| 2023 жылы Р.Мыңбаевтың Әл-Фараби ауданының тұрғындарына есеп беру кездесулерінде берілген ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру жөніндегі ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ |
||||||
| Жалпы тапсырма саны - 57 | ||||||
| Орындалғаны - 24 | ||||||
| Түсіндірілді - 4 | ||||||
| 2024-2025 жылдарғы өтпелі - 29 | ||||||
| № | Аты-жөні | Ұсыныс, ескертудің мазмұны | Ағымдағы мәртебесі, жағдайы | Орындау мерзімі | Жауаптылар | |
| 1 тоқсан | ||||||
| Д. Қонаев даңғылы, Мәделі қожа, Ж. Адырбеков, Төле би, А. Анаров көшелері мен Қошқар ата аумағының тұрғындарымен кездесу | ||||||
| 1 | Нина Николаевна Желтоқсан көш., 32 | Желтоқсан көшесі №32 үйдің ауласын асфальттау мәселесі қаралсын. | Желтоқсан көшесі №32 үйдің ауласын асфальттау мәселесін шешу үшін Әл-Фараби ауданы аппараты тарапынан "Әл-Фараби" КММ ұсыныс енгізілді. 2024 жылы асфальттау жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. | 2024 жылға өтпелі | А.Мусабаев Д.Шынтасов | |
| 2 | Сәкен, Әлімқұлов көш., 34 үй тұрғыны | Әлімқұлов көшесі №34 үйдің алдына ирригациялық арық жүргізу бойынша тиісті жұмыстар жүргізілсін. | Әлімқұлов көшесі №34 үйдің алдына ирригациялық арық жүргізу бойынша Әл-Фараби ауданы аппараты тарапынан сметалық құжаттамалар әзірленіп, бюджеттік нақтылауға өтінім жолданатын болады. 2024 жылы ирригация салу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. | 2024 жылға өтпелі | А.Мусабаев Д.Шынтасов | |
| 3 | Кулимбетова Разия, Түркістан көш., 11 үй басқарушысы | Түркістан көшесі №11 үйдің ауласына жүргізілген абаттандыру жұмыстарының кемшіліктері бойынша тиісті мердігер мекемеге хат жолдансын. | Түркістан көшесі №11 үйдің ауласына 2020 жылы абаттандыру жұмыстары жүргізілген болатын. Қазрігі таңда, балалар ойын алаңшасының кепілдік мерзімі аяқталған. Алдағы уақытта аталған кемшіліктер "Әл-Фараби" КММ тарапынан ретке келтірілетін болады. | 2024 жылға өтпелі | А.Мусабаев Д.Шынтасов | |
| «Сәуле» шағынауданы, 195 және 276 орам тұрғындарымен кездесу | ||||||
| 4 | Сариева Құрбанкүл Ақжайқын көш., н/з | 2022 жылы «Сәуле» шағынауданы Тұмарлы көшесіне ирригациялық арықты орнату жұмыстарының салдарынан бүлінген асфальт қабатын ретке келтіру жұмыстары жүргізілсін. | 2022 жылы «Сәуле» шағынауданы Тұмарлы көшесіне ирригациялық арықты орнату жұмыстарының салдарынан бүлінген асфальт қабатын ретке келтіру үшін "Серік Бизнес Құрылыс" ЖШС тиісті тапсырма беріліп, 2024 жылдың 1 тоқсанында ретке келтірілетін болады. | 2024 жылға өтпелі | А.Мусабаев Д.Шынтасов | |
| 5 | Арыстанбек Жұпар, 195 орам тұрғыны | 195 орам Ақжайқын, Қазата, Дария, Маржансу көшелеріне ирригациялық арық орнату үшін зерделеу жұмыстарын жүргізіп, сметалық құжаттамасы әзірленіп, экономика және бюджетті жоспарлау басқармасына ұсыныс хат жолдансын. | 195 орам Ақжайқын, Қазата, Дария, Маржансу көшелеріне ирригациялық арық орнату үшін зерделеу жұмыстарын жүргізіп, сметалық құжаттамасын әзірленді. 2024 жылы бюджеттік нақтылауға өтінім ұсынылатын болады. Қаржы қаралған жағдайда ирригациялық арықты орнату жұмыстары атқарылатын болады. | 2024 жылға өтпелі | А.Мусабаев Д.Шынтасов | |
| «Химфарм», «Забадам» шағынауданы тұрғындарымен кездесу | ||||||
| 6 | Сағындықова Халима,Талтүс 58 үйдің тұрғыны | Забадам ш/а. Талтүс көшесіне, «Химфарм» ш/а. Ақбастау көшесіне ирригациялық арық орнату жұмыстары жүргізілсін. | Забадам ш/а. Талтүс көшесіне ирригациялық арық орнату үшін зерделеу жұмыстарын жүргізіп, сметалық құжаттамасын әзірленді. 2024 жылы бюджеттік нақтылауға өтінім ұсынылатын болады. Қаржы қаралған жағдайда ирригациялық арықты орнату жұмыстары атқарылатын болады. Сонымен қатар, «Химфарм» ш/а. Ақбастау көшесіне ирригациялық арық қыркүйек айында орнатылады. | 2024 жылға өтпелі | А.Мусабаев Д.Шынтасов | |
| 7 | Беделова Марина, Рашидова 112,13 пәтер тұрғыны | Ш.Рашидов көшесі, 112 тұрғын үйдің алдына балалар ойын алаңшасын орнату жұмыстары жүргізілсін. | Ш.Рашидов көшесі, 112 тұрғын үйдің алдына балалар ойын алаңшасын орнату мақсатында Әл-Фараби ауданы аппараты D90 | 2024 жылға өтпелі | А.Мусабаев Д.Шынтасов | |
