АНАЛИТИЧЕСКОЕ ОПРЕДЕЛЕНИЕ внутреннего анализа, проведенного с целью выявления рисков коррупции в ГУ «Аппарат акима Аль-Фарабийского района г. Шымкент»

Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін

анықтау мақсатында жүргізілген ішкі талдаудың

ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМАСЫ

 

 

Шымкент қаласы                                                                 2023 жылғы маусым

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауға жататын мекеменің атауы: «Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай - Аппарат).

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің негіздері:

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-Заңы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары» және Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімінің 2023 жыл                       16 маусымдағы №02-10/43 өкімі.

        

         Сыбайластық жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың бағыты:

         1) Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының қызметіндегі өкімдеріне сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

         2) Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

 

         Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізетін құрылымдық бөлімше, лауазымды тұлға (лауазымды тұлғалар) немесе жұмыс тобының персоналдық құрамы:

  1. Б.Смайлов – аудан әкімінің орынбасары, жұмыс тобының төрағасы;
  2. Б.Султанбеков – ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімінің бас маман-заңгері, жұмыс тобының хатшысы;
  3. А.Мусабаев – аудан әкімінің орынбасары;
  4. М.Тажибаев – аудан әкімінің орынбасары;
  5. А.Жалмурзаева – ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімінің басшысы;
  6. Б.Салиев – әлеуметтік қорғау, мәдени даму және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің басшысы;
  7. М.Төлеуіш – қоғамның орта сапасын дамыту бөлімінің басшысы.
  8. Д.Шынтасов – инфрақұрылым бөлімі

Ішкі талдауға өзге субъектілердің мамандары мен сарапшылары тартылған жоқ.

 Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мерзімі: 01.01. – 31.06.2023 жыл (30 күнтізбелік күн).

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі:                    2023 ж. (қаңтар-мамыр).

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізуге және жұмыстың нәтижесіне басшылық, үйлестіру және жауаптылық жүктелетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субъектісінің лауазымды тұлғасы: Б.Султанбеков.

 Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша талдау жұмыстарының сипаттамасы:

 1 – міндет. Қолданыстағы құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Аппараттың қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің арасында сыбайлас жемқорлық және құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін өзінің қалауы бойынша шешім қабылдайтын өкілеттік пен нормалар анықталмады.

 2 – міндет. Ішкі құжаттардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Аппараттың істер номенклатурасы бекітілген. Сәйкесінше өкімдерді тіркеу журналдары істер номенклатурасына сәйкес ресімделген.

Аппаратта талдау кезеңінде жалпы саны 158 (оның ішінде: 39 негізгі құрам, 119 жеке құрам) аудан әкімінің өкімдері заңнама талаптарына сәйкес әзірленген. Аудан әкімінің өкімдері, өкімнен туындайтын іс-әрекеттердің жүзеге асырылу мерзімдері, жүзеге асыратын, жүзеге асырылуын бақылайтын лауазымды тұлғаның аты-жөндері нақты жазылып қабылданған.

Аудан әкімі аппараты қызметкерлеріне қойылатын біліктілік талаптарында және қызметтік нұсқаулықтарында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық (өзінің қалауы бойынша шешім қабылдау) өкілеттік пен нормалар анықталмады. Аудан әкімінің орынбасарлары мен аппарат басшысы арасындағы бөлінген міндеттерінде: басшылық жасайтын бөлімдер мен жетекшілік ететін салалары, құзыреттері мен жауапкершіліктері нақты көрсетілген. Аудан әкімі аппаратының барлық мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің лауазымдық нұсқаулықтарында құқықтары, міндеттері, сыбайлас жемқорлыққа ұштасатын шектеулері бойынша жауапкершіліктері көрсетілген.

Аппараттағы барлық қызметшілердің жеке істері толық рәсімделген. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер тарапынан жыл сайын мүлік пен кіріс туралы декларацияны тапсырмау фактісі орын алмаған.

 

3 – міндет. Персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратында шттаттық құрылым бойынша      29 мемлекеттік қызметші бекітілген және 5 бөлімнен тұрады.

         Оның ішінде: аудан әкімі – 1 (саяси), әкімінің орынбасары – 3                          (Е-1 – санаты), аппарат басшысы – 1 (Е-2 – санаты), бөлім басшысы – 5 (Е-3 – санаты), бас инспектор – 4 (Е4), бас маман – 15 (Е-4 – санаты).

         Анықтама үшін:

  • Ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімі – штат саны 5 (бес) бірлік – бөлім басшысынан, 2 (екі) бас инспектор және 2 (екі) бас маманнан (бас инспектор-кадр, бас инспектор-есепші, бас маман және бас маман-заңгерден) тұрады;
  • Әлеуметтік қорғау, мәдени даму және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімі – штат саны 6 (алты) – бөлім басшысынан, 1 (бір) бас инспектор және 4 (төрт) бас маманнан тұрады;
  • Қоғамның орта сапасын дамыту бөлімі – штат саны 7 (жеті) – бөлім басшысынан, 1 (бір) бас инспектор және 5 (бес) бас маманнан тұрады;
  • Инфрақұрылым бөлімі – штат саны 3 (үш) – бөлім басшысынан және 2 (екі) бас маманнан тұрады;
  • Кәсіпкерлікті қолдау бөлімі – штат саны 3 (үш) – бөлім басшысынан және 2 (екі) бас маманнан тұрады.

Талдау кезеңінде, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына ішкі ауысымдық тәртіппен тағайындалған мемлекеттік қызметшілер саны 4 (төрт), «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына жалпы конкурстық комиссияның оң қорытындысы жұмысқа қабылданған мемлекеттік қызметшілер саны 3 (екі), «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымынан өз еркімен босатылғандар саны (2).

 «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына ішкі ауысымдық тәртіппен тағайындалған мемлекеттік қызметшілер тізімі:

 

1. Ж.Оспанов

Әлеуметтік қорғау, мәдени даму және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің басшысы лауазымынан босатылып

аудан әкімі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды

27.01.2023ж

№02-12/22

2. Б.Салиев

Ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімінің басшысы лауазымынан босатылып

әлеуметтік қорғау, мәдени даму және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды

31.01.2023ж

№02-12/28

3. А.Жалмурзаева

Ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімінің бас инспекторы лауазымынан босатылып

Ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды

01.02.2023ж

№02-12/30

4.А.Ахметов

Кәсіпкерлікті қолдау бөлімінің бас маманы лауазымынан босатылып

Ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімінің бас инспектор лауазымына тағайындалды

23.02.2023ж

№02-12/43

 

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына жалпы конкурстық комиссияның оң қорытындысы жұмысқа қабылданған мемлекеттік қызметшілер тізімі:

 

1.

Е.Қалдыбаев

Әлеуметтік қорғау, мәдени даму және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы

29.03.2023ж

№02-12/64

2.

Г.Қанат

Кәсіпкерлікті қолдау бөлімінің бас маманы

03.04.223ж

№02-12/72

3.

Н.Сәрсенов

Инфрақұрылым бөлімінің бас маманы

03.04.2023ж

№02-12/73

 

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымынан өз еркімен босатылғандардың тізімі:

 

1.

Б.Мелдебеков

Аудан әкімі аппаратының басшысы лауазымынан босатылды

26.01.2023ж

№02-12/21

2.

А.Зайнуллаева

Әлеуметтік қорғау, мәдени даму және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы лауазымынан босатылды

09.02.2023ж

№02-12/36

 

ҚР Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ҚР органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемақылар белгілеу туралы №1127 қаулысына және Әл-Фараби аудан әкімі аппаратының қызметкерлеріне материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемақылар белгілеу қағидасына сәйкес, аппарат комиссиясының шешімімен бала туылуына байланысты бөлімнің бас инспекторы А.Ахметовқа және аудан әкімі аппарат басшысы Ж.Оспановқа ақшалай материалдық көмек көрсетілген. Қазіргі таңда аудан әкімі аппаратында бос мемлекеттік әкімшілік лауазым орны жоқ.

Аудан әкімінің 08.02.2023 жылғы №02-12/35 өкім негізінде аудан әкімінің орынбасары Б.Смайловқа өзіне жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза, 28.02.2023 жылғы №02-12/45 өкім негізінде аудан аумағында санитарлық тазалау жұмыстарын тиісті деңгейде ұйымдастырмай кемшіліктерге жол бергені үшін қоғамның орта сапасын дамыту бөлімінің бас маманы Т.Әлімбекұлына «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза, 28.02.2023 жылғы №02-12/44 өкім негізінде аудан аумағында санитарлық тазалау жұмыстарын тиісті деңгейде ұйымдастырмай кемшіліктерге жол бергені үшін негізінде қоғамның орта сапасын дамыту бөлімінің бас инспекторы Е.Әбілмәжіновке «сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза және 09.03.2023 жылғы №02-12/53 өкім негізінде ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 24 маусымдағы №429 қаулысымен бекітілген Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларының 6 тармағы 1 тармақшасы және 65 тармағын сақтамағаны үшін ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімінің бас маманы М.Ордабековаға «сөгіс» түріндегі тәртіптік жазаларға тартылған.

Аудан әкімінің 23.06.2023 жылғы №02-12/140 өкімімен жоғарыда аталған қызметкерлерге қатысты тәртіптік жаза мерзімінен бұрын алынды.

Тәуекел:

  • бөлімнің қызметкерлері аудан аумағын санитарлық тазалаушы мердігер мекеменің жұмысын бақылауға алмауы және немқұрайлы қарауының салдарынан орын алған кемшіліктер анықталуы;
  • бөлімнің қызметкері мәліметтерді таратылуы шектелген құжаттарды Заңмен бекітілген талаптарын сақтамауы.

Ұсыным:  

  • Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидалары талаптарын қатаң сақтауды қамтамасыз етілсін;
  • Аудан аумағын санитарлық тазалаушы мердігер мекеменің жұмысын бақылауға алынсын;
  • Аппарат қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқын қалыптастыру бойынша тұрақты түрде түсіндіру жұмыстары жүргізілсін.

 

Аппарат қызметшілеріне Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректер базасы арқылы сұрау салынып, нәтижесінде сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық әрекеттерге байланысты жауапкершілікке тартылғандар анықталмаған.  

 4 – міндет. Мүдделер қақтығысымен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Аппаратта мүдделер қақтығысының белгілері анықталған жоқ.

 5 – міндет. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтермен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Аппарат өз құзыреті шегінде 1). «Жаттықтырушы, әдіскер, нұсқаушы – спортшы және спорт төрешісі біліктілік санаттарын және спортшыларға спорттық разрядтарын беру» 2). «Әскерге шақырту кейінге қалдыру» және 3). «Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату» туралы 3 (үш) мемлекеттік қызметтерді көрсетуді жүзеге асырылады. Талдау барысында:

  • «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі біліктілік санаттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша 60 өтініш қаралып, құқық бұзушылық анықталмаған. Аталған мемлекеттік қызметті көрсету бойынша құжаттарды қабылдау және нәтижесін беру «Мемлекеттік корпорация» арқылы жүзеге асырылғандықтан, көрсетілетін қызмет алушылар арасында тікелей байланыс орын алмайды және сыбайлас жемқорлық факторларға жол бермейді.
  • «Әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша 171 өтініш қаралып, құқық бұзушылық анықталмаған. Аталған мемлекеттік қызметті көрсету бойынша құжаттарды қабылдау және нәтижесін беру электрондық форматта «E-license.kz» веб-порталы арқылы жүзеге асырылғандықтан, көрсетілетін қызмет алушылар арасында тікелей байланыс орын алмайды және сыбайлас жемқорлық факторларға жол бермейді;
  • «Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша 83 өтініш қаралып, құқық бұзушылық анықталмаған. Аталған мемлекеттік қызметті көрсету бойынша құжаттарды қабылдау және нәтижесін беру электрондық форматта «E-license» веб-порталы арқылы жүзеге асырылғандықтан, көрсетілетін қызмет алушылар арасында тікелей байланыс орын алмайды және сыбайлас жемқорлық факторларға жол бермейді.

Аудан әкімі аппаратында көрсетілген мемлекеттік қызметтер автоматтандырылған, яғни көрсетілген қызмет алушылар арасында тікелей байланыс орын алмайды және сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

 6 – міндет. Рұқсат етуші функцияларын жүзеге асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Аппараттың құзыретінде рұқсат етуші функциялар қарастырылмаған.

 7 - міндет. Бақылау функцияларын жүзеге асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Аппараттың құзыретінде бақылау функциялар қарастырылмаған.

 8 – міндет. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтегі басқа да мәселелерге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

 

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек бойынша:

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексі Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі Кодексіне сәйкес, Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының жанынан атаулы әлеуметтік көмекке (бұдан әрі – АӘК) өтініш білдірген отбасылардың материалдық жағдайларын тексеріп, қорытынды беру үшін 7 (жеті) учаскелік комиссия құрылып жұмыс жүргізеді. Құрамына үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, учаскелік инспекторлар, аудандағы мектептердің әлеуметтік педагогтары мен емханалардың әлеуметтік қызметкерлері енгізілген. Аталған учаскелік комиссия АӘК-ке өтініш білдірген барлық отбасылардың материалдық жағдайының мұқтаждық деңгейін анықтау мақсатында санитарлық нормалардың талаптарын сақтай отырып, үйме-үй аралап, жан-жақты тексеру жұмыстарын жүргізеді.  Сонымен қатар, комиссия мүшелері АӘК-ке құжат тапсырған отбасылардың материалдық жағдайына тексеру барысында аталған Заңның 5 бабы, 5-тармағына сәйкес, яғни «Е-Халық» автоматтандырылған базасы арқылы азаматтардың атындағы жылжыйтын және жылжымайтын мүліктер тіркелген немесе тіркелмегені туралы мәліметтер алынып, тексеру жұмыстарын жүргізеді.

Тексеру барысында учаскелік комиссиялар Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы N 29-ө бұйрығымен бекітілген Учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережені, сонымен қатар өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру қорытындысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждығын айқындау өлшемшарттарын басшылыққа алады.

2023 жылың І жарты жылдыққа аудан бойынша 3958 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш білдіріп, оның 3737 отбасы «Мұқтаж», 221 отбасы «Мұқтаж емес» деп танылып, тиісті қорытындылары «Халықты жұмыспен қамту орталығына» уақытылы жолданды.

Тәуекел: атаулы әлеуметтік көмекке үміткерлер мен учаскелік комиссияның тікелей байланысы.

Ұсыным: АӘК учаскелік комиссияның құрамына тәуелсіз бақылаушыларды тарту мүмкіндігін қарастыру, өтініш білдірушілердің                        үй-жайын фото, видео түсіру.

 

Кәсіпкерлікті қолдау бөлімі (бұдан әрі- бөлім) аудан аумағында заңсыз сауда, заңсыз жарнама орындарын анықтау бойынша бірлескен мониторингтік жұмыстарды жүргізу. Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты тарапынан инвестиция тарту бойынша инвесторлармен тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы аумағы 7 секторға бөлінген. Шымкент қаласы қалалық орта сапасы және бақылау басқармасымен бірлесіп, қазіргі таңға дейін, аудан аумағында 7 сектор араланып, нәтижесінде, жалпы 91 құрылыс нысандары бар оның ішінде 60 рұқсат құжаты бар, рұқсат құжаттары жоқ нысандар саны 31 олармен тиісті жұмыстар атқарылуда.

