын болады.

Сонымен қатар, 17 ш.а. Қ.Жандарбеков атындағы аллея аумағына бейнебақылау камералары орнатылғанын хабарлаймыз.

Күншығыс ш.а. №89 және №91 көппәтерлі тұрғын үйлердің аулаларына бейнебақылау камераларын орнату мақсатында, ағымдағы жылы 714 көппәтерлі тұрғын үй аулаларын қамту жоспарына сәйкес, Цифрландыру басқармасына 18.03.2026 жылғы №28-05-01/228 шығыс хатпен тиісті ұсыныс жолданды.

Аталған бейнебақылау камераларын жыл соңына дейін орнату жоспарлануда.

Инфрақұрылым және абаттандыру бөлімі

8.                   

«Көркем» ш.а. 6 көшеге жоспарланған ирригациялық арық орнату жұмыстары толығымен орындалмау себебі түсіндіріліп, аталған жұмыстардың толығымен атқарылуы бақылауға алынсын.

Аталған 6 ирригациялық арық жүйелері бойынша тұрғынмен кездесу ұйымдастырылып, зерделеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, Забадам шағынауданында 2025 жылы көрсетілген мекенжайларда ирригациялық арық жүйелерінің салынғаны анықталды.

Алайда, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына (бұдан әрі – Басқарма) тарапынан құрылыс жұмыстары толық аяқталмағаны белгілі болды. Атап айтқанда, кейбір учаскелерде құрылыс орындары толық жабылмаған, лотоктардың өзара түйісуі қамтамасыз етілмеген және бірқатар техникалық кемшіліктер анықталған.

Осыған байланысты, аудан әкімі аппараты тарапынан Басқармаға аталған кемшіліктерді жедел түрде жою жөнінде 31.10.2025 жылғы №28-05-08/1131 ұсыныс хат жолданған.

2026 жылы анықталған кемшіліктер Басқарма тарапынан толықтай ретке келтіріледі деп жоспарлануда.

Инфрақұрылым және абаттандыру бөлімі

9.                   

Бадам каналына 2014 жылы орнатылған шлюздің іркіліксіз жұмыс атқаруы үшін каналға жауапты қызметкерді бекіту мүмкіндігі қаралсын.

Көркем ш.а. Бадам каналында орнатылған шлюздің іркіліссіз әрі тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы тарапынан жауапты қызметкер бекітілді.

Қоғамның орта сапасын дамыту бөлімі

6

Жузбаева

Гүлжайна

10.               

Сәуле ш.а. Көксай 1, 2, 3 көшелеріне жаңа атау беру үшін тиісті жұмыстар атқарылсын.

Сәуле ш.а. Көксай 1, 2 және 3 көшелеріне облыстық мәслихаттың 2017 жылғы 11 желтоқсандағы №18/2215-VI шешіміне сәйкес «Байтөбе» атауы берілген.

Қалалық мәслихаттың 2008 жылғы 30 маусымдағы №10/108-4с шешімі негізінде «Нұршашу» көше атауы берілген.

Сонымен қатар, қалалық мәслихаттың 2024 жылғы 4 қарашадағы №22/191-VIII шешіміне сәйкес «Ақжарма» көше атауы берілген.

Мәдени даму, спорт және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімі

11.               

Сәуле ш.а. Көксай 1, 2, 3 көшелерінен аялдамаға дейінгі жолды және Т.Айбергенов өткелі  №14 көппәтерлі тұрғын үйдің ауласын асфальттау мүмкіндігі қарастырылсын.

Сәуле ш.а. Көксай 1, 2, 3 көшелеріндегі аялдама маңында жоғары қысымды газ құбырының орналасуына байланысты «ИнтерГазАймақ» АҚ тарапынан тиісті келісім берілмеуде.

Осыған орай, аталған жұмыстарды жүзеге асыру мүмкін еместігін хабарлаймыз.

Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты тарапынан Т.Айбергенов өткелі №14 көппәтерлі тұрғын үй ауласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында абаттандыру жұмыстары, сондай-ақ балалар ойын алаңшасы орнату және асфальт қабатын төсеу жұмыстары ағымдағы жылдың соңына дейін толық жүргізілетін болады.

Инфрақұрылым және абаттандыру бөлімі

12.               

Сәуле ш.а. Көксай 1, 2, 3 көшелерін сапалы электр жарығымен қамту және балалар ойын алаңшасын орнату жұмыстары атқарылсын.

Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы тарапынан Сәуле ш.а. Көксай 1, 2, 3 көшелерін электр жарығымен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілді.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес, 2021 жылдан бастап «Халық қатысатын бюджет» жобасы іске асырылып келеді. Аталған жоба аясында қаламызда абаттандыру және балалар ойын алаңшаларын орнату жұмыстары тұрғындардың тікелей қатысуымен жүзеге асырылуда.

Осыған орай, 2027 жылы өтетін кезекті «Халық қатысатын бюджет» жобасына белсенді қатысуларыңызды сұраймыз. Жоба ережесіне сәйкес, ұсынылған бастама кемінде 20 дауыс жинаған жағдайда ғана іске асырылады.

Сәйкесінше, Көксай 1, 2, 3 көшелерінің тұрғындары қажетті дауыс санын жинаған жағдайда, аталған мекенжайларда балалар ойын алаңшасын орнату бойынша тиісті жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймыз.

Инфрақұрылым және абаттандыру бөлімі

7

Құдайбергенов Ахметжан

13.               

М.Жұмабаев атындағы №39 жалпы білім беретін мектептен №73 «Айжан» бөбекжай бақшасының жолын кеңейту бойынша тиісті жұмыстар жүргізілсін.

Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының кәсіпкерлік бөлімінің мамандары тарапынан М.Жұмабаев атындағы №39 жалпы білім беретін мектептен №73 «Айжан» бөбекжай бақшасына апаратын жолды кеңейту бойынша зерделеу жұмыстары жүргізілді.

Зерделеу нәтижесінде жолдың кеңейтілетін бөлігінде «автотұрақ үшін» мемлекеттік акті рәсімделгені анықталды. Осыған байланысты жолды кеңейту мүмкін еместігін хабарлаймыз.

Инфрақұрылым және абаттандыру бөлімі

14.               

16 ш.а. №10 көппәтерлі тұрғын үйдің ауласындағы күйген жарықшамдар ретке келтірілсін. 

16 ш.а. №10 көппәтерлі тұрғын үй ауласындағы күйген жарықшамдар «Әл-Фараби» КММ тарапынан жөнделіп, ретке келтірілді.

Инфрақұрылым және абаттандыру бөлімі

15.               

17 ш.а. Қ.Жандарбеков атындағы аллеяның  жанындағы қоқыс алаңшасын басқа орынға ауыстыру мүмкіндігі қарастырылсын.

17 ш.а. Қ.Жандарбеков атындағы аллея маңындағы қоқыс алаңшасын басқа орынға көшіру мүмкін еместігі туралы тұрғынға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Қоғамның орта сапасын дамыту бөлімі

8

Мырзабекова Сапаркуль

16.               

«Күншығыс» ш.а. №89, 91 көппәтерлі тұрғын үйде электр жарығы жиі өшкендіктен, электр сымдары мен желілерін ауыстыру мүмкіндігі қарастырылсын. 

Күншығыс ш.а. №89 және №91 көппәтерлі тұрғын үйлердің ауласындағы жарықшамдардың жанбау себептері анықталып, ақаулар жойылып, ретке келтірілді.

Қоғамның орта сапасын дамыту бөлімі

9

Дүйсенбаева

Ғалия

17.               

«Күншығыс» ш.а. №40, 42 көппәтерлі тұрғын үйлерге қызмет көрсетуші мекеме тарапынан күтіп ұстау жұмыстары соңғы 2 жылдан бері атқарылмауда. Мәселені оңтайлы шешу жолдары заң аясында түсіндірілсін.

Аудан әкімі аппаратының қызметкерлері мен сервистік мекеме – «ИП Мырзалиев» басшысымен бірлесіп, Күншығыс ш.а. №40 тұрғын үйдің басқарушысы Ғ.Дүйсенбаеваға тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Қоғамның орта сапасын дамыту бөлімі

10

Барлыбаева Тұрсынай

18.               

№43 бағытта (KZ 967) қоғамдық көліктің белгіленген аялдамаларды тоқтап, жолаушыларға сапалы қызмет көрсету қажеттігі жөнінде құзырлы мекемеге ұсыныс енгізілсін.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына 2026 жылғы 3 сәуірдегі №28-05-07/252 хатпен №43 бағыттағы (KZ 967) қоғамдық көліктің белгіленген аялдамаларда тоқтап, жолаушыларға сапалы қызмет көрсету қажеттігі туралы ұсыныс жолданды. Тұрғынмен байланыс орнатылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Инфрақұрылым және абаттандыру бөлімі

19.               

Д.Қонаев даңғылының жалғасын жүргізу барысында жеке сектор үйлердің жарылған қабырғаларын ретке келтіру мүмкіндігі қарастырылсын.

Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының мамандары тарапынан аталған мәселе бойынша зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Зерделеу нәтижелері бойынша қосымша хабарланатын болады.

Қоғамның орта сапасын дамыту бөлімі

20.               

«Сәуле» ш.а. иесіз қалған қаңғыбас иттерді аулау үшін құзырлы мекемеге ұсыныс енгізілсін.

Сәуле ш.а. иесіз жүрген қаңғыбас иттер мен мысықтарға қатысты Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы тарапынан рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды.

Қоғамның орта сапасын дамыту бөлімі

21.               

«Сәуле» ш.а. Отырартөбе көшесіне асфальт қалдықтарын төсеу жұмыстары жүргізілсін.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан Сәуле ш.а. Отырартөбе көшесіне асфальт қалдықтарын төсеу жұмыстары 2026 жылғы 20 сәуірге дейін аяқталатын болады.

Инфрақұрылым және абаттандыру бөлімі

11

Қазыбекова

Динара

22.               

«Күншығыс» ш.а. №42 көппәтерлі тұрғын үйдің ауласында кәріз жүйесін тазалау үшін құзырлы мекемеге ұсыныс жолдансын.

Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері сервистік мекеме – «ИП Мырзалиев» басшысымен бірлесіп, азаматша Қазыбекова Динараға тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Қоғамның орта сапасын дамыту бөлімі

23.               

«Күншығыс» ш.а. №42 көппәтерлі тұрғын үйдің ауласындағы қураған ағаштарды қырқу жұмыстары атқарылсын.

Күншығыс ш.а. №42 көппәтерлі тұрғын үй ауласындағы қураған ағаштарға зерделеу жұмыстары жүргізіліп, «Әл-Фараби» КММ тарапынан бұтау (қырқу) жұмыстары атқарылды.

Қоғамның орта сапасын дамыту бөлімі

12

Давидова

Светлана

24.               

Сапақ датқа көшесі №6 көппәтерлі тұрғын үйдің ауласындағы акация ағашының жағдайына зерделеу жұмыстары жүргізіліп, қажеттілігіне қарай қырқу жұмыстары жүргізілсін.

Сапақ Датқа көшесі №6 көппәтерлі тұрғын үй ауласындағы акация ағашына зерделеу жұмыстары жүргізіліп, «Әл-Фараби» КММ тарапынан бұтау (қырқу) жұмыстары жүргізілді.

Қоғамның орта сапасын дамыту бөлімі

13

Койчиев Ерлан

25.               

«Текесу» су қоймасының жанына қойылған жасанды жол кедергісі мен жол белгісін қайта орнатудың заңдылығы қарастырылсын.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына (әрі қарай – Басқарма) 2026 жылғы 3 сәуірдегі №28-05-07/253 хатпен ұсыныс жолданды. Басқарма тарапынан «Текесу» су қоймасының маңына орнатылған жасанды жол кедергісі мен жол белгісін қайта орнатудың заңдылығы қарастырылады.

Инфрақұрылым және абаттандыру бөлімі

26.               

«Текесу» ш.а. Текесу көшесін ағымдағы жөндеу жұмыстары атқарылсын.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан «Текесу» ш.а. Текесу көшесін жөндеу жұмыстары 2026 жылғы 30 мамырға дейін жүргізілетін болады.

Инфрақұрылым және абаттандыру бөлімі

14

Шоланова

Раушан

27.               

В.Терешкова көшесіндегі жеке сектор үйлер мемлекет мұқтажына алынатын тізімге енгізілгенін анықтау жұмыстары жүргізілсін.

В.Терешкова көшесінде орналасқан жер учаскелеріне қатысты Шымкент қаласы әкімдігі тарапынан жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы қаулы қабылданбағаны, сондай-ақ аталған учаскелердің қазіргі таңда мемлекет мұқтажы үшін алынуға жатпайтыны жөнінде азаматша Р.Шолановаға түсіндірілді.

Кәсіпкерлікті қолдау бөлімі

Дата публикации
14 апреля 2026