| 8 | Тургунова Диана Суворова №2,8 пәтер тұрғыны | «Химфарм» ш/а., Суворов көшесіне ағаш көшеттерін отырғызу, қураған ағаш бұталарды санитарлық қырқу, көгалдандыру жұмыстары атқарылсын. | Химфарм шағынауданындағы қураған ағаш бұталарын санитарлық қырқу жұмыстары кестеге сәйкес атқарылатын болады. Сонымен қатар, Суворов көшесін көгалдандыру үшін күзгі ағаш отырғызу кезеңінде ағаш көшеттері отырғызылды. | Орындалды | А.Мусабаев М.Төлеуіш | |
| 9 | Тургунова Диана Суворова №2,8 пәтер тұрғыны | «Химфарм» ш/а. Суворов көшесі, 4а көпқабатты тұрғын үйлердің ауласындағы қоқыс тастауға арналған контейнерлерді жаңарту жұмыстары жүргізілсін. | Суворов көшесі №4а көпқабатты тұрғын үйдің ауласындағы қоқыс контейнерлерін жаңарту үшін аудан әкімі аппараты тарапынан сметалық құжаттамасы әзірленіп, келесі бюджеттік нақтылауға өтінім жолданатын болады. Бюджеттен қаржы қаралған жағдайда, тиісті жұмыстар атқарылатының мәлімдейміз. | 2024 жылға өтпелі | А.Мусабаев Д.Шынтасов | |
| 2 тоқсан | ||||||
| "Қарасу" ш/а., Ш.Рашидов, В.Терешкова көшелерінің тұрғындарымен кездесу | ||||||
| 10 | Дүйсенова Рахия, Рашидов көшесі №25 үй төрайымы | Ш.Рашидов көшесі №25, 27 көпқабатты тұрғын үйдің ауласына аяқжол, ирригациялық арық орнату және гараждың алдын асфальттау мақсатында, сметалық құжаттамасы әзірленіп, қалалық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасына бюджеттік өтінім жолдансын. | Ш.Рашидов көшесі №25, 27 көпқабатты тұрғын үйдің ауласына аяқжол, ирригациялық арық орнату және гараждың алдын асфальттау мақсатында Әл-Фараби ауданы аппараты тарапынан сметалық құжаттамалар әзірленіп, келесі бюджеттік нақтылауға өтінім жолданатын болады. | 2024 жылға өтпелі | М.Тажибаев Д.Шынтасов | |
| 11 | Розанова Людмила, "Қарасу" ш/а 13 үй тұрғыны | «Қарасу» ш/а. №13 көпқабатты тұрғын үйдің ауласына 20 метр аяқжол және ирригациялық арық орнату үшін сметалық құжаттамасы әзірленіп, қалалық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасына бюджеттік өтінім жолдансын. мекемеге хат жолдануы қамтамасыз етілсін. | «Қарасу» ш/а. №13 көпқабатты тұрғын үйдің ауласына 20 метр аяқжол және ирригациялық арық орнату үшін Әл-Фараби ауданы аппараты тарапынан сметалық құжаттамалар әзірленіп, келесі бюджеттік нақтылауға өтінім жолданатын болады. Бюджеттен қаржы қаралған жағдайда, тиісті жұмыстар атқарылатының мәлімдейміз. | 2024 жылға өтпелі | М.Тажибаев Д.Шынтасов | |
| 12 | Куралов Ералы, Қарасу ш/а №12 үй тұрғыны | «Қарасу» ш/а №12 көпқабатты тұрғын үйдің ауласындағы бүлінген, сынған балалар ойын алаңшасы мен ирригациялық арықты қалпына келтіру және игерілмей бос жатқан жер теліміне балалар ойын алаңшасын орнату мүмкіндігі қарастырылсын. | «Қарасу» ш/а №12 көпқабатты тұрғын үйдің ауласындағы бүлінген, сынған балалар ойын алаңшасы қалпына келтіру бойынша "СтройКомПрогресс" ЖШС мердігер мекемеге 2023 жылдың 04 мамырдағы №95 хатпен тапсырма берілді. Сонымен қатар, игерілмей бос жатқан жер теліміне Әл-Фараби ауданы аппараты тарапынан зерделеу жұмыстары жүгізіліп, нәтижесінде бос жер телімі анықталмады. «Қарасу» ш/а №12 үйдің алдына ирригациялық арық жүргізу бойынша Әл-Фараби ауданы аппараты тарапынан сметалық құжаттамалар әзірленіп, келесі бюджеттік нақтылауға өтінім жолданатын болады. | 2024 жылға өтпелі | М.Тажибаев Д.Шынтасов | |
| 13 | Адырбек Гүлмира Қарасу ш/а №21 үй тұрғыны | «Қарасу» ш/а. №21 көпқабатты тұрғын үйдің ауласына спорт алаңшасын орнату үшін, жеке меншікке берілген жер телімін мемлекет мұқтажына алу жұмыстары жүргізілсін. | «Қарасу» ш/а. №21 көпқабатты тұрғын үйдің ауласына спорт алаңшасын орнату үшін, жеке меншікке берілген жер телімін мемлекет мұқтажына алу жұмыстары жүргізілуде. | 2024 жылға өтпелі | М.Тажибаев Д.Шынтасов | |
| 14 | Шоланова Раушан, Терешкова көшесі №10а/4а үй төрайымы | В.Терешкова көшесі №10а/4а көпқабатты тұрғын үйдің жанындағы қоқыс алаңшасындағы контейнерлерді жаңарту жұмыстары жүргізілсін. | Аудан аумағындағы қоқыс контейнерлерін жаңарту үшін мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп, мердігер мекеме анықталды. 2024 жылы аталған мекен-жайдағы ескі қоқыс контейнерлерін жаңасына ауыстырылатын болады. | 2024 жылға өтпелі | М.Тажибаев М.Төлеуіш | |
| №15,16,17,18, Ж.Адырбеков, Төле би, Ақназархан, Елшібек батыр аумағындағы тұрғындарымен кездесу | ||||||
| 15 | Алдабергенова К.М. 18 ш.а. №76 8707 715 06 46 | 17 ш.а. №12а және 18 ш.а. №76 үйдің аулаларына балалар ойын алаңшасын орнату бойынша түзілген мемлекеттік актілерді 2024 жылғы жоспарға ауыстыру жұмыстары жүргізілсін. | 17 ш.а. №12а және 18 ш.а. №76 үйдің аулаларына балалар ойын алаңшасын орнату мақсатында Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты тарапынан мемлекеттік актілерді рәсімдеу жұмыстары 2024 жылға жоспарлануда. | 2024 жылға өтпелі | М.Тажибаев Д.Шынтасов | |
| 16 | Ушкова Людмила 18 ш.а. №42 - 58 877 320 60 50 | №18 ш.а. №42 үйдің ауласындағы аяқ жол мәселесі бойынша жіберілген кемшіліктерді анықтап, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілсін. | №18 ш.а. №42 үйдің ауласын абаттандыру (аяқ жол орнату) бойынша Әл-Фараби ауданы аппараты тарапынан сметалық құжаттамалар әзірленіп, келесі бюджеттік нақтылауға өтінім жолданатын болады. Бюджеттен қаржы қаралған жағдайда, тиісті жұмыстар атқарылатының мәлімдейміз. | 2024 жылға өтпелі | М.Тажибаев Д.Шынтасов | |
| 17 | Кириченко Людмила 16 ш.а. №42 8 705 779 10 37 | 16 ш.а. №42 үйдің ауласына ирригациялық арық жүргізу бойынша зерделеу жұмыстары жүргізіліп, ұсыныс енгізілсін. | 16 ш.а. №42 үйдің ауласына ирригациялық арық жүргізу бойынша Әл-Фараби ауданы аппараты тарапынан сметалық құжаттамалар әзірленіп, келесі бюджеттік нақтылауға өтінім жолданатын болады. Бюджеттен қаржы қаралған жағдайда, тиісті жұмыстар атқарылатының мәлімдейміз. | 2024 жылға өтпелі | М.Тажибаев Д.Шынтасов | |
| 18 | Исакова Людмила 18 ш.а. № 51 87029865267 | 18 ш.а. №42 үйдің ауласына балалар ойын алаңшасын орату бойынша зерттеу жұмыстары жүргізілсін. | №18 ш.а. №42 үйдің ауласын абаттандыру (аяқ жол орнату) бойынша Әл-Фараби ауданы аппараты тарапынан сметалық құжаттамалар әзірленіп, келесі бюджеттік нақтылауға өтінім жолданатын болады. Бюджеттен қаржы қаралған жағдайда, тиісті жұмыстар атқарылатының мәлімдейміз. | 2024 жылға өтпелі | М.Тажибаев Д.Шынтасов | |
| 6 сектор Арбат, Республика даңғылы, Б.Момышұлы, А.Асқаров, Т.Айбергенов , Ш.Қалдаяқов , Ә.Молдағұлова көшелері аумағындағы тұрғындарымен кездесу | ||||||
| 19 | Кажанова Аяна "Қарасу" ш/а, 58 үй тұрғыны Тел: 8 776 017 01 00 | «Қарасу» ш/а. №58 үйдің ауласына асфальт қабатын төсеу үшін сметалық құжаттамасы әзірленсін. | «Қарасу» ш/а. №58 үйдің ауласын асфальттау мәселесін шешу үшін Әл-Фараби ауданы аппараты тарапынан "Әл-Фараби" КММ ұсыныс енгізілді. 2024 жылы асфальттау жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. | 2024 жылға өтпелі | М.Тажибаев Д.Шынтасов | |
| 20 | Исалиев Бауыржан Әл-Фараби алаңы, 4 Тел: 8 771 145 12 10 | Әл-Фараби алаңы №4, Ә.Жангелдин көшесі №22а үйдің ауласындағы балалар ойын алаңшасына жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында, «Әл-Фараби» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне ұсыныс хат жолдансын. | Әл-Фараби алаңы №4 тұрғын үйдің ауласы 2018 жылы абаттандырылып, балалар ойын алаңшасы орнатылған. "Әл-Фараби" КММ ойын алаңшасын жөндеу үшін ұсыныс жолданған. Ә.Жангелдин көшесі №22а үйдің ауласындағы ойын элементтерін жөндеу мақсатында сметалық құжаттамалары әзірленіп, бюджеттік өтінім ұсынылды. Қазіргі таңда бюджеттен қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілді. Жеңімпаз мердігер мекеме анықталып, жөндеу жұмыстары басталған болатын. Алайда, Шымкент қаласы мамандандырылған ауданаралық сотының ұйғарымымен мердігер мекеме мен Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты арасындағы келісім-шарт заңсыз деп танылды. Сонымен қатар, Жангелдин көшесі №22а үй ауласын абаттандыру мақсатында 2024 жылға бюджеттік өтінім ұсынылатын болады. | 2024 жылға өтпелі | М.Тажибаев Д.Шынтасов | |
| 21 | Лариса Ивановна Жангелдин көш., 24а Тел: 8 777 137 73 15 | Ә.Жангелдин көшесі №24а үйдің ауласындағы темір жәшікті орынан алып тастау жұмыстары жүргізілсін. | Ә.Жангелдин көшесі №24а үйдің ауласындағы темір жәшікті орынан алып тастау үшін "Әл-Фараби" КММ тапсырма берілді. | 2024 жылға өтпелі | М.Тажибаев М.Төлеуіш | |
| 3 тоқсан | ||||||
| 18, Күншығыс шағынаудан тұрғындарымен кездесу | ||||||
