Өтініштерді қабылдау: 2024 жылғы 19 наурыз - 5 сәуір аралығы.
Қатысуға өтінімдер мына мекен-жай бойынша қабылданады: Шымкент қаласы, Тыныбаев көшесі №49, «Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты» ММ, анықтама үшін телефон: жұмыс тел: 8(7252)-53-28-92, ұялы тел 8-707-557-44-66. Конкурсқа қатысуға өтінімдер (конкурстық өтінім) жұмыс күндері 2024 жылғы 5 сәуір сағат 17:30-ға дейін қабылданады.
Конкурсқа Ереже талаптарында көрсетілген жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қатыса алады.
Конкурсқа қатысуға өтінімді қатысушы мөрленген, жабық конвертте тапсырады. Конвертте көрсетілуі керек: қатысушы туралы мәліметтер (кәсіпкерлік субъектісі), байланыс ақпараттары, берілген күні. Өтінім тігілген және нөмірленген болуы тиіс.
Конкурсқа қатысуға өтінім келесі құжаттардан тұрады:
1) конкурстық құжаттаманың 2-қосымшасына сәйкес конкурсқа қатысуға өтініш;
2) өтініш берушінің немесе өкілінің сенімхат бойынша жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) ұйымның нысанын куәландыратын құжаттың көшірмесі (жеке кәсіпкер мен шаруа қожалығы – тіркеу туралы куәлік/талон, заңды тұлға – мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік);
4) эскиздік жобаның көшірмесі немесе стационарлық емес сауда объектісінің фотосуреті;
5) салық органының салық берешегінің жоқтығы (болуы) туралы анықтама.
Бірнеше орынға өтінім беруге қатысқан жағдайда, әрбір орынға жеке өтінім беріледі.
Конкурсты ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға тапсырылған өтінімдерде қамтылған мәліметтер және ақпараттың құпиялылығын конверттерді ашқанға дейін оның жабық түрде сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
Қатысушы өтінімді конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі аяқталғанға дейін өзгертуге немесе кері қайтарып алуға құқылы.
Конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімінен кейін келіп түскен өтінімдер қабылданбайды және оны ұсынған тұлғаларға қайтарылады. Берілген өтінімдерді өзгертуге рұқсат етілмейді.
Конкурстық құжаттама танысу үшін электрондық түрде https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-al-farabi?lang=kk ресми сайтында жарияланған.
Конкурстың қорытындысы конкурс комиссиясының отырысы өткеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде «Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының» ММ https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-al-farabi?lang=kk ресми сайтында жарияланады.
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы аумағында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сататын сауда нүктелерін орналастыру орындары
|
№ |
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сататын сауда нүктелерін орналастыру орындары |
Алатын алаңы (шаршы метр) |
Қызмет саласы (Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сататын сауда нүктелері) |
Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі (жыл) |
|
Әл-Фараби ауданы |
||||
|
1. |
Қарасу шағын ауданы, №40 және №43 үйлердің ортасы |
30 |
ӘМАТССН |
1 |
|
2. |
Қарасу шағын ауданы, Алтын Бұлақ моншасының қарсы беті |
30 |
ӘМАТССН |
1 |
|
3. |
Ш.Қалдаяқов көшесі, №4а |
30 |
ӘМАТССН |
1 |
|
4. |
В.Терешкова көшесі, №50А |
30 |
ӘМАТССН |
1 |
|
5. |
І.Жансүгіров пен Хлопзавод көшесінің қиылысы |
30 |
ӘМАТССН |
1 |
|
6. |
17 шағын ауданы, Ж.Шаяхметов к-сі №4 үйдің оң жағы |
30 |
ӘМАТССН |
1 |
|
7. |
Күншығыс шағын ауданы,№94 үй |
30 |
ӘМАТССН |
1 |
|
8. |
Күншығыс шағын ауданы, №11А |
30 |
ӘМАТССН |
1 |
|
9. |
Сайрам шағын ауданы, №38а |
30 |
ӘМАТССН |
1 |
|
10. |
18 шағын ауданы, Т.Рысқұлов көшесі №26 «Мадлен» кофяйнясы жолдың қарама-қарсы беті |
30 |
ӘМАТССН |
1 |
|
11. |
Сәуле шағын ауданы, Зерде көшесі №1 қарама-қарсы жағы |
30 |
ӘМАТССН |
1 |
|
12. |
Көркем шағын ауданы, Б.Саттарханов көшесі №10/1 ғимараттың алды |
30 |
ӘМАТССН |
1 |
|
13. |
Күншығыс шағын ауданы, №46 үй |
30 |
ӘМАТССН |
1 |
|
14. |
Көркем шағынауданы, Б.Саттарханов көшесі №10 |
30 |
ӘМАТССН |
1 |
|
15. |
Көркем шағынауданы, Б.Саттархановкөшесі №104 |
30 |
ӘМАТССН |
1 |
|
16. |
Көркем шағынауданы, Б.Саттархановкөшесі №16 |
30 |
ӘМАТССН |
1 |
|
17. |
Сәуле шағынауданы, Жаңабазар мен Дәулет көшелерінің қиылысы |
30 |
ӘМАТССН |
1 |