
Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен, Шымкент қаласы әкімдігінің бекіткен «2017-2018 жылдарға Шымкент қаласының бюджетінің түсім көздерін ұлғайту мақсатында уәкілетті органдар арасындағы қарым-қатынасты күшейту бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес» бірқатар мемлекеттік мекемеледің өкілдерімен жұмысшы топ құрылды.
Аталған жұмысшы топтың қатысуымен жыл басынан бері тұрақты түрде тәуліктік пәтерлер бойынша, Айбергенов және Жангелдин көшелерінде орналасқан жалдамалы пәтер беретін кәсіпкерлерге, заңды түрде тіркелу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Бұған қоса, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісіне 2017 жылғы 25 желтоқсандағы №120-VI ҚРЗ Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексінің (Салық кодексі) 685-бабының мүлікті жалдауға (жалға) беруге патентті алу тәртібіне қосымша талаптар енгізу жөнінде ұсыныс жолданды.