Аудан аумағында жалпы дүңгіршектердің саны 213, оның ішінде заңды құжаты бар 103, заңсыз орнатылған дүңгіршектер саны 110 құрайды. Аппараттың қызметкерлері тиісті мекемелермен бірлесе түсіндіру жұмыстарын жүргізі барысында 58 дүңгіршек орнынан алынып 52 дүңгіршек иелеріне түсіндіру жұмыстары жалғасуда.

Ретсіз сауда қатарларын реттеу – ауданымыздың өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты тарапынан «Орталық қырғы базар» аумағындағы белгіленбеген орындарда сауда жасалуда. Қазіргі таңда, Аудан аумағындағы басты көшелерде белгіленбеген орында сауда жасаушы тұлғаларға ретсіз сауда қатарын реттеу бойынша Шымкент ҚПД Әл-Фараби аудандық полиция басқармасымен бірлесіп тұрақты түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Талдау кезеңінде  Аппарат қызметкерлері аудандық полиция басқармасының қызметкерлерімен ҚР ӘҚБТК-ның 204 бабы бойынша аудан аумағында заңсыз саудамен айналысқандарға қатысты 465 әкімшілік хаттама толтырылды. Оның 347 ескерту, 118 тұлғаға айыппұл салынды. Жалпы айыппұл соммасы 2 146 700 теңге құрап, оның 908 040 теңгесі өндірілген.

         Сыртқы (көрнекі) жарнамаларды заңдастыру, заңсыз жарнамаларды жою бойынша құзырлы мекеме қызметкерлерімен бірлесіп, аудан аумағындағы басты көшелердің бойында орналасқан кәсіпкерлік нысан иелеріне түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Нәтижесінде, 200 жуық кәсіпкерлерге жарнамалардың заңдылығы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді

         Аудан аумағында әлеуметтік маңызы бар тауар санатындағы заттар саудаланатын ірі 3 базар, 4 сауда орталығы мен 500-ге жуық азық-түлік дүкендері орналасқан. Аталған сауда нысандарындағы әлеуметтік тауарлардың бағасына күнделікті мониторинг жұмыстары жүрігізіліп, саудагерлер мен сауда орталық басшыларына қолданыстағы заңнамаға сәйкес әлеуметтік тауарлардың үстеме бағасы белгіленген пайыздан аспау керектігі түсіндіріліп келеді.

         Тәуекел: аудан әкімінің орынбасары мен бөлім қызметкерлерінің – кәсіпкерлермен тікелей байланысы.

         Ұсынымдар: Әлеуметтік желідегі парақшаларда мониторинг бойынша анықталған құқық бұзушылықтар, жауапқа тартылған жағдайлар бойынша ашық ақпараттарды орналастыру. 

 

         9 – міндет. Қаржы шаруашылық қызметімен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Талдау кезеңі бойынша, Аппарат және мердігер мекемелер арасында жалпы 122 мемлекеттік сатып алу шарты жасасқан, оның ішінде 4 мемлекеттік сатып алу шарттары – Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасы арқылы, 62 ашық конкурс арқылы, 21 келісім шарт баға ұсыныстарын сұрату бойынша, 30 электронды дүкен арқылы және бір көзден 9 келісім жарт жасалған. Мемлекеттік сатып алуларды жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық және құқық бұзушылықтар анықталмаған.

 

Қоғамның орта сапасын дамыту бөлімі (бұдан әрі – бөлім) Аудан аумағындағы санитарлық тазалық (көп қабатты тұрғын үйлердің аулаларын және ішкі орам жолдардың шөп ору, ағаш қырқу, әктеу, бей-берекет жиналған қоқыс орындарын жою және т.б. жұмыстары) жұмыстарымен айналысады.

Бұл қызмет түрлері мемлекеттік сатып алуларының ашық конкурстары бірыңғай ұйымдастырушымен (Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасымен) және Аппарат арқылы жүзеге асырылды.

