Төрағалық еткен: Абай ауданының әкімінің аппаратының басшысы Ш.Кеңес;
Қатысқандар: Абай ауданы бойынша қоғамдық кеңесінің мүшелері және жұмыс тобының мүшелері.
Күн тәртібінде:
Абай ауданы әкімінің аппараты сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау анықтамасын жария талқылау
_____________________________________________________________
Ш.Кеңес: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына» сәйкес, Абай ауданы әкімінің 2025 жылғы 17 сәуірдегі №34-н/қ өкімімен жұмыс тобы құрылып, жұмыс тобына аудан әкімі аппараты қызметкерлерімен қатар, «Amanat» партиясы Абай аудандық филиалының консультанты Н.Елемесова қатыстырылғанын, талдау анықтамасының жобасы әзірленгенін баяндады.
Сондай-ақ, Ш.Кенес Абай ауданы әкімінің аппаратында жүргізілген ішкі талдаудың бағыттарын, сипаттамасы және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың нәтижелері туралы айтып өтті.
Ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімінің бас инспекторы Қ.Мінуар ішкі талдаумен анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін және оларды жою туралы ұсынымдарды баяндады.
Қалалық қоғамдық кеңес мүшесі ішкі талдаумен анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін және оларды жою туралы ұсынымдарды тыңдай келе сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың нәтижелері бойыша ешқандай қосып-аларлары мен ұсыныс-пікірлері жоқтығын айта отырып, оң бағасын берді.
Қоғамдық кеңесінің мүшесі Ә.Рахманұлы: жыл сайынғы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін қоғамдық кеңес мүшелеріне талқылау үшін ұсынылып отыруын сұрады.
Жиналыс қорытындысы бойынша келесі тапсырмалар берілді: