25 қазан – Республика күні мерекесі атап өтілді
Абай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен, «Мақсат» спорт кешенімен бірлесе отырып, 25 қазан – Республика күніне орай жасөспірімдер арасында дзюдодан «Абай ауданы әкімінің кубогі – 2026» жарысы өткізілді.
Жарысқа жасөспірім спортшылар қатысып, өзара бақ сынасты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы сыйлықтар мен марапаттар табысталды.
Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің халықпен өткізген көшпелі кездесулері аясында берілген тапсырмалар жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді.
Қала әкімінің халықпен кері байланысты нығайту және шағын аудандарды көркейту бағытындағы тапсырмаларына сәйкес, Абай ауданы аймағында бұқаралық спортты дамыту мен балалардың бос уақытын тиімді әрі қауіпсіз ұйымдастыруға басымдық берілуде.
Көшпелі кездесулер барысында аудан тұрғындары тарапынан балаларға арналған спорт және ойын алаңшаларын салу бойынша өтініштер білдірілген болатын.
Нәтижесінде тұрғындардан түскен 6 өтініш толығымен жүзеге асырылып, төмендегі мекенжайлар бойынша заманауи спорт және балалар ойын алаңшалары пайдалануға берілді:
1. Нұршуақ шағын ауданы, Ілтипат көшесі;
2. Нұршуақ шағын ауданы, Шатыркөл көшесі;
3. Қайнарбұлақ тұрғын алабы, Мырза көшесі;
4. Қайнарбұлақ тұрғын алабы, Цементников көшесі;
5. Ынтымақ шағын ауданы, Сарқан көшесі;
6. Ынтымақ шағын ауданы, Аққұрай көшесі.
Тұрғындардың жайлылығын арттыру, дене шынықтыруды бұқараландыру және аудан инфрақұрылымын кешенді дамыту бағытындағы жүйелі жұмыстар әрі қарай да өз жалғасын табады.
Шымкент қаласы әкімінің тұрғындармен кездесуі барысында Ынтымақ шағын ауданының тұрғындары тарапынан көтерілген өзекті мәселе оң шешімін тапты.
Осы тапсырма негізінде Абай ауданының әкімі Шәкір Асылханұлының тікелей ұйымдастыруымен бұл аумақта заманауи гүлзар құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілді.
Тұрғындардың демалысы мен балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне арналған жаңа қоғамдық кеңістіктің негізгі көрсеткіштері:
Жалпы аумағы: 36 соттық
Көгалдандырылған аумақ: 1 600 шаршы метр газон
Жаяу жүргіншілер жолы: 6 500 шаршы метр аяқжол.
Жарықтандыру: 30 дана заманауи жарықшам орнатылған.
Аталған жоба тұрғындардың тікелей өтініші негізінде Абай ауданы әкімдігі тарапынан жүзеге асырылып, шағын ауданның сәулеттік келбетін жақсартуға әрі қауіпсіз, жайлы орта қалыптастыруға бағытталып отыр.
Құрметті Абай ауданының тұрғындары!
18 қыркүйек күні Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің Абай ауданы тұрғындарымен көшпелі кездесуі өтеді.Кездесуге қаланың кез келген тұрғыны қатыса алады, алдын ала жазылудың қажеті жоқ.
🔷Бүгін Абай ауданы әкімдігінде «Мемлекеттік қызмет туралы» және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру бойынша кездесу өтті.
🔷 Кездесуге ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Қ.Қадырбеков пен қала әкімінің әдеп жөніндегі уәкілі М.Акишев қатысты.
🔷 Спикерлер жеке мүдде, мүдделер қақтығысы, әдеп нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің тәртібін кеңінен түсіндіріп, нақты кейстерді талқылады.
🔷 Жиын соңында қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, пікір алмасты.
Байқауға қаланың бес ауданынан 48 отбасы қатысып, нәтижесінде 12 отбасы қалалық кезеңнің финалына жолдама алды.
Бас жүлдеге Абай ауданынан қатысқан Қожамжаровтар әулеті ие болып, 1 млн теңге көлеміндегі сертификатпен марапатталды. Қожамжаровтар әулеті – білім мен тәрбиеге ерекше мән беретін өнегелі отбасы.
Әулет басшысы Сейдахмет Қожамжаров ұзақ жылдар бойы педагог болып еңбек еткен. Жұбайы Зылиха Пернебековамен бірге 10 бала тәрбиелеп өсірген. Бүгінде әулеттің бірнеше буыны білім беру, ғылым, медицина, өнер, спорт және қоғамдық қызмет салаларында еңбек етіп келеді.
Сонымен қатар, Абай ауданынан Қонарбаевтар мен Мырзахметовтер әулеттері финалист атанды. Қожамжаровтар әулеті Шымкент қаласының атынан байқаудың республикалық кезеңіне қатысады. Ұлттық байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі 11 қыркүйекте Астана қаласында өтеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 4 тамыздағы №1388 Жарлығына сәйкес, Абай ауданында 17 ана «Алтын алқа», 26 ана «Күміс алқа» төсбелгісімен марапатталды.
Салтанатты марапаттау рәсімінде Абай ауданы әкімінің орынбасары Шамау Нұртас Мейрамбекұлы ардақты аналарды мемлекеттік наградаларымен құттықтап, олардың отбасы құндылықтарын дәріптеудегі, ұрпақ тәрбиесіндегі ерен еңбегіне ризашылығын білдірді.
Мемлекеттік наградалар – көпбалалы аналардың қоғамдағы айрықша орнына, отбасындағы берекені сақтап, ел болашағы саналатын жас ұрпақты тәрбиелеуге қосқан зор үлесіне көрсетілген жоғары құрмет.
Бүгінде Абай ауданында 18 мыңға жуық көпбалалы ана тұрады. Оның ішінде:
- 1 387 ана – «Алтын алқа» иегері;
- 4 877 ана – «Күміс алқа» иегері.
Ана – отбасының берекесі, ұлттың ұйытқысы, қоғамның тірегі.
Марапат иелері көрсетілген құрметке алғыстарын білдіріп, ақжарма тілектерін жеткізді.
Бүгін, 1 қыркүйек – Білім күніне орай Абай ауданының әкімі Сұлтанхан Шәкір Асылханұлы №135 мектепке арнайы барып, жаңа оқу жылын бастаған оқушыларды құттықтады.
Аудан әкімі мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге ақ жол тілеп, олардың білім әлеміне жасаған алғашқы қадамдары сәтті болуына тілектестігін білдірді. Сонымен қатар, ұстаздарға еңбектері үшін алғыс айтып, ата-аналарға бала тәрбиесіндегі жауапкершіліктері мен қолдаулары үшін жылы лебізін жеткізді.
Өз сөзінде аудан әкімі жас ұрпаққа сапалы білім берумен қатар, олардың бойына адалдық, жауапкершілік, еңбекқорлық, отансүйгіштік пен адамгершілік қасиеттерді қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды.
Бұл құндылықтар «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының негізгі бағыттарымен үндес. Себебі бүгінгі оқушы – ертеңгі елдің тұтқасын ұстайтын азамат. Білімді, тәрбиелі, адал әрі жауапкершілігі жоғары ұрпақ қалыптастыру – баршамызға ортақ міндет.
Жаңа оқу жылы білім мен ізденіске, жаңа жетістіктер мен жарқын бастамаларға толы болсын!
Шымкент қаласы әкімінің тұрғындармен кездесуінде Ынтымақ шағын ауданының тұрғындары тарапынан көтерілген өзекті мәселе оң шешімін тапты.
Тұрғындардың өтініші негізінде Абай ауданының әкімі Шәкір Асылханұлының тікелей ұйымдастыруымен аталған аумақта заманауи қоғамдық кеңістік – жаңа гүлзар құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілмек.
Жаңа гүлзар тұрғындардың демалысына, сондай-ақ балалардың бос уақытын тиімді әрі қауіпсіз өткізуіне арналған. Жобаның негізгі көрсеткіштері:
Жалпы аумағы – 36 сотық;
Көгалдандырылған аумақ – 1 600 шаршы метр газон;
Жаяу жүргіншілер жолы – 6 500 шаршы метр аяқжол;
Жарықтандыру – 30 дана заманауи жарықшам.
Аталған жоба тұрғындардың тікелей өтініші негізінде Абай ауданы әкімдігі тарапынан жүзеге асырылуда.
Жаңа қоғамдық кеңістік шағын ауданның сәулеттік келбетін жақсартуға, тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасауға және қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастыруға бағытталған.
Бозарық шағын ауданы мен Қайнарбұлақ тұрғын алабында жергілікті тұрғындардың қатысуымен маңызды кездесулер өтті.
Жиынның басты мақсаты — елдегі этносаралық татулықты, бірлік пен қоғамдық тұрақтылықты нығайту. Кездесу барысында тұрғындар арасында өзара түсіністік пен сыйластықты қалыптастырудың маңызы кеңінен сөз болды.
Сонымен бірге, қатысушыларға арандатушылық сипаттағы ақпараттарға бой алдырмаудың қажеттілігі ескертілді. Ұйымдастырушылар азаматтарды кез келген түйткілді мәселені ашуға берілмей, тек өзара келісім мен заң шеңберінде шешуге шақырды.
Кездесу соңында тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, елдегі бейбітшілік пен ынтымақтастықты сақтау баршаға ортақ міндет екені атап өтілді.