Дауыс беру кез-келген уақытта аяқталатын учаскелердің тізбесі туралы

Дауыс беру кез келген  уақытта

аяқталуы мүмкін сайлау учаскелерінің

тізбесін бекіту туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 38-бабы 3-тармағының негізінде учаскелік сайлау  комиссияларының ұсынуы бойынша, Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:

  1. Егер тізімге енгізілген азаматтардың бәрі дауыс берсе, дауыс беру кез келген уақытта аяқталуы мүмкін сайлау учаскелерінің тізбесі бекітілсін:

           

Р/б

№

Референдум учаскесінің

№

Учаскенің орналасқан жері

1.      

№97

Облыстық фтизиопульмонология орталығы, Жылқышиев көшесі №81 үй

2.      

№110

Облыстық клиникалық ауруханасы, Майлы қожа көшесі №4 үй

3.      

№119

"Park Healts" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Қабанбай батыр даңғылы, 26 үй

4.      

№125

№2 облыстық перинаталдық орталығы, Ш.Рашидов көшесі №29 үй

5.      

№132

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің "№ 69 мекеме" республикалық мемлекеттік мекемесі, "Сәуле" шағын ауданы №82/1 үй

6.      

№133

Түркістан облысының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының "Облыстық психикалық денсаулық орталығы" мемлекеттік коммуналдық  мекемесі, Ташкент тасжолы №33А үй

7.      

№134

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының "Психикалық денсаулық орталығы" мемлекеттік коммуналдық мекемесі, Ташкент тас жолы №19Б үй

8.      

№139

№2 қалалық аурухана, С.Жандосов көшесі №92 үй

9.      

№140

Облыстық фитизиопульмонология орталығы, Жібек жолы даңғылы №13/1 үй

10.        

№166

№1 Облыстық перинаталдық орталығы, Тәуке хан даңғылы №42/1 үй

11.        

№176

 

«Интеграция-ТБ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі орталығы, Т.Орынбаев көшесі №33/3

12.        

№348

"Қалалық перзентхана", Ж.Алдияров көшесі №60

 

 

  1. Бұл сайлау учаскелерінде дауыстарды санау дауыс беру аяқталғаннан кейін басталсын.
  2. Осы шешім Әл-Фараби аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында жариялансын.

Осы шешімнің көшірмесі Шымкент қалалық аумақтық сайлау комиссиясына жіберілсін.

Дауыс беру кез-келген уақытта аяқталатын учаскелердің тізбесі туралы
Дата публикации
12 августа 2026