| 22 | Салибеков Талғат Келесович Шымкент қ, Күншығыс ш/а.106-3 Тел: 87017551747 | Балалар ойын алаңшасын жаңарту жұмыстары жүргізілсін. | Күншығыс ш/а.106 үйдің ауласына ирригациялық арық жүргізу бойынша Әл-Фараби ауданы аппараты тарапынан сметалық құжаттамалар әзірленіп, келесі бюджеттік нақтылауға өтінім жолданатын болады. Бюджеттен қаржы қаралған жағдайда, тиісті жұмыстар атқарылатының мәлімдейміз. | 2024 жылға өтпелі | М.Тажибаев Д.Шынтасов | |
| 23 | Джунисова Ғалия Марипхановна Шымкент қ., 18 ш.а. №60-2 Тел: 87052192145 | Балалар ойын алаңшасы орнату жұмыстары 2024 жылдың жоспарына енгізілсін. | 18 ш.а. №60 үйдің ауласына орнату мақсатында "Халық қатысатын бюджет" жобасына қатысу қажет. Егер аталған ұсынысқа халық арасында 50 дауыс жиналса, Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты тарапынан зерделеу жұмыстарын жүргізіп, сметалық құжаттамасы әзірленеді. | 2024 жылға өтпелі | М.Тажибаев Д.Шынтасов | |
| 24 | Байтыкова Кенже Калдыбековна Шымкент қ., 18 ш/а. 62 үй тұрғыны | Көпқабатты тұрғын үйдің ауласын абаттандыру жұмыстары жүргізілсін. | 18 ш.а. №60 үйдің ауласына орнату мақсатында "Халық қатысатын бюджет" жобасына қатысу қажет. Егер аталған ұсынысқа халық арасында 50 дауыс жиналса, Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты тарапынан зерделеу жұмыстарын жүргізіп, сметалық құжаттамасы әзірленеді. | 2024 жылға өтпелі | М.Тажибаев Д.Шынтасов | |
| Ә.Жангелдин көшесі, Түркістан көшесі, Ғ.Иляев көшесі, Т.Рысқұлбеков көшесі, Мәделі қожа көшесі, Ескі қала шағынауданы аумағындағы тұрғындармен кездесу | ||||||
| 25 | Махсудова М.А. Бостандық көшесі 7 үй тұрғыны | Тұрысов көшесі №47 көпқабатты тұрғын үйдің ауласына, Бостандық №1 көшесіне балалар ойын алаңшасын орнату мүмкіндігі қарастырылсын. |
Тұрысов көшесі №47 үйдің ауласын абаттандыру және балалар ойын алаңшасын орнату бойынша Әл-Фараби ауданы аппараты тарапынан сметалық құжаттамалар әзірленіп, келесі бюджеттік нақтылауға өтінім жолданатын болады. Бюджеттен қаржы қаралған жағдайда, тиісті жұмыстар атқарылатынын мәлімдейміз. | 2024 жылға өтпелі | А.Мусабаев Д.Шынтасов | |
| 26 | Миркасимов Кахраман Мирхаликович, Детский тұйығы 5 үй тұрғыны | Өзбек көшесінің бойындағы көпірді жоғары көтеру бойынша қала әкіміне ұсыныс енгізіліп, аталған жұмыстар толығымен атқарылсын. | Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан Өзбек көшесінің бойындағы көпірді жоғары көтеру жұмыстары толығымен атқарылды. | Орындалды | А.Мусабаев Д.Шынтасов | |
| 27 | Сибиргаева Ханифа Қабанбай батыр көшесі, 2а үй тұрғыны | Тұрысов көшесі №47 көпқабатты тұрғын үйге «Аружан» балабақша жанындағы қоқыс алаңшасын басқа орынға ауыстыру үшін санитарлық талапқа сай келетін жер теліміне зерделеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесі баяндалсын. | Тұрысов көшесі №47 көпқабатты тұрғын үйге арналған қоқыс алаңшасын басқа орынға ауыстыруға жер телімі анықталмады. Сонымен қатар, аталған қоқыс алаңшасының мемлекеттік актісі алынған, басқа орынға ауыстыруға мүмкіншілік жоқ. | Түсіндірілді | А.Мусабаев М.Төлеуіш | |
| 28 | Жунисбекова Айсара Ғ.Иляев көшесі 22 үй басқарушысы | Ғ.Иляев көшесі №22 көпқабатты тұрғын үйдің ауласындағы қоқыс алаңшасы жаңартылып, қоқыс тазалайтын мекемелерге қоқыс тасымалдау барысында алаңшаның аумағын тазалап кетуі ескертілсін және экологиялық полицияға тиісті хат жолданып, бей-берекет қоқыс тастаушы тұлғаларға айыппұл салынуы қадағалансын. | Ғ.Иляев көшесі №22 көпқабатты тұрғын үйге арналған қоқыс алаңшасы жаңартылды. Сонымен қатар, қоқысты тасымалдайтын "ШымкентСпецКомплекс" ЖШС-на қоқыс алаңшасының аумағын тазалау бойынша ескертілді. Экологиялық полицияға тиісті хат жолданып, бей-берекет қоқыс тастаушы азаматтарға айыппұл салынды. | Орындалды | А.Мусабаев М.Төлеуіш | |
| "Қарасу" ш/а., 17 ш/а, Сәуле ш/а тұрғындарымен кездесу | ||||||
| 29 | Жунисова Жадра Сериковна Шымкент қ, Қарасу 26, 11 пәтер Тел: 8 775 199 26 80 | «Қарасу» ш/а №26 көпқабатты тұрғын үйдің ауласын көгалдандыру мақсатында ағаш көшеттері отырғызылсын. | Қарасу шағынауданы №26 үйдің ауласын көгалдандыру мақсатында ағаш көшеттері отырғызылды. | Орындалды | М.Тажибаев М.Төлеуіш | |
