Ішкі талдау жүргізу объектісінің толық атауы:
«Шымкент қаласының Абай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай - Аппарат).
Ішкі талдау жүргізудің негіздері:
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-Заңы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары» және Абай ауданы әкімінің 2025 жылғы 17 сәуірдегі №34-н/қ өкімі.
Сыбайластық жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың бағыты:
1) Аппарат қызметіндегі нормативтік құқықтық актілерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) Аппараттың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізетін құрылымдық бөлімше, лауазымды тұлға (лауазымды тұлғалар) немесе жұмыс тобының персоналдық құрамы:
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мерзімі: 01.04.2024 – 01.04.2025 жыл аралығы.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі: 21.04.2025 -22.05.2025 жыл.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізуге және жұмыстың нәтижесіне басшылық, үйлестіру және жауаптылық жүктелетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субъектісінің лауазымды тұлғасы: Ш.Кеңес
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша талдау жұмыстарының сипаттамасы:
kpi 1: сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің барлық бағыттары бойынша талдаумен қамтылған бөлімшелердің үлесі (%)
2 Жоба: Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу.
Нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
Құқықтық актілер туралы заңның (бұдан әрі-Заң) 1-бабының 2) тармақшасына сәйкес ереже – қандай да бір мемлекеттік органның мәртебесі мен өкілеттіктерін айқындайтын нормативтік құқықтық акт болып табылады.
Сондай-ақ, Заңның 10-бабының, 3-тармағына сәйкес, төмен тұрған деңгейдегi нормативтiк құқықтық актiлердiң әрқайсысы жоғары тұрған деңгейлердегi нормативтiк құқықтық актiлерге қайшы келмеуге тиiс деп көрсетілген.
Заңның 50-бабының 1-тармағына сәйкес құқықтық мониторинг қабылданған нормативтік құқықтық актілерде Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшылықтарды, қайталануларды, олқылықтарды, тиімсіз іске асырылатын, ескірген және сыбайлас жемқорлықтық құқық нормаларын анықтау және қабылданған нормативтік құқықтық актілерді іске асыру тиімділігін болжау, талдау, бағалау арқылы оларды жетілдіру жөнінде ұсыныстарды тұжырымдаумақсатындажүргізіледі.
Сондай-ақ, осы баптың 2-тармағында мемлекеттік органдар өздерi қабылдаған және (немесе) әзiрлеушiлері болған не өздерінің құзыретіне жататын нормативтiк құқықтық актiлердiң мониторингiн жүзеге асырады және оларға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу немесе олардың күшi жойылды деп тану жөнiндегi шараларды уақтылы қабылдайды деп көрсетілген.
Аудан ережесінің 14-тармағы, 22) тармақшасындағы кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді деп қате көрсетілген:
Анықтама үшін: Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңы 35-бабының 1-тармағы, 22) тармақшасына сәйкес, қаладағы аудан әкімі қоғамдық медиаторлардың тізілімін жүргізеді. Медиация туралы заңның 9-бабының 2-тармағында медиатордың қызметі кәсіби негізде (кәсіпқой медиатор) де және қоғамдық негізде (қоғамдық медиатор) де жүзеге асырылуы мүмкін деп көрсетілген.
Ұсыным: Аудан ережесін Құқықтық актілер туралы заңның Заңның 10-бабының, 3-тармағына сәйкес, олқылықтармен қарама қайшылықтар тудырып жатқан кемшіліктерді жоғары тұрған деңгейлердегi нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкестендіру қажет.
Аппараттың қолданыстағы басқа да нормативтік құқықтық актілердің арасында сыбайлас жемқорлық және құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін өзінің қалауы бойынша шешім қабылдайтын өкілеттік пен нормалар анықталмады.
Ішкі құжаттардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықтау
Аппараттың істер номенклатурасы бекітілген. Сәйкесінше өкімдерді тіркеу журналдары істер номенклатурасына сәйкес рәсімделген.
Аппаратта 01.04.2024 – 01.04.2025 жыл аралығында жеке құрам бойынша – 319 өкім, негізгі қызмет бойынша – 127 өкім заңнама талаптарына сәйкес әзірленіп, талдау барысында сыбайлас жемқорлық факторларын туындайтын себеп жағдайлар және құқық бұзушылықтар анықталған жоқ.
