Меню

Страницы

Статья

Әлеуметтік қорғауға қолдау көрсету

Әлеуметтік қорғау-қолайсыз жағдайларға (кәрілік, мүгедектік, денсаулық жағдайы, асыраушысынан немесе жұмысынан айрылуы) байланысты экономикалық белсенді бола алмайтын және лайықты еңбекақы төленетін еңбекке қатысу жолымен өзін табыспен қамтамасыз ете алмайтын азаматтар үшін өмірлік қажетті игіліктердің және әл-ауқаттың белгілі бір деңгейін қамтамасыз етуге арналған жүйе.

Қазақстан мүше болып табылатын Халықаралық еңбек ұйымының анықтауы бойынша әлеуметтік қорғау жүйесі мынадай шаралар кешенін қамтиды:
- тұрақты, ақылы еңбекке ынталандыру;
- негізгі әлеуметтік қатерлердің алдын алу, ал ол туындаған жағдайда әлеуметтік сақтандыру тәсілдері арқылы сол қатердің салдарынан айрылған табысының бір бөлігін қалпына келтіру;
- халықтың әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспайтын әлсіз топтарына арналған әлеуметтік көмек тәсілдері;
- азаматтардың білім және медициналық көмек сияқты негізгі құқықтары мен қызметтерге қол жеткізуі.

Әлеуметтік қамсыздандыру-азаматтардың әлеуметтік жағдайын теңестіру мақсатында Заңда белгіленген жағдайларда белгілі бір заңды фактілер туындаған кезде көрсетілетін, адамдардың бекітілген тобы үшін мемлекет ұйымдастырған көмек нысаны.

Әлеуметтік қамсыздандыру:
- төлемдер, қызметтер немесе табиғи игіліктер;
-белгілі бір әлеуметтік тәуекелдер туындаған (немесе болған) кезде ұсынылатын;
- азаматтардың өз күштерімен өзін немесе өз отбасының еңбекке жарамсыз мүшелерін өмірге жеткілікті қаражатпен қамтамасыз ету мүмкін еместігіне байланысты.

Дата публикации
28 февраля 2020
Дата обновления
28 февраля 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
26 ноября 2024
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ КАРТАСЫ
Ақпарат
26 ноября 2024
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау: «Шымкент қаласы Абай ауданы әкімінің аппараты» ММ
Ақпарат
26 ноября 2024
Ішкі талдау нәтижесінде анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері: "Шымкент қаласы Абай ауданы әкімінің аппараты" ММ

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы