| Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі М. Мықтыбековтің 2025 жылғы ІІІ тоқсандағы аудан тұрғындарымен кездесу барысында берілген ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру жөніндегі |
|||||||
| ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ | |||||||
| № | Кездесу мерзімі | Аты жөні, байланыс телефоны |
Ұсыныс, ескертудің мазмұны | Орындалуы | Әкімнің орынбасары | Негізгі жауапты | Статус |
| Д.И.Менделеев атындағы №15 мектеп-лицейі | |||||||
| 1 | 20.08.2025 | Удодова Гульфира Тел: 87758758730 |
«Дархан» аялдамасынан №8 мектеп-гимназиясына, №1 қалалық клиникалық ауруханасына баратын қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету жолдары қарастырылсын. | Дархан аялдамасынан №8 мектепке және 1 ауруханаға қатынайтын өзге де қоғамдық көлік бағыттарының бар екенін хабарлаймыз. Алайда, аталған нысандарға тікелей бағыт ұйымдастыруға техникалық мүмкіндік қарастырылмаған. Қолданыстағы маршруттар тұрғындардың негізгі қажеттіліктерін қамтамасыз етеді және көлік қозғалысының қауіпсіздігі мен тиімділігі ескерілген. | Е. Ерланұлы Д. Шынтасов |
Инфрақұрылым және абаттандыру бөлімі | Түсіндірілді |
| 2 | 20.08.2025 | Қарасу ш.а. орналасқан «Отбасы аллеясына» әжетхана орнату мүмкіндігі қарастырылсын. | Аудан аумағында орналасқан саябақтар мен гүлзарлардың жер телімдерінде заманауи үлгідегі дәретханалар салу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда Арбат демалыс орталығы мен Түркістан көшесінің бойында (Спутник аллеясының аумағы) орналасқан аялдамада заманауи дәретханалар орнатылған. Сонымен қатар, «Отбасы аллеясы» аумағына да заманауи үлгідегі дәретхана салу 2026 жылға жоспарланғанын хабарлаймыз. | Б. Смайлов Б. Салиев |
Әлеуметтік қорғауға қолдау көрсету бөлімі | 2026 жыл | |
| 3 | 20.08.2025 | Ирисметов Кудратулла Тел: 87013772575 |
Химфарм ш.а. спорт және балалар ойын алаңшасын орнату үшін бос жер теліміне зерделеу жұмыстары жүргізілсін. | Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Шымкент қаласы бойынша филиалы бірлесіп, Химфарм шағын ауданындағы жер теліміне далалық зерттеу жұмыстарын жүргізді. Зерттеу нәтижесінде, көрсетілген мекенжайда бос жер телімі анықталмағанын хабарлаймыз. | Е. Ерланұлы Д. Шынтасов |
Инфрақұрылым және абаттандыру бөлімі | Түсіндірілді |
| 4 | 20.08.2025 | Любцова Светлана Тел: 87053192415 |
В.Быковский көшесі №31 көппәтерлі тұрғын үйге кәріз жүйесін жүргізу мүмкіндігі қаралсын. | В.Быковский көшесі №31 үйдің кәріз жүйесін заң талаптарына сәйкес ауыстыру мәселесі бойынша тұрғындармен жиналыс өткізіліп, нәтижесінде жүйені өз қаражаттары есебінен ауыстыратындығы келісілді. | Е. Ерланұлы Б. Жанаев |
Қоғамның орта сапасын дамыту бөлімі | Түсіндірілді |
| 5 | 20.08.2025 | В.Быковский көшесі №31 көппәтерлі тұрғын үйдің ауласын асфальттау жұмыстары атқарылсын. | «Әл-Фараби» КММ тарапынан В.Быковский көшесі №31 көппәтерлі тұрғын үйдің ауласында асфальт төсеу жұмыстары жүргізілгенін хабарлаймыз. | Е. Ерланұлы Д. Шынтасов Т. Нарымбетов |
Инфрақұрылым және абаттандыру бөлімі | Орындалды | |
| 6 | 20.08.2025 | Кулумбетова Разия Тел: 87783002094 |
Түркістан көшесі №11 көппәтерлі үйдің қасбетін жөндеу мақсатында тұрғындарға жиналыс ұйымдастырылып, модернизация бағдарламасының талаптары түсіндірілсін. | Түркістан көшесі №11 үйдің қасбетін жөндеу мәселесі бойынша тұрғындармен жиналыс өткізіліп, қажеттілік талқыланып, шешім қабылданды. Тұрғын үй басқармасы сметалық құжаттама әзірлеп, қазіргі уақытта қаржыландыру үшін бюджетке сұраныс жолданды. | Е. Ерланұлы Б. Жанаев |