Аппараттың ережесінде және мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық нұсқаулықтарында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық (өзінің қалауы бойынша шешім қабылдау) өкілеттік пен нормалар анықталмады. Аудан әкімінің орынбасарлары мен аппарат басшысы арасындағы бөлінген міндеттерінде: басшылық жасайтын бөлімдер мен жетекшілік ететін салалары, құзыреттіліктері мен жауапкершіліктері нақты көрсетілген. Аппараттың барлық мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің лауазымдық нұсқаулықтарында құқықтары, міндеттері, сыбайлас жемқорлыққа ұштасатын шектеулері бойынша жауапкершіліктері көрсетілген.
Персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықтау
2024 жыл I –II тоқсанында штат бірлігі
Аппарат 5 бөлімнен және 1 бағынысты мекемеден («Абай» КММ)тұрады. Штат саны – 34 мемлекеттік қызметшілер және 31 техникалық қызмет көрсететін қызметкерлер.
Оның ішінде: аудан әкімі – 1 (саяси), әкімінің орынбасары – 3 (Е-1 санаты),аппарат басшысы – 1 (Е-2 санаты), бөлім басшысы – 5(Е-3 санаты),бас инспектор – 7 (Е-3 санаты), бас маман – 17 (Е-4 санаты).
Анықтама үшін:
Ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімі – штат саны 5 (бес) бірлік: 1 (бір) бөлім басшысынан, 2 (екі) бас инспектор және 2 (екі) бас маманнан тұрады;
Әлеуметтік қорғау, мәдени даму және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімі – штат саны 5 (бес) бірлік: бөлім басшысынан, 2 (екі) бас инспектор және 2 (екі) бас маманнан тұрады;
Қоғамның орта сапасын дамыту бөлімі – штат саны 11 (он бір) бірлік: бөлім басшысынан, 2 (екі) бас инспектор және 8 (сегіз) бас маманнан тұрады;
Инфрақұрылым бөлімі – штат саны 5 (бес) бірлік: бөлім басшысынан, 1 (бір) бас инспектор және 3 (үш) бас маманнан тұрады;
Кәсіпкерлікті қолдау бөлімі – штат саны 3 (үш) бірлік: бөлім басшысынан және 2 (екі) бас маманнан тұрады.
2024 жыл III –IV тоқсаны 2025 жылдың I тоқсаны штат бірлігі
Аппарат 7 бөлімнен және 1 бағынысты мекемеден («Абай» КММ)тұрады. Штат саны – 44 мемлекеттік қызметшілер (Негіздеме: Шымкент қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 3 маусымдағы №2699 «Шымкент қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 11 шілдедегі№13 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысы) және 30 техникалық қызмет көрсететін қызметкерлер (1 штат бірлігі (автокөлік жүргізушісі) қысқартылды. (Негіздеме: Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы Е.Сейтеновтің 2024 жылғы 19 маусымдағы №61 хаттамасы).
Оның ішінде: аудан әкімі – 1 бірлік (саяси), әкімінің орынбасары – 3 бірлік(Е-1 санаты),аппарат басшысы – 1 бірлік (Е-2 санаты), бөлім басшысы – 7 бірлік (Е-3 санаты),бас инспектор – 9бірлік (Е-3 санаты), бас маман – 22бірлік(Е-4 санаты), жетекші маман – 1бірлік (Е-5) санаты).
Анықтама үшін:
Ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімі – штат саны 5 (бес) бірлік: 1 (бір) бөлім басшысынан, 2 (екі) бас инспектор және 2 (екі) бас маманнан тұрады;
Әлеуметтік қорғау, мәдени даму және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімі – штат саны 5 (бес) бірлік: 1 (бір)бөлім басшысынан, 1 (бір) бас инспектор, 2 (екі) бас маманнан және1 (бір) жетекші маманнан тұрады;
Қоғамның орта сапасын дамыту бөлімі – штат саны 11 (он бір) бірлік: 1 (бір)бөлім басшысынан, 2 (екі) бас инспектор және 8 (сегіз) бас маманнан тұрады;
Инфрақұрылым бөлімі – штат саны 5 (бес) бірлік: 1 (бір)бөлім басшысынан, 2 (екі) бас инспектор және 2 (екі) бас маманнан тұрады;
Кәсіпкерлікті қолдау бөлімі – штат саны 7 (жеті) бірлік: 1 (бір)бөлім басшысынан, 2 (екі) бас инспектор және 4 (төрт) бас маманнан тұрады.