| 30 | Тастанбекова Клара Шымкент қ., Қарасу көшесі 5а Тел: 8 701 193 17 37 | «Қарасу» ш/а №5а көпқабатты тұрғын үйдің ауласына балалар ойын алаңшасын орнату үшін жер телімін аудан әкімі аппаратының теңгеріміне алу жұмыстары жүргізілсін. | Қазіргі таңда, аулаларды абаттандыру "Халық қатысатын бюджет" жобасы арқылы жүзеге асырылуда. Осыған орай, Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты тарапынан келесі жылы өтетін "Халық қатысатын бюджет" жобасына қатысуыңызды сұраймыз. Егер, «Халық қатысатын бюджет» жобасының ережесіне сәйкес Қарасу ш/а №5а көп қабатты тұрғын үй 50 дауыстан жоғары дауыс жинаған жағдайда аталған мекен-жайға балалар ойын алаңшасын орнату жұмыстарын атқару үшін, Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты тарапынан далалық зерттеу жұмыстары мен мемлекеттік акті алу жұмыстары жүргізіледі және сметалық құжаттама әзірленіп, бюджеттен қаржы қарау мақсатында ұсыныс енгізілетін болады. Қаржы қаралған жағдайда абаттандыру жұмыстары жоспарға сәйкес атқарылатындығын хабарлаймыз. | 2024 жылға өтпелі | М.Тажибаев Д.Шынтасов | |
| 31 | Кантарбаева Лаура Шымкент қ., Сәуле көшесі 5а Тел: 8 775 404 70 32 | «Сәуле» ш/а Сәуле көшесіне ирригациялық арық орнату үшін сметалық құжаттамалары әзірленіп, бюджеттік комиссияға өтінім жолдансын. | Қазіргі таңда, ирригациялық жүйелерді орнату "Халық қатысатын бюджет" жобасы арқылы жүзеге асырылуда. Осыған орай, Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты тарапынан келесі жылы өтетін "Халық қатысатын бюджет" жобасына қатысуыңызды сұраймыз. Егер, «Халық қатысатын бюджет» жобасының ережесіне сәйкес Сәуле ш/а Сәуле көшесі 50 дауыстан жоғары дауыс жинаған жағдайда аталған мекен-жайға ирригациялық жүйе орнату жұмыстарын атқару үшін, Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты тарапынан сметалық құжаттама әзірленіп, бюджеттен қаржы қарау мақсатында ұсыныс енгізілетін болады. Қаржы қаралған жағдайда ирригациялық жүйе орнату жұмыстары жоспарға сәйкес атқарылатындығын хабарлаймыз. | 2024 жылға өтпелі | М.Тажибаев Д.Шынтасов | |
| 32 | Кикбаева Кулжан Байтұрсынов көш., 86 үй, 16 пәтер Тел: 8 778 553 04 64 | А.Байтұрсынов көшесі №86 тұрғын үй 16 пәтердегі лоджияның астын қоршау, есік орнату жұмыстары «Әл-Фараби» КММ тарапынан атқарылсын | А.Байтұрсынов көшесі №86 тұрғын үй 16 пәтердегі лоджияның астын қоршау, есік орнату жұмыстары «Әл-Фараби» КММ тарапынан атқарылды. | Орындалды | М.Тажибаев Е.Ахелов | |
| 4 тоқсан | ||||||
| 15, 16, 17, 18 ш.а., Ж.Адырбеков, Төле би, Ақназар хан, Елшібек батыр көшелерінің тұрғындарымен кездесу | ||||||
| 33 | Кулбаева Әсел 18 ш.а. №25 үй | 18 ш.а. №19 көпқабатты тұрғын үй ауласына балалар ойын алаңшасын орнату, спорт алаңшасындағы тозған резіңке жабынын жаңарту мүмкіндігі қаралсын. | 18 ш.а. №19 көпқабатты тұрғын үй ауласындағы спорт алаңшасының тозған резіңке жабынын жаңарту үшін Еңбекші ауданы әкімі аппаратына 17.11.2023 жылы шығыс №28-04-05/1850 хаты жолданды. | Орындалды | М.Тажибаев Д.Шынтасов | |
| 34 | Кулбаева Әсел 18 ш.а. №25 үй | №100 «Тоғжан» балабақшасына баратын жолға және М.Сапарбаев көшесіне аяқжол, жарықтандыру бағанасын орнату үшін құзырлы басқармаларға ұсыныс хат жолдансын. | №100 «Тоғжан» балабақшасына баратын жолға және М.Сапарбаев көшесіне аяқжол, жарықтандыру бағанасын орнату үшін Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына 08.11.2023 жылы шығыс №28-04-07/1805 ұсыныс хаты, Шымкент қаласы энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасына 08.11.2023 жылы шығыс №28-04-06/1804 ұсыныс хаты жолданды. | Орындалды | М.Тажибаев Д.Шынтасов | |