Қоғамның орта сапасын дамыту бөлімі | 2026 жыл |
| 7 | 20.08.2025 | Абилашева Бегайым Тел. 87011541054 |
Бейбітшілік көшесі №2а көппәтерлі тұрғын үйдің артына қоршау орнату жұмыстары жүргізілсін. | Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты тарапынан Бейбітшілік көшесі №2а көппәтерлі тұрғын үйдің артына қоршау орнату үшін жер теліміне зерделеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, аталған үй ауласының жер телімі кондоминиум (ортақ меншік) нысаны ретінде рәсімделгені анықталды. Осыған байланысты, үйдің артына қоршау орнату мүмкіндігі жоқ екенін хабарлаймыз. ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңына сәйкес, ортақ мүлікті күтіп ұстау және пайдалану тұрғындар тарапынан жүзеге асырылады. | Е. Ерланұлы Д. Шынтасов Т. Нарымбетов |
Инфрақұрылым және абаттандыру бөлімі | Түсіндірілді |
| 8 | 20.08.2025 | Арбат демалыс аймағында велосипед, самокат айдаушыларға қоғамдық қауіпсіздікті сақтау қажеттігі жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілсін. | Қолданыстағы нормативтік талаптарға сәйкес электросамокаттардың рұқсат етілген жылдамдығы 6 км/сағ. Арбат демалыс аймағында бұл талапты бұзған 310 жүргізуші анықталып, Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының айып тұрағына жеткізілді. Қоғамдық қауіпсіздік пен тұрғындардың тыныштығын қамтамасыз ету мақсатында түсіндіру және алдын алу шаралары тұрақты түрде жүргізілетінін хабарлаймыз. |
Б. Смайлов Қ. Арысбеков Б. Салиев |
Мәдени даму, спорт және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімі Әлеуметтік қорғауға қолдау көрсету бөлімі |
Түсіндірілді | |
| 9 | 20.08.2025 | Миркасимов Кахраман Тел: 87716267985 |
Химфарм ш.а. Д.Қонаев даңғылының бойына орналасқан балалар ойын алаңшасын сындырып жатқан азаматтарды тоқтату мақсатында бейнебақылау камерасын орнату жұмыстары жүргізілсін. | Химфарм шағын ауданы, Д.Қонаев даңғылының бойында орналасқан балалар ойын алаңшасына бейнебақылау камерасы орнатылғандығын хабарлаймыз. | Е. Ерланұлы Д. Шынтасов |
Инфрақұрылым және абаттандыру бөлімі | Орындалды |
| 10 | 20.08.2025 | Д.Қонаев даңғылының жалғасын асфальттау барысында жолдың астында қалған бұлақты ашу мүмкіндігі қаралсын. | Аудан әкімінің орынбасары Е. Ерланұлының атынан 2025 жылғы 23 қазанда №08-08-09/1107 санымен Шымкент қаласының Жайлы ортаны дамыту басқармасына жер асты суын тартатын дренаждық сорғы орнату мәселесі бойынша хат жолданды. | Е. Ерланұлы Б. Жанаев Т. Нарымбетов |
Қоғамның орта сапасын дамыту бөлімі | 2026 жыл | |
| 11 | 20.08.2025 | Сырлыбаева Мадина Тел: 87758994090 |
Т.Айбергенов көшесі №5 көппәтерлі тұрғын үйдің ауласын қоқыс қалдықтарынан тазалайтын жұмысшылардың санын арттыру жұмыстары жүргізілсін. | Т.Айбергенов көшесі №5 тұрғын үй ауласын қоқыстан тазалау жұмыстарын күшейту мақсатында жұмысшылар санын арттыру жөнінде «Әл-Фараби» КММ-не ұсыныс жолданды. | Е. Ерланұлы Б. Жанаев Т. Нарымбетов |
Қоғамның орта сапасын дамыту бөлімі | 2026 жыл |
| 12 | 20.08.2025 | Алтанова Интазар Тел: 87022731816 |
Сайрам ш.а. №1 көппәтерлі тұрғын үйлердің ауласындағы беседка мен орындықтарды және Д.Ерімбетов көшесі №32б тұрғын үйдің ауласындағы сынған ойын элементтерін жөндеу жұмыстары атқарылсын. | «Әл-Фараби» КММ тарапынан Сайрам шағынауданы, №1 көппәтерлі тұрғын үйлердің ауласындағы беседкалар мен орындықтар, сондай-ақ Д.Ерімбетов көшесі №32б тұрғын үйдің ауласындағы сынған ойын элементтері жөнделгендігін хабарлаймыз. | Е. Ерланұлы Д. Шынтасов |