Мәдени даму, спорт және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімі – штат саны 3 (үш) бірлік; 1 (бір)бөлім басшысынан, 2 (екі) бас маманнан тұрады;
Экономика және жоспарлау бөлімі – штат саны 3 (үш) бірлік; 1 (бір)бөлім басшысынан, 2 (екі) бас маманнан тұрады;
Талдау кезеңінде, 14 мемлекеттік қызметкер жұмыстан шығарылған:
Тәртіптік жазаларды қолдану
2024 жылдың 10 қаңтарындағы №3-ж/қ өкімімен Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Мемлекеттік сатып алу туралы заңының талаптарын бұзғаны үшін Инфрақұрылым бөлімінің бас маманы Аметов Қазбек Қажымұханұлына сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.
2024 жылғы 2 ақпандағы №8-ж/қ өкімімен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану қағидаларының 27-тармағына сәйкес: өзіне жүктелген міндеттерді тиісті дәрежеде орындамағаны үшін Инфрақұрылым бөлімінің бас маманы Тұрнияз Нұрбақыт Әбдімәжитұлына сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.
2024 жылғы 2 ақпандағы №9-ж/қ өкімімен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану қағидаларының 27-тармағына сәйкес: өзіне жүктелген міндеттерді тиісінше орындамай, аудан аумағындағы санитарлық тазалық жұмыстарын өз деңгейінде ұйымдастырмағаны үшін Аудан әкімінің орынбасары Тілеш Нұрлан Тілешұлы сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.
2024 жылғы 2 ақпандағы №10-ж/қ өкімімен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану қағидаларының 27-тармағына сәйкес: өзіне жүктелген міндеттерді тиісінше орындамай, аудан аумағындағы кәсіпкерлік объектілерінде жарық белгілерін (лайтбокстар) қалпына келтіру жұмыстарын өз дәрежесінде орындамағаны
үшін Аудан әкімінің орынбасары Занкоев Есимжан Баирбекулына сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.
2024 жылғы 12 наурыздағы №20-ж/қ өкімімен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану қағидаларының 27-тармағына сәйкес: аудан аумағындағы ирригациялық жүйелерді тазалау жұмыстарын өз деңгейінде ұйымдастырмағаны үшін Аудан әкімінің орынбасары Тілеш Нұрлан Тілешұлы қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.
2024 жылғы 4 сәуірдегі №35-ж/қ өкімімен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану қағидаларының 27-тармағына сәйкес: өзіне жүктелген міндеттерді тиісінше орындамай, аудан аумағындағы өзіне бекітілген аумақта санитарлық тазалық жұмыстарын өз деңгейінде ұйымдастырмағаны үшін Қоғамның орта сапасын дамыту бөлімінің бас маманы Сенгирбаев Олжас Бекдуллаевич сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.
2024 жылғы 12 сәуірдегі №36-ж/қ өкімімен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану қағидаларының 27-тармағына сәйкес: өзіне жүктелген міндеттерді тиісті дәрежеде орындамай, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексінің талаптарын бұзғаны үшін Инфрақұрылым бөлімінің бас маманы Аметов Қазбек Қажымұханұлына сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.
2024 жылғы 28 мамырдағы №49-ж/қ өкімімен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану қағидаларының 27-тармағына сәйкес: өзіне жүктелген міндеттерді тиісінше орындамай, аудан аумағындағы санитарлық тазалық жұмыстарын өз деңгейінде ұйымдастырмағаны үшін Аудан әкімінің орынбасары Тілеш Нұрлан Тілешұлынасөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.