| 35 | Айқынбеков Бақытжан 18 ш.а. №7 үй Тел: 8 702 528 53 91 | 16 ш.а. №10 көпқабатты тұрғын үйдің ауласына балалар ойын алаңшасын және 18 ш.а. №7, 9 көпқабатты тұрғын үйлердің ауласына ирригациялық арық орнату мақсатында сметалық құжаттамалары әзірленсін. | Қазіргі таңда, аулаларды абаттандыру "Халық қатысатын бюджет" жобасы арқылы жүзеге асырылуда. Осыған орай, Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты тарапынан келесі жылы өтетін "Халық қатысатын бюджет" жобасына қатысуыңызды сұраймыз. Егер, «Халық қатысатын бюджет» жобасының ережесіне сәйкес 16 ш.а. № 10 көп қабатты тұрғын үй 50 дауыстан жоғары дауыс жинаған жағдайда аталған мекен-жайға балалар ойын алаңшасын орнату жұмыстарын атқару үшін, Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты тарапынан далалық зерттеу жұмыстары мен мемлекеттік акті алу жұмыстары жүргізіледі және сметалық құжаттама әзірленіп, бюджеттен қаржы қарау мақсатында ұсыныс енгізілетін болады. Қаржы қаралған жағдайда абаттандыру жұмыстары жоспарға сәйкес атқарылатындығын хабарлаймыз. Оған қоса, 18 ш.а. №7, 9 көпқабатты тұрғын үйлердің ауласына ирригациялық арық орнату "Халық қатысатын бюджет" жобасы арқылы жүзеге асырылуда. Осыған орай, Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты тарапынан келесі жылы өтетін "Халық қатысатын бюджет" жобасына қатысуыңызды сұраймыз. Егер, «Халық қатысатын бюджет» жобасының ережесіне сәйкес айтылған тұрғын үй 50 дауыстан жоғары дауыс жинаған жағдайда аталған мекен-жайға сметалық құжаттама әзірленіп, бюджеттен қаржы қарау мақсатында ұсыныс енгізілетін болады. Қаржы қаралған жағдайда ирригациялық арық орнату жұмыстары жоспарға сәйкес атқарылатындығын хабарлаймыз. | Түсіндірілді | М.Тажибаев Д.Шынтасов | |
| 36 | Алдиярова Айман М.Сапарбаев көшесі Тел: 8 707 731 78 07 | М.Сапарбаев көшесіне кәріз жүйесін жүргізу мақсатында құзырлы басқармаға ұсыныс енгізілсін. | М.Сапарбаев көшесіне кәріз жүйесін жүргізу мақсатында, Шымкент қаласы энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасына 08.11.2023 жылы шығыс №28-04-06/1804 ұсыныс хаты жолданды. | Орындалды | М.Тажибаев Д.Шынтасов | |
| 37 | Муталова Шахсана 18 ш.а. №9 үй Тел: 8 777 559 63 54 | 18 ш.а. №9 көпқабатты тұрғын үйдің артында орналасқан дәріхана аумағын жарықтандыру үшін құзырлы басқармаға ұсыныс енгізілсін. | 18 ш.а. №9 көпқабатты тұрғын үйдің артында орналасқан дәріхана аумағын жарықтандыру үшін, Шымкент қаласы энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасына 08.11.2023 жылы шығыс №28-04-06/1804 ұсыныс хаты жолданды. | Орындалды | М.Тажибаев Д.Шынтасов | |
| 38 | Айқынбеков Бақытжан 18 ш.а. №7 үй Тел: 8 702 528 53 91 | 18 ш.а. №7 көпқабатты тұрғын үйдің ауласына ирригациялық арықты кестеге сәйкес тазалау жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуі бақылауға алынсын. | №18 шағынауданы №7 көпқабатты тұрғын үйдің ауласындағы ирригациялық арыққа "Жасыл ел" ЖШС тарапынан кестеге сәйкес тұрақты тазалық жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстар аудан әкімі апаратының тұрақты бақылауында. | Орындалды | М.Тажибаев М.Төлеуіш | |
| 39 | Айгерім Айдархановна 16 ш.а. №41 үй Тел: 8 777 604 29 88 | «Элит сервис» ЖШС, «ТеплоКомСервис» ЖШС мекемелерімен түзілген келісім-шартты біржақты бұзып, өзге тазалық қызметін көрсетуші мекемелермен 2 сектор тұрғындарының келісім-шартқа отыруы қамтамасыз етілсін. | «Элит сервис»ЖШС, «Теплокомсервис»ЖШС тікелей тұрғындармен жасалған шарт негізінде сервистік қызмет көрсету қызметін көрсетеді. Ұйым мен халық арасында жасалған шарт олардың құқықтары мен міндеттерін анықтайды. Заңды тұлға жеке тұлғалар арасында азаматтық құқық негізінде әрекет етеді. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 24-тарауына сәйкес шартта көрсетілген талаптар орындалмаған жағдайда шартты өзгерту немесе бұзу көзделген. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 9-бабына сәйкес азаматтық құқықтарды қорғауды сот жүзеге асыратынын хабарлаймыз. Сондай-ақ, 2 сектордағы орналасқан сервистік қызмет бойынша, келісім- шартқа тұрмаған көпқабатты тұрғын үйлерге, келісім-шартқа тұру бойынша Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты мамандары тарапынан түсіндірме жұмыстары жүргізілді. |
Түсіндірілді | М.Тажибаев М.Төлеуіш | |
| 40 | Айгерім Айдархановна 16 ш.а. №41 үй Тел: 8 777 604 29 88 | 16 ш.а. №41 көпқабатты тұрғын үйдің ауласында маскүнемдер мен мекен-жайы анықталмаған тұрғындарға қоғамдық тыныштықты сақтау бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізілсін. | "Күншығыс" ш/а №39, 40, 66 үй аулаларында кешкі уақытта маскүнемдер жергілікті учаскелік инспектордың тарапынан рейдтік іс-шара өткізіліп, хаттама түзілді. Алдағы уақытта маскүнемдерге қарсы рейдтік іс-шаралар тұрақты жүргізілетін болады. | Орындалды | М.Тажибаев Е.Ерланұлы | |