Инфрақұрылым және абаттандыру бөлімі | Орындалды |
| 13 | 20.08.2025 | Д.Ерімбетов көшесі №32б көппәтерлі тұрғын үйдің алдынан Д.Ерімбетов көшесіне қарай шығатын баспалдақты құрылыс талаптарына сәйкестендіріп төмен түсіру мүмкіндігі қаралсын. | Аталған мекенжайдағы баспалдақ құрылыс талаптарына сәйкестендіріліп, төмен түсірілгенін хабарлаймыз. | Е. Ерланұлы Д. Шынтасов |
Инфрақұрылым және абаттандыру бөлімі | Орындалды | |
| 14 | 20.08.2025 | Д.Ерімбетов көшесі №32б көппәтерлі тұрғын үйдің жанында құрылысы жүргізіліп жатқан 2 қабатты ғимараттың заңдылығын анықтау жұмыстары жүргізілсін. | Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері Д.Ерімбетов көшесі №32б көппәтерлі тұрғын үйдің жанында құрылысы жүргізіліп жатқан 2 қабатты ғимаратқа «geo-shym.kz» порталы арқылы зерделеу жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, құрылыс жүріп жатқан нысанның мемлекеттік құқық белгілейтін құжаттың бар екені және оның кадастрлық №22-328-001-256 (бірлескен ортақ меншік) екені анықталды. Нысаналық мақсаты: ғимараттарға қызмет көрсетуге деп көрсетілгенін хабарлаймыз. | М. Тажибаев Б. Өтеулі |
Кәсіпкерлікті қолдау бөлімі | Түсіндірілді | |
| 15 | 20.08.2025 | Барлыбаева Тұрсынай Тел: 87021272317 |
Д.Қонаев даңғылының құрылыс жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатқаны түсіндірілсін. | Д.Қонаев даңғылының құрылыс жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатқандығы туралы тұрғынға тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді. | Е. Ерланұлы Д. Шынтасов |
Инфрақұрылым және абаттандыру бөлімі | Орындалды |
| 16 | 20.08.2025 | Сәуле ш.а. Ж.Жабаев көшесіндегі трансформатор табиғат құбылыстарының салдарынан құлау қаупі жоғары. Аталған өзекті мәселенің шешу жолдары қарастырылсын. | Сәуле шағын ауданы, Ж.Жабаев көшесінде орналасқан трансформатордың құлау қаупінің алдын алу мақсатында, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС тарапынан трансформатордың негізін бекіту бойынша тиісті жұмыстар жүргізілді. | Е. Ерланұлы Д. Шынтасов Б. Жанаев |
Инфрақұрылым және абаттандыру бөлімі Қоғамның орта сапасын дамыту бөлімі |
Орындалды | |
| 17 | 20.08.2025 | Сәуле ш.а. бұзылған үйлердің иттерін аулау жұмыстары атқарылсын. | Аталған мекенжайда «Ветеринариялық қызмет» МКК тарапынан қаңғыбас иттер үлгілік қағидаға сәйкес аулап, уақытша оқшаулау орталығына жеткізілді. Иттерді аулау жұмыстары қажеттілікке қарай тұрақты жүргізіледі. | Е. Ерланұлы Б. Жанаев |
Қоғамның орта сапасын дамыту бөлімі | Орындалды | |
| 18 | 20.08.2025 | Сәуле ш.а. мотоцикл айдаушылар түнгі уақытта жиі жарыс ұйымдастыруда. Түнгі тыныштықты сақтау бойынша тиісті шараларды қабылдау үшін құзырлы мекемеге ұсыныс енгізілсін. | Сәуле шағын ауданында түнгі тыныштықты бұзу, әсіресе мотоцикл жүргізушілерінің құқық бұзушылықтары бойынша шаралар қабылданып, 3 жаяу патруль құрылып, полиция қызметкерлері тұрақты рейдтер жүргізуде. Бұл жұмыстар тұрғындардың тыныштығын қамтамасыз ету мақсатында әрі қарай жалғасады. | Б. Смайлов Қ. Арысбеков Б. Салиев |
Мәдени даму, спорт және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімі Әлеуметтік қорғауға қолдау көрсету бөлімі |
Орындалды | |
| 19 | 20.08.2025 | Бейсенбаев Алмас Тел: 87781865280 |
