Шымкент қаласы мәслихатының Қазақстан Республикасы Президентінің (Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы) 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 Жарлығына және «Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы» 2013 жылғы №704 Жарлығына (39-тармақ) сәйкес, Әл-Фараби ауданының әкімі 2023 жылы атқарған жұмыстарының есебі және 2024 жылы жоспарланған жұмыстар туралы аудан тұрғындарымен қаңтар айында 1 (бір) рет есеп беру кездесуін өткізді. Есеп беру кездесуінің өткізілетін орны, күні мен уақыты әлеуметтік желілерге жарияланып, орам басшылары мен үй басқарушыларына хабарлама жолданып, аудан тұрғындарының кездесуге қатысуы қамтамасыз етілді. Аудан тұрғындарын толғандырып жүрген мәселелерін жан-жақты талқылап, дер кезінде шешу жолдарын қарастыру мақсатында, барлық басқарма басшылары мен ауданға қарасты аумақтық мекемелер, құқық қорғау органдарының жауапты қызметкерлері шақырылды.
Әл-Фараби ауданының әкімі Р.Мынбаевтың төрағалығымен 2024 жылы 1 рет халықпен кездесу өтті. Халықпен кездесу нәтижесінде 40 мәселе көтерілді. Атап айтқанда,
Қазіргі таңда, 7 мәселе шешілді, 33 мәселе орындалу барысында.