| 41 | Гармашева Зоя 16 ш.а. №3 үй Тел: 8 705 720 05 67 | 16 ш.а. №3 көпқабатты тұрғын үйдің ауласындағы темір гараждарды мемлекет мұқтажына алып, бос жерге абаттандыру және балалар ойын алаңшасын орнату мүмкіндігі қарастырылсын. | 16 ш.а. №3 көпқабатты тұрғын үйдің ауласындағы темір гараждарды мемлекет мұқтажына алу үшін, жер телімінің иесін анықтау жұмыстары жүргізілуде. | 2024 жылға өтпелі | М.Тажибаев Е.Ерланұлы | |
| 42 | Айқынбеков Бақытжан 18 ш.а. №7 үй Тел: 8 702 528 53 91 | 18 ш.а. №7 көпқабатты тұрғын үйдің ауласындағы балалар ойын алаңшасын және асфальт қабатын жаңарту жұмыстары атқарылсын. | 18 ш.а. №7 көпқабатты тұрғын үйдің ауласындағы балалар ойын алаңшасын және асфальт қабатын жаңарту жұмыстары 2024 жылдың жұмыс жоспарына енгізілді. | 2024 жылға өтпелі | М.Тажибаев Е.Ахелов | |
| 43 | Асан Жазира Қоғамдық кеңес мүшесі | М.Жұмабаев атындағы №39 жалпы білім беретін мектеп оқушыларының суреті әлеуметтік желілерге таралуына жол берген анонимді парақшаларды жою үшін мектеп ұжымы тарапынан заңға сәйкес жұмыс жүргізілуі қамтамасыз етілсін. | М.Жұмабаев атындағы №39 жалпы білім беретін мектеп оқушыларының суреті әлеуметтік желілерге таралуына жол берген анонимді парақшаларды жою үшін мектеп ұжымы тарапынан заңға сәйкес ата-аналарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. | Түсіндірілді | Б.Смайлов Б.Салиев | |
| VІІ сектор: «Химфарм», «Көркем», «Сәуле», «Текесу», «Береке», «Ақтас-2» шағынаудандары аумағындағы тұрғындармен кездесу | ||||||
| 44 | Есенгелді Мырзабек "Сәуле" ш.а. Тараз көшесінің тұрғыны | «Сәуле» ш.а. Тараз көшесіне кәріз жүйесін жүргізу мақсатында энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасына ұсыныс енгізілсін. | Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасына 04.12.2023 жылы шығыс №28-04-05/1930 хаты жолданды. | Орындалды | М.Тажибаев Д.Шынтасов | |
| 45 | Есенгелді Мырзабек "Сәуле" ш.а. Тараз көшесінің тұрғыны | Балалар ойын және спорт алаңшасын орнату үшін «Сәуле» шағынауданы Тараз – Жаңатас көшелерінің аумағындағы бос жер теліміне зерделеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесі баяндалсын. | Балалар ойын және спорт алаңшасын орнату үшін «Сәуле» шағынауданы Тараз – Жаңатас көшелерінің аумағындағы бос жер телімі анықталған жоқ. | Орындалды | М.Тажибаев Д.Шынтасов | |
| 46 | Исламов Тойчибай, Забадам ш/а. тұрғыны | «Сәуле» ш.а. Тараз көшесін, Бадам өзені арқылы №13 орта мектепке дейінгі аралықты және Күмісті, Ақжауын көшелерін жарықтандыру үшін энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасына ұсыныс енгізілсін. | Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасына 04.12.2023 жылы шығыс №28-04-05/1930 хаты жолданды. | Орындалды | М.Тажибаев Д.Шынтасов | |
| 47 | Исламов Тойчибай, Забадам ш/а. тұрғыны | Д.Қонаев даңғылының құрылыс жұмыстары жүргізілуіне байланысты «Көркем» ш.а. Сарвиназ дүкені мен жанындағы үй жоғарыда орналасуына орай тұрғындар үйлеріне кіре алмай кедергі келтіруде. Аталған мәселенің нақты шешу жолдарын жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының қызметкерлерімен бірге қарастарып, нәтижесі баяндалсын. | Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына 04.12.2023 жылы шығыс №28-04-05/1928 хаты жолданды. | Орындалды | М.Тажибаев Д.Шынтасов | |
| 48 | Сейтбеков Қалдыбек "Сәуле" ш.а. Майқұм көшесінің тұрғыны | «Сәуле», «Береке» ш.а. қатынайтын қоғамдық көліктерге Кешкі уақытта оқушылар сыймай қалуына байланысты, маршруттың санын көбейтіп, аралық интервалын жақындату мақсатында, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына хат жолдансын. | Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына 04.12.2023 жылы шығыс №28-04-05/1928 хаты жолданды. | Орындалды | М.Тажибаев Д.Шынтасов | |
| 49 | Тұрсынай Орынбекқызы, Сәуле ш/а орам басқарушысы | 7 секторда электр жарығының жиі өшу себебін анықтау бойынша энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасына хат жолдансын. | Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасына 04.12.2023 жылы шығыс №28-04-05/1930 хаты жолданды. | Орындалды | М.Тажибаев Д.Шынтасов | |