Қарасу ш.а. №85 көппәтерлі тұрғын үйдің ауласына балалар ойын алаңшасы мен спорт алаңшасын орнату жұмыстары жүргізілсін. | ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес, 2021 жылдан бастап «Халық қатысатын бюджет» жобасы іске асырылып келеді. Аталған жоба аясында қаламызда абаттандыру, балалар және спорт алаңшаларын орнату жұмыстары тұрғындардың тікелей қатысуымен жүзеге асырылуда. Осыған орай, 2026 жылы өтетін кезекті «Халық қатысатын бюджет» жобасына қатысып, балалар ойын және спорт алаңшаларын орнату бойынша өз ұсыныстарыңызды берулеріңізді сұраймыз. Жоба ережесіне сәйкес, ұсынылған жоба 50-ден астам дауыс жинауы тиіс. Егер ұсынылған жоба 50 дауыс және одан жоғары дауыс жинаған жағдайда, балалар ойын және спорт алаңшасын орнату мақсатында сметалық құжаттама әзірленіп, бюджеттен қаржы қарастыру үшін ұсыныс енгізіледі. Қаржы бөлінген жағдайда, тиісті жұмыстар атқарылатындығын хабарлаймыз. |
Е. Ерланұлы Д. Шынтасов |
Инфрақұрылым және абаттандыру бөлімі | 2026 жыл |
| 20 | 20.08.2025 | «Отбасы» аллеясының ішіндегі итойнақты жөндеу жұмыстар атқарылсын. | Қарасу шағын ауданындағы «Отбасы» аллеясында итойнақтарды жөндеу жұмыстары жүргізілгендігін хабарлаймыз. | Е. Ерланұлы Д. Шынтасов |
Инфрақұрылым және абаттандыру бөлімі | Орындалды | |
| 21 | 20.08.2025 | Қарасу ш.а. №85 көппәтерлі тұрғын үйдің жанындағы қоқыс алаңшасының алдына жауын-шашын кезінде су жиналмауы үшін ирригациялық арық орнату мүмкіндігі қаралсын. | ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес, 2021 жылдан бастап «Халық қатысатын бюджет» жобасы жүзеге асырылуда. Аталған жоба аясында қаламызда абаттандыру, балалар мен спорт алаңшаларын орнату жұмыстары тұрғындардың тікелей қатысуымен жүргізілуде. Осыған байланысты, 2026 жылы өтетін «Халық қатысатын бюджет» жобасына қатысып, балалар ойын және спорт алаңшаларын орнату бойынша ұсыныстарды жолдауларыңызды сұраймыз. Аудан тұрғындары жоба ережесіне сәйкес, ұсынылған жобаға 50 дауыстан астам қолдау жинауы тиіс. Егер ұсынылған жоба 50 дауыстан жоғары қолдау тапса, балалар ойын және спорт алаңшасын салу мақсатында сметалық құжаттама әзірленіп, бюджеттік қаражат бөлу үшін ұсыныс енгізілетін болады. Қаржы бөлінген жағдайда, тиісті жұмыстар атқарылатындығын хабарлаймыз. |
Е. Ерланұлы Д. Шынтасов |
Инфрақұрылым және абаттандыру бөлімі | 2026 жыл | |
| 22 | 20.08.2025 | 8 Наурыз көшесіндегі кәріз құбырын жүргізу салдарынан қазылған жерді қайта асфальттау жұмыстары атқарылсын. | 8 Наурыз көшесінде кәріз құбырын жүргізу жұмыстарын «Береке Бетон» ЖШС тарапынан жүзеге асырылды. Қазіргі таңда қазылған жерлер толығымен асфальтталып, тиісті түрде ретке келтірілді. | Е. Ерланұлы Д. Шынтасов |
Инфрақұрылым және абаттандыру бөлімі | Орындалды | |
| 23 | 20.08.2025 | Қарасу ш.а. №85 көппәтерлі тұрғын үйдің жанындағы құрылыстың заңдылығын анықтау жұмыстары жүргізілсін, заңсыз болған жағдайда құрылыс нысанын бұзып, орнына спорт алаңшасын салу мүмкіндігі қаралсын. | Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері Қарасу шағын ауданындағы №85 көппәтерлі тұрғын үйдің жанында орналасқан құрылыстың заңдылығын «geo-shym.kz» порталы арқылы зерделеу жұмыстарын жүргізді. Зерделеу нәтижесінде, аталған мекенжай бойынша жер телімінің кадастрлық №193090141016 мемлекеттік актісі бар екендігі және жеке меншікте екендігі анықталды. Жер телімінің нысаналы мақсаты – «ғимараттар мен құрылыстарға қызмет көрсету үшін» деп көрсетілген. Бұдан бөлек, Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері Қарасу шағынауданы №85 көппәтерлі тұрғын үйдің жанында орналасқан құрылыс нысанының заңдылығын «geo-shym.kz» порталы арқылы зерделеу жұмыстарын жүргізді. Зерделеу нәтижесінде, аталған мекенжайға мемлекеттік актінің берілмегені анықталды. Осыған байланысты, көрсетілген аумақта спорт алаңшасын салу мүмкін еместігін хабарлаймыз. Сонымен қатар, құрылыс нысанының иесімен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. |
М. Тажибаев Б. Өтеулі Е. Ерланұлы Д. Шынтасов |
Кәсіпкерлікті қолдау бөлімі Инфрақұрылым және абаттандыру бөлімі |
Түсіндірілді | |
| 24 | 20.08.2025 | Қарасу ш.а. №85 көппәтерлі тұрғын үйдің ауласын жарықтандыру бағанасы орнатылып, ағаштардың діңін әктеу және қураған ағаштарды қырқу жұмыстары жүргізілсін. | Қарасу шағын ауданы №85 мекенжайында орналасқан көппәтерлі тұрғын үйдің ауласында жарықтандыру бағанасы орнатылып, жарықтандыру жүйесі толықтай іске қосылғанын хабарлаймыз. Сонымен қатар, аталған аумақта ағаш діңдерін әктеу және қураған ағаштарды қырқу жұмыстары жүргізілген. | Е. Ерланұлы Д. Шынтасов Б. Жанаев |
Инфрақұрылым және абаттандыру бөлімі Қоғамның орта сапасын дамыту бөлімі |
Орындалды | |
| 25 | 20.08.2025 | Қарасу ш.а. №85 көппәтерлі тұрғын үйдің шатырына Билайн орталығы тарапынан қойылған антеннаның заңдылығы анықталсын. | Қарасу шағын ауданындағы №85 көппәтерлі тұрғын үйдің шатырына «Билайн» орталығы тарапынан орнатылған антеннаның заңдылығы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. | Е. Ерланұлы Б. Жанаев |
Қоғамның орта сапасын дамыту бөлімі | Түсіндірілді | |
| 26 | 20.08.2025 | 8 Наурыз көшесіндегі жаяу жүргіншілер өтпесіне, Қарасу ш.а. №85 көппәтерлі тұрғын үйдің ауласына бейнебақылау камерасын орнату мүмкіндігі қаралсын. | 8 Наурыз көшесіндегі жаяу жүргіншілер өтпесіне және Қарасу шағын ауданындағы №85 көппәтерлі тұрғын үйдің ауласына бейнебақылау камерасы орнатылғанын хабарлаймыз. | Е. Ерланұлы Д. Шынтасов |
Инфрақұрылым және абаттандыру бөлімі | Орындалды | |
| 27 | 20.08.2025 | «Отбасы» аллеясында мекенжайы анықталмаған азаматтар көбейіп кетуіне орай, учаскелік инспекторлармен бірге рейдтік іс-шаралар атқарылсын. | Қарасу шағын ауданындағы «Отбасы» аллеясында мекенжайы анықталмаған азаматтарды анықтап, олардың санын азайту мақсатында рейдтік іс-шаралар күнделікті сағат 19:00-ден 01:00-ге дейін 6506 әскери бөлімінің ұлттық ұлан сарбаздары мен учаскелік полиция инспекторларының қатысуымен бірлесіп өткізілетінін хабарлаймыз. | Б. Смайлов Қ. Арысбеков |
Мәдени даму, спорт және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімі | Орындалды | |
| 28 | 20.08.2025 | Қарасу ш.а. №85 көппәтерлі тұрғын үйдің жертөлесінде орталықтандырылған су құбырынан тоқтаусыз су тамшылау себебін анықтау мақсатында құзырлы мекемелерге ұсыныс хат жолданып, нәтижесі баяндалсын. | Қарасу шағын ауданы №85 көппәтерлі тұрғын үйдің жертөлесіндегі су тамшылау мәселесі бойынша өткізілген жиналыста, «Су ресурстары - Маркетинг» ЖШС жұмыс күшін тегін бөлетіні, ал тұрғындар құрылыс материалдарын өз қаражаттарынан қамтамасыз еткен жағдайда жөндеу жұмыстары жүргізілетіні түсіндірілді. | Е. Ерланұлы Б. Жанаев |
Қоғамның орта сапасын дамыту бөлімі | Түсіндірілді | |
| 29 | 20.08.2025 | Исламов Тойчибай Тел: 87076869541 |
Забадам ш.а. Бадам өзенінің жағалауына жарықтандыру бағанасы мен бейнебақылау камерасын орнату мүмкіндігі қаралсын. | Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы (әрі қарай - Басқарма) Сіздің өтінішіңізді қарастырып, Әл-Фараби ауданы, Бөгет көшесі бойындағы «Бадам» өзені жағалауына жарықшам орнату мәселесі бойынша жауапты мердігер мекеме «ABM-Building 2007» ЖШС-не тиісті тапсырма беріліп, аталған жарықтандыру жұмыстары 2025 жылдың қазан айында орындалды. Жарықтандыру жүйелерінің жұмыс істеу жай-күйі Басқарма мамандарының тұрақты бақылауына алынғанын хабарлаймыз. Сонымен қатар, 2025 жылға арналған Шымкент қаласындағы қоғамдық бейнебақылау камераларын орнату бағдарламасына сәйкес, вандализмнің алдын алу мақсатында Бадам өзені бойына бейнебақылау камералары орнатылды. |