Мемлекеттік сатып алу негізінде түзілген келісімшарт негізінде  «Өнім беруші» атқарылған жұмыс түрлерінің көлемін «Тапсырыс беруші» растап қабылдайды.

Аудан аумағындағы көп қабатты тұрғын үйлердің санитарлық тазалық жұмыстарын, аула, ішкі орам жолдарын тазалау бойынша, көлеміне қарай 7 учаскеге бөлінген. Әр учаскеге аудан әкімі аппаратының жауапты мамандары бекітілген. Көп қабатты тұрғын үйлердің санитарлық тазалық жұмыстарын, аула, ішкі орам жолдарын тазалау жұмыстарын «Жасыл ел» ЖШС мен «Бәйтерек Л.Б.» ЖШС мердігер мекемелері тарапынан атқарылуда.

Әл-Фараби ауданының ішкі орамдық жолдары мен ішкі орамдық аумақты көгалдандыру жұмыстарын (ағаштарды қырқу, шөптерді ору жұмыстары, әктеу т.б.) «СЕНІМДІ ҚҰРЫЛЫС» ЖШС мен «ЖК ШӘРІПБАЙ» мердігер мекемелері тарапынан жүргізілуде.

Аудан аумағындағы жеке және көп қабатты үй тұрғындары қоқыс шығару бойынша келісім шартқа тұрған. Қоқыстардың уақытылы алынуы тұрақты бақылауда.

Аудан әкімі аппараты және аудандық төтенше жағдайлар бөлімімен бірлесе 2023-2024 жылғы жылыту маусымы кезеңінде, аудан тұрғындарына газ қазандықтары мен жылыту пештерін пайдалану кезінде сақтық шаралары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сондай ақ, дала өртінің алдын алу мақсатында, аудан аумағындағы «Текесу» тұрғын алабындағы егістік алқап иелері тарапынан, жалпы ұзындығы 18 шақырым егістік алқаптарға минералды жолақ жырту жұмыстары жүргізілді.

Тәуекел: Бөлімге жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасары мен бөлім қызметкерлерінің мердігер ұйыммен тікелей байланысы.

Ұсынымдар: Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының талаптарын мүлтіксіз орындау. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін жазаның бұлтартпастығы туралы бейнероликтер көрсету;

         Инфрақұрылым бөлімі (бұдан әрі – бөлім) Аудан аумағын абаттандыруға, көпқабатты үй аулаларына балалар ойын алаңшаларын, спорт алаңшаларын орнату,  абаттандырылған  нысандардың пайдалануын қадағалау жұмыстарын жүзеге асыру жұмыстарын қамтамасыз етеді.

         2023 жылдың талдау кезеңі бойынша аудан аумағындағы  39 көпқабатты тұрғын үйдің ауласын абаттандыруға сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сатып алу конкурсы ұйымдастырылды. Конкурстың қорытындысына сәйкес 39 аулаға балалар ойын алаңшасын орнату жұмыстарын 5 мердігер мекеме және 2 аулаға ашық спорт алаңшасын орнату жұмыстарын 1 мердігер мекеме атқарылып жатыр.

         Атап айтқанда балалар ойын алаңшалары бойынша: «Айдынбек ЖШС», ЖК «Барокбаев Т.И», «Astana Smart Plus» ЖШС, «Strong servise» ЖШС, «Мерей LTD» ЖШС, ашық спорт алаңшалары бойынша: «Aba building» ЖШС мердігер мекемелері орнатуда.

         Бүгінгі таңда, мердігер мекемелер тарапынан абаттандыру жұмыстары кестеге сәйкес атқарылуда.

         Сонымен қатар, аудан тұрғындары тарапынан түскен өтініштер негізінде балалар ойын алаңшаларын және ашық спорт алаңшаларын орнатуға жер телімдерін анықтап, заңдастыру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.