| 50 | Тұрсынай Орынбекқызы, Сәуле ш/а орам басқарушысы | №96 қоғамдық көлікті «Сәуле» ш.а. емхана алдынан жүргізу үшін, жүру сызбасына өзгеріс енгізу мақсатында, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына ұсыныс жолдансын. | Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына 04.12.2023 жылы шығыс №28-04-05/1928 хаты жолданды. | Орындалды | М.Тажибаев Д.Шынтасов | |
| 51 | Тұрсынай Орынбекқызы, Сәуле ш/а орам басқарушысы | «Сәуле», «Береке» ш.а. жерді өз бетінше иеленіп алған тұрғындарды анықтау мақсатында құзырлы мекемелермен бірге рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылсын. | Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері зерделеу жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде «Гаухар-Тас» «Фирмасы» ЖШС сауда қатарында келісім-шарт негізінде 43 тұлға сауда жасап жатқандығы анықталды. Аудандық полиция басқарамасымен бірлесіп тиісіт акті тұзіліп, «Гаухар-Тас» «Фирмасы» ЖШС иеленіп отырған сауда қатарларының жерге құқық белгілейтін құжаттарының заңдылығын анықтау мақсатында Шымкент қаласы сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасына 29.12.2023 жылы №28-03-09/2084 хаты жолданды. Шымкент қаласы сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы хатымен («Гаухар-Тас» «Фирмасы» ЖШС, (БСН:980440005067) сауда үйінің әкімшісі азаматша (Козыбакова Дамеля Азбергеновна, (ЖСН:551016400278)) Шымкент қаласы, Ж.Ташенов көшесі бойында орналасқан мемлекетке тиесілі жер учаскесін өз бетінше ешкандай құқық растайтын құжаттарсыз заңсыз иеленіп алып, дүңгіршіктер салып алып және қоршау орнатып алғандығы анықтап, әкімшілік шара қолдану үшін Шымкент қаласының жер ресурстарын басқару департаментіне 09.01.2024 жылы №24-07-11/364 хатын жолдаған. | Орындалды | М.Тажибаев Е.Ерланұлы | |
| 52 | Тұрсынай Орынбекқызы, Сәуле ш/а орам басқарушысы | Интернет, ұялы байланыс жүйесінің сапасын жоғарылату жұмыстарын жүргізу үшін цифрландыру басқармасына хат жолдансын. | Шымкент қаласының цифрландыру Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасына 04.12.2023 жылы шығыс №28-04-05/1929 хаты жолданды. | Орындалды | М.Тажибаев Д.Шынтасов | |
| 53 | Шерманов Ережеп 195 орам тұрғыны | Оқушылардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында №129 жалпы орта мектептің алдына жолақ сызу, «1.17. Жасанды жол кедергісі», «5.16. Автобус аялдамасы», «3.27. Тоқтауға болмайды» жол белгілерін орнату үшін жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына ұсыныс хат енгізілсін. | Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына 04.12.2023 жылы шығыс №28-04-05/1928 хаты жолданды. | Орындалды | М.Тажибаев Д.Шынтасов | |
| 54 | Саттарова Жазира Өндірістік көш. 39 үй тұрғыны | Мектеп оқушыларына қолайлы жағдай жасау мақсатында, №32 қоғамдық көлікті «Береке» ш.а. дейін жүргізу бойынша құзырлы мекемеге ұсыныс хат жолдансын. | Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына 04.12.2023 жылы шығыс №28-04-05/1928 хаты жолданды. | Орындалды | М.Тажибаев Д.Шынтасов | |
| 55 | Шерманов Ережеп 195 орам тұрғыны | «Көркем» ш.а. қараусыз жүрген иттерді аулау жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасына ұсыныс хат жолдансын. | Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасына қаңғыбас иттерді аулау жұмыстарын жүргізу бойынша 25.12.2023 жылы №28-06-09/2034 хат жолданды. | Орындалды | М.Тажибаев М.Төлеуіш | |
| 56 | Раев Жүрсін, "Сәуле" ш.а. Орам басқарушысы | Қайтыс болған азаматтардың жер телімдерін мемлекетке қайтару бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстар жүргізіліп, нәтижесі баяндалсын. | Қайтыс болған азаматтардың жер телімдерін мемлекетке қайтару бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстар жүргізілуде | 2024 жылға өтпелі | М.Тажибаев Е.Ерланұлы | |
| 57 | Тұрсынай Орынбекқызы, Сәуле ш/а орам басқарушысы | Мектеп оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, учаскелік инспектормен бірге «Сәуле» ш.а. түрменің аумағында тұратын ерекше тұлғаларға түсіндірме жұмыстары жүргізілсін. | Мектеп оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, учаскелік инспектормен бірге «Сәуле» ш.а. түрменің аумағында тұратын ерекше тұлғаларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. | Орындалды | Б.Смайлов Б.Жанаев | |