Е. Ерланұлы Д. Шынтасов |
Инфрақұрылым және абаттандыру бөлімі | Орындалды |
| 30 | 20.08.2025 | Жуков Михайл Тел: 87058129039 |
Қамал көшесі арқылы қоғамдық көлік жүргізу мүмкіндігі қарастырылсын. | Камал көшесіне қоғамдық көлік бағыттарын жүргізу мүмкін еместігін хабарлаймыз. Қоғамдық көлік қозғалысы, ең алдымен, қала аумағындағы негізгі және жалғастығы бар орталық көшелер арқылы ұйымдастырылады. Алайда, Камал көшесі тұйық көше болып табылатындықтан және жалғаспайтын жол желісіне байланысты, бұл аумақта қоғамдық көліктің қауіпсіз әрі тиімді қозғалысын қамтамасыз ету мүмкін емес. Осыған орай, арнайы маршрут ашу техникалық және инфрақұрылымдық талаптарға сәйкес келмейді. Тұрғындардың қатынауын қамтамасыз ету мақсатында қолданыстағы бағыттар арқылы үздіксіз көлік қызметі көрсетілетінін мәлімдейміз. | Е. Ерланұлы Д. Шынтасов |
Инфрақұрылым және абаттандыру бөлімі | Түсіндірілді |
| 31 | 20.08.2025 | Қамал көшесін асфальттау барысында қалған құрылыс жабдықтары мен қоқыс үйінділерін тазалау жұмыстары атқарысын. | Қамал көшесін асфальттау жұмыстары аяқталған соң, қалған құрылыс материалдары мен қоқыс үйінділері тазаланды. | Е. Ерланұлы Б. Жанаев |
Қоғамның орта сапасын дамыту бөлімі | Орындалды | |
| 32 | 20.08.2025 | Анетбекова Жайна Тел: 87028837604 |
Дархан базардан Қабанбай батыр көшесіне дейінгі аралыққа Азаттық көшесіне жарықтандыру бағанасын орнату жұмыстары атқарылсын. | Тұрғынның өтінішіне сәйкес, Әл-Фараби ауданы Дархан базар мен Терешкова көшесі (9 қабатты) аралығында жарықтандыру жұмыстары жүргізілгендігін хабарлаймыз. | Е. Ерланұлы Д. Шынтасов |
Инфрақұрылым және абаттандыру бөлімі | Орындалды |
| 33 | 20.08.2025 | 2024 жылы Ә.Әбдіразақов көшесіндегі көппәтерлі тұрғын үйлердің аумағына 4 бейнебақылау камерасы орнатылғанымен бүгінгі күнге дейін іске қосылмаған. Бейнебақылау камераларын іске қосылуын және тұрғындардың қауіпсіздігі үшін камераны кез келген уақытта көруіне мүмкіндік берілуі қамтамасыз етілсін. | Ә.Әбдіразақов көшесіндегі көппәтерлі тұрғын үйлердің аумағында орнатылған бейнебақылау камералары іске қосылды. | Е. Ерланұлы Д. Шынтасов |
Инфрақұрылым және абаттандыру бөлімі | Орындалды | |
| 34 | 20.08.2025 | Раев Жүрсінқұл Тел: 87759506336 |
Қараусыз қалған ғимараттың заңдылығын анықтап, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ғимаратты қоршау жұмыстары жүргізілсін. | Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері тарапынан жүргізілген зерделеу жұмыстары нәтижесінде, қараусыз тұрған ғимараттың мемлекеттік актісі жоқ екені анықталды. Аталған аумақты тәртіпке келтіру мақсатында, «Әл-Фараби» КММ тарапынан қоршау жұмыстары жүргізілетінін хабарлаймыз. | М. Тажибаев Б. Өтеулі |
Кәсіпкерлікті қолдау бөлімі | 2026 жыл |
| 35 | 20.08.2025 | Д.Қонаев даңғылында салынып жатқан жолдың астынан ирригациялық құбыр өткізу мүмкіндігі қаралсын. | Д.Қонаев даңғылында салынып жатқан жолдың астынан ирригациялық құбыр өткізу (репина) жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілді. | Е. Ерланұлы Д. Шынтасов |
Инфрақұрылым және абаттандыру бөлімі | Орындалды | |
| 36 | 20.08.2025 | Д.Қонаев даңғылының Сәуле ш.а. өтетін аумағына су себілуі қамтамасыз етілсін. | Д.Қонаев даңғылының Сәуле шағын ауданынан өтетін бөлігінде су себу жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз. | Е. Ерланұлы Б. Жанаев |
Қоғамның орта сапасын дамыту бөлімі | Түсіндірілді | |
| 37 | 20.08.2025 | Айтубаева Пернекүл Тел: 87013010258 |
Есіл көшесі №3 көппәтерлі тұрғын үйдің ауласындағы спорт және балалар ойын алаңшасын жөндеу жұмыстары атқарылсын. | «Әл-Фараби» КММ тарапынан Есіл көшесі №3 көппәтерлі тұрғын үйдің ауласында орналасқан спорт және балалар ойын алаңшасына жөндеу жұмыстары жүргізілгендігін хабарлаймыз. | Е. Ерланұлы Д. Шынтасов |
Инфрақұрылым және абаттандыру бөлімі | Орындалды |
| 38 | 20.08.2025 | Есіл көшесінің аумағындағы көппәтерлі тұрғын үйлердің ауласын тұрақты түрде бей-берекет қоқыс қалдықтарынан тазалануы бақылауға алынсын. | Есіл көшесінің аумағындағы көппәтерлі тұрғын үйлердің ауласын тұрақты түрде бей-берекет қоқыс қалдықтарынан тазалау жұмыстары жүргізілуде. | Е. Ерланұлы Б. Жанаев |
Қоғамның орта сапасын дамыту бөлімі | Орындалды | |
| 39 | 20.08.2025 | Сейтова Ұлбала Тел: 87054367080 |
Теріскей ш.а. №21 көппәтерлі тұрғын үйдің ауласына балалар ойын алаңшасын жаңарту және әр кіреберіс алаңына орындық орнату мүмкіндігі қарастырылсын. | Әл-Фараби ауданы Теріскей шағынауданы №21 көппәтерлі тұрғын үйдің ауласына балалар ойын алаңшасын орнату жұмыстары 2020 жылы жүргізілген болатын. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес, 2021 жылдан бастап «Халық қатысатын бюджет» жобасы іске асырылып келеді. Аталған жоба аясында қаламызда абаттандыру, балалар алаңшаларын жаңарту жұмыстары тұрғындардың тікелей қатысуымен жүзеге асырылуда. Осыған орай, 2026 жылы өтетін кезекті «Халық қатысатын бюджет» жобасына қатысып, балалар ойын алаңшасын жаңарту және аулаға орындықтар орнату бойынша ұсыныс берулеріңізді сұраймыз. Жоба ережесіне сәйкес, ұсынылған жоба 50-ден астам дауыс жинауы қажет. Егер жоба қажетті дауыс санын жинаған жағдайда, балалар ойын алаңшасын жаңарту және орындықтар орнату мақсатында сметалық құжаттама әзірленіп, бюджеттен қаржы бөлу үшін ұсыныс енгізіледі. Қаржы қаралған жағдайда тиісті абаттандыру және балалар ойын алаңшасын орнату жұмыстары атқарылатынын хабарлаймыз. |
Е. Ерланұлы Д. Шынтасов |
Инфрақұрылым және абаттандыру бөлімі | 2026 жыл |
| 40 | 20.08.2025 | Теріскей ш.а. №21 көппәтерлі тұрғын үйдің ауласына жарықтандыру бағанасы орнатылсын. | Теріскей шағын ауданы №21 көппәтерлі тұрғын үйдің ауласын жарықтандыру жұмыстары жүргізілді. | Е. Ерланұлы Д. Шынтасов |
Инфрақұрылым және абаттандыру бөлімі | Орындалды | |
| 41 | 20.08.2025 | Гибадулина Замира Тел: 87012787833 |
Т.Айбергенов өткелі №14 көппәтерлі тұрғын үйдің қасбетін, шатырын, жылу құбырын жөндеу мақсатында тұрғындарға жиналыс ұйымдастырылып, модернизация бағдарламасының талаптары түсіндірілсін. | Т.Айбергенов өткелі №14 көппәтерлі тұрғын үйдің қасбеті, шатыры және жылу құбырын жөндеу мәселелері бойынша жиналыс өткізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. | Е. Ерланұлы Б. Жанаев |
Қоғамның орта сапасын дамыту бөлімі | Түсіндірілді |
| 42 | 20.08.2025 | Т.Айбергенов өткелі №14 көппәтерлі тұрғын үйдің ауласын асфальттап, балалар ойын алаңшасын орнату мүмкіндігі қарастырылсын. | Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының тарапынан 2026 жылы «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында абаттандыру, балалар ойын алаңшасын орнату және асфальт жабындысын төсеу жұмыстары жүргізілетін болады. | Е. Ерланұлы Д. Шынтасов |
Инфрақұрылым және абаттандыру бөлімі | 2026 жыл | |
