«Халық қатысатын бюджет» жобасы
2021 жылға «Халық қатысатын бюджет» жобасының аясында 14 көпқабатты үйдің аулаларын жаңартуға бюджеттен қаражат бөлініп, қазіргі таңда үйдің аулаларында абаттандыру жұмыстары аяқталып, тұрғындардың игілігіне тапсырылды.
«Халық қатысатын бюджет» жобасына тұрғындардың қатысуы жылдан-жылға ұлғайып келеді.
«Халық қатысатын бюджет» жобасының аясында 2022 жылға арналған жоспарды бекіту мақсатында ағымдағы жылда тұрғындардан ұсыныстар қабылданды. Нәтижесінде 62 ұсыныс түсіп, тұрғындар арасында 60 ұсыныс қажетті дауыстарды жинады. Оның ішінде, 50 ұсыныс аулаларды абаттандыру және балалар ойын алаңшаларын құру, 10 спорт алаңшаларын орнату туралы ұсыныс түсті, жер пайдалану құқығын беретін акт және сметалық есептер әзірленді. Қазіргі таңда 2022 жылы бюджет есебінен 28 жоба бойынша бюджеттік өтінім ұсынылып, қолдау тапты. Қалған жобалар бойынша бюджеттік өтінім ұсыну жоспарлануда.
2022 жылға «Халық қатысатын бюджет» жобасы 2021 жылмен салыстырған 4,3 есеге арттыру жоспарда бар.