         Мемлекеттік сатып алу негізінде түзілген келісім шарт негізінде «Өнім беруші» атқарған жұмыстарды «Тапсырыс беруші» растап қабылдайды.

         Тәуекел: Бөлімге жетекшілік ететін аудан әкімі орынбасары мен бөлім қызметкерлерінің мердігер мекемемен тікелей байланысы.

         Ұсынымдар:

  • мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын мүлтіксіз сақтау, конкурстық құжаттаманы әзірлеу сатысында сырттан мамандарды қарастыру;
  • жүргізілген сатып алу тәсілі, соммасы, жеңімпаз мердігер туралы және т.б. ақпаратты мекеменің әлеуметтік желідегі парақшаларына ашық ақпаратты орналастыру, орындалған жұмыстарды қабылдап алу кезінде қоғамдық бақылау кеңесін қатыстыру.

        

10 – міндет. Жасырын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді анықтау.

Талдау барысында аппаратта жасырын көрсетілетін қызметі түрі анықталмады.

Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, құқық бұзушылық туралы ақпарат:

  • бөлімнің қызметкерлері аудан аумағын санитарлық тазалаушы мердігер мекеменің жұмысын бақылауға алмауы және немқұрайлы қарауының салдарынан орын алған кемшіліктер анықталуы;
  • бөлімнің қызметкері мәліметтерді таратылуы шектелген құжаттарды Заңмен бекітілген талаптарын сақтамауы.
  • әлеуетті өнім берушімен орындалған, жеткізілген жұмыстарды қабылдау барысында тапсырыс берушінің арасында тікелей байланыстың болуы;
  • атаулы әлеуметтік көмекке үміткерлер мен учаскелік комиссияның тікелей байланысы;
  • мониторингтік жұмыстарды (сыртқы жарнамалар, ретсіз сауда, заңсыз құрылыстар) жүргізу барысында кәсіпкерлік субъектілермен тікелей байланыстың болуы;

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар:

  • Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидалары талаптарын қатаң сақтауды қамтамасыз етілсін;
  • аудан аумағын санитарлық тазалаушы мердігер мекеменің жұмысын бақылауға алынсын;
  • басқармада қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқын қалыптастыру бойынша тұрақты түрде түсіндіру жұмыстары жүргізілсін;
  • АӘК учаскелік комиссияның құрамына тәуелсіз бақылаушыларды тарту мүмкіндігін қарастыру, өтініш білдірушілердің үй-жайын фото, видео түсіру;
  • әлеуметтік желідегі парақшаларда мониторинг бойынша анықталған құқық бұзушылықтар, жауапқа тартылған жағдайлар бойынша ашық ақпараттарды орналастыру;
  • Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының талаптарын мүлтіксіз орындау. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін жазаның бұлтартпастығы туралы бейнероликтер көрсету;
  • мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын мүлтіксіз сақтау, конкурстық құжаттаманы әзірлеу сатысында сырттан мамандарды қарастыру;
  • жүргізілген сатып алу тәсілі, соммасы, жеңімпаз мердігер туралы және т.б. ақпаратты мекеменің әлеуметтік желідегі парақшаларына ашық ақпаратты орналастыру, орындалған жұмыстарды қабылдап алу кезінде қоғамдық бақылау кеңесін қатыстыру;
  • осы талдамалық анықтаманы жария талқылау жүргізілгеннен кейін басқарма басшысына ұсынып, басқарманың ресми интернет ресурсында жариялауды қамтамасыз етілсін;
  • сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдардың тізбесі Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін;
  • сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін;
  • сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша енгізілген ұсынымдардың орындалуы туралы ақпарат Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына 3-қосымшасына сәйкес Шымкент қаласы әкімінің аппаратына ұсынылсын.

 

Б.Смайлов

Б.Султанбеков

А.Мусабаев

М.Тажибаев

Б.Салиев

М.Төлеуіш

А.Жалмурзаева

Д.Шынтасов

 

Анықтама
Дата публикации
22 августа 2023