| 43 | 20.08.2025 | Т.Айбергенов өткелі №14 көппәтерлі тұрғын үйдің ауласындағы гараждардың заңдылығын анықтау жұмыстары атқарылсын. | Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері «geo-shym.kz» сайты арқылы Т.Айбергенов өткелі №14 көпқабатты тұрғын үй ауласында зерделеу жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде аталған аумақта орналасқан гараждарға жер теліміне меншік құқығын белгілейтін құжаттардың рәсімделгені анықталғанын хабарлаймыз. | М. Тажибаев Б. Өтеулі |
Кәсіпкерлікті қолдау бөлімі | Түсіндірілді | |
| 44 | 20.08.2025 | Дуйсебекова Багитжан Тел: 87756186935 |
Ә.Жангелдин көшесі №8 көппәтерлі тұрғын үйге қарама-қарсы беттегі жаяу жүргіншілер өтпесіне батырмалы (кнопочный) бағдаршам орнату мүмкіндігі қаралсын. | Ә. Жангелдин көшесі, 8-үйдің артындағы аяқ жол талаптарға сәйкес қажетті жол белгілерімен және жарықтандырумен толық қамтамасыз етілгенін хабарлаймыз. «Батырмалы бағдаршам» белгісі негізінен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін арттыру мақсатында бағдаршам маңында орнатылады. Сіз атап өткен бағдаршам аймағы да нормативтік талаптарға сәйкес жарықпен және қажетті жол белгілерімен жабдықталған. Қолданыстағы инфрақұрылым жаяу жүргіншілердің қауіпсіз әрі ыңғайлы қозғалысын қамтамасыз ету үшін барлық талаптарға сай ұйымдастырылғанын мәлімдейміз. |
Е. Ерланұлы Д. Шынтасов |
Инфрақұрылым және абаттандыру бөлімі | Түсіндірілді |
| 45 | 20.08.2025 | Д.Менделеев атындағы №15 мектеп-лицейдің аумағына жарықтандыру бағанасын орнату жұмыстары жүргізілсін. | Д. Менделеев атындағы №15 мектеп-лицейдің аумағында жарықтандыру жұмыстары жүргізілді. | Е. Ерланұлы Д. Шынтасов |
Инфрақұрылым және абаттандыру бөлімі | Орындалды | |
| 46 | 20.08.2025 | Шертаев Ерман Тел: 87017298890 |
Т.Айбергенов көшесі №5в көппәтерлі тұрғын үйдің ауласына шлагбаум орнату заңдылығы түсіндірілсін. | Т.Айбергенов көшесі №5в көппәтерлі тұрғын үйдің ауласында шлагбаум орнатудың заңдылығы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. | Е. Ерланұлы Б. Жанаев |
Қоғамның орта сапасын дамыту бөлімі | Түсіндірілді |
| 47 | 20.08.2025 | Дүйсенова Рапия Тел: 87077434225 |
Ш.Рашидов көшесі перзентхананың жанына аяқжолдың жарты бөлігіне баспалдақ орнату мүмкіндігі қаралсын. | Ш. Рашидов көшесі, перзентхананың жанына қарай орналасқан аяқ жолдың жарты бөлігіне баспалдақ орнату жұмыстары жүргізілді. | Е. Ерланұлы Д. Шынтасов |
Инфрақұрылым және абаттандыру бөлімі | Орындалды |
| 48 | 20.08.2025 | Ш.Рашидов көшесі №25 көппәтерлі тұрғын үйдің ауласына спорт алаңшасын орнату үшін бос жер теліміне зерделеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесі баяндалсын. | Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес, 2021 жылдан бастап «Халық қатысатын бюджет» жобасы жүзеге асырылып келеді. Аталған жоба аясында қаламызда спорт алаңшаларын орнату жұмыстары тұрғындардың тікелей қатысуымен жүргізілуде. Осыған орай, 2026 жылы өтетін кезекті «Халық қатысатын бюджет» жобасына қатысып, спорт алаңшасын орнату бойынша ұсыныстар беруіңізді сұраймыз. Аудан тұрғындары жоба ережесіне сәйкес, ұсынылған жобаға 50 дауыстан жоғары дауыс жинауы тиіс. Егер ұсынылған жобаға 50 дауыстан жоғары дауыс жиналса, спорт алаңшасын салу мақсатында сметалық құжаттама әзірленіп, бюджеттен қаржы қарау үшін ұсыныс енгізіледі. Қаржы қаралған жағдайда спорт алаңшасын орнату жұмыстары жүргізілетіні туралы хабарлаймыз. |
Е. Ерланұлы Д. Шынтасов |
Инфрақұрылым және абаттандыру бөлімі | 2026 жыл | |