2024 жылғы 20 маусымдағы № 65 -ж/қ өкімімен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану қағидаларының 27-тармағына сәйкес: өзіне жүктелген міндеттерді тиісті дәрежеде орындамағаны үшін Инфрақұрылым бөлімінің бас маманы Тілеуберді Нұржан Бахадүрұлына қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.
2024 жылғы 11 шілдедегі №4-ж/қ өкімімен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану қағидаларының 27-тармағына сәйкес: өзіне жүктелген міндеттерді тиісті дәрежеде орындамағаны үшін Инфрақұрылым бөлімінің басшысы Насыр Еркебұлан Нұрланұлына ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.
2024 жылғы 18 шілдедегі №7-ж/қ өкімімен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану қағидаларының 27-тармағына сәйкес: өзіне жүктелген міндеттерді тиісті дәрежеде орындамағаны үшін Кәсіпкерлікті қолдау бөлімінің басшысы Керинбеков Канат Шалдарбековичқа сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.
2024 жылғы 20 тамыздағы №17-ж/қ өкімімен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану қағидаларының 27-тармағына сәйкес: өзіне жүктелген міндеттерді тиісті дәрежеде орындамағаны үшін Қоғамның орта сапасын дамыту бөлімінің бас маманы Исахан Дастан Сабитулына сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.
2024 жылғы 4 қыркүйектегі №24-ж/қ өкімімен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану қағидаларының 27-тармағына сәйкес: өзіне жүктелген міндеттерді тиісті дәрежеде орындамай, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексінің талаптарын бұзғаны үшін Қоғамның орта сапасын дамыту бөлімінің бас маманы Жунис Қалмурат Бекмуратұлына сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.
2024 жылғы 4 қыркүйектегі №24-ж/қ өкімімен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану қағидаларының 27-тармағына сәйкес: өзіне жүктелген міндеттерді тиісті дәрежеде орындамағаны үшін Ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімінің бас инспекторы Мінуар Қуаныш Нұрланұлына сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.
2024 жылғы 9 желтоқсандағы №70-ж/қ өкімімен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану қағидаларының27-тармағына сәйкес: өзіне жүктелген міндеттерді тиісті дәрежеде орындамағаны үшін Аудан әкімінің орынбасары Ажедин Мейіржан Ғаниұлына сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.
2025 жылғы 20 ақпандағы №17-ж/қ өкімімен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану қағидаларының 27-тармағына сәйкес: өзіне жүктелген міндеттерді тиісті дәрежеде орындамағаны үшін Кәсіпкерлікті қолдау бөлімінің бас инспекторы Тұрнияз Нұрбақыт Әбдімәжитұлына сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.
2025 жылғы 7 наурыздағы №23-ж/қ өкіміменҚазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану қағидаларының 27-тармағына сәйкес: өзіне жүктелген міндеттерді тиісті дәрежеде орындамағаны үшін аппарат басшысы Кенес Шерхан Усенұлына сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.
2025 жылғы 17 наурыздағы №28-ж/қ өкімімен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану қағидаларының 27-тармағына сәйкес: өзіне жүктелген міндеттерді тиісті дәрежеде орындамағаны үшін Аудан әкімініңорынбасары Ажедин Мейіржан Ғаниұлына сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.
Талдау барысында тәртіптік жаза қолдану кезінде заңдылықты бұзушылықтар анықталмады.
Талдау барысында тәртіптік комиссия құрылған заңдылықты бұзушылықтар анықталмады.
Мүдделер қақтығысымен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Талдау барысында аппарат қызметіне зиян келтіруі мүмкін мүдделер қақтығысының белгілері анықталған жоқ.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтермен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
Аппаратта 3 (үш) мемлекеттік қызметті көрсету жүзеге асырылады. 01.04.2024-01.04.2025 жыл аралығында 567 өтініш бойынша мемлекеттік қызметтің нәтижесі берілді.
Ішкі талдау барысында:
Спорттық разряд беру бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметі бойынша мерзімдердің бұзудың 2 фактісі:
Ұсыным:
Аудан әкімі аппаратында келіп түскен өтініштерге жүргізілген талдаудың нәтижесі бойынша жасырын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер анықталған жоқ.
Рұқсат етуші функцияларын жүзеге асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Аппараттың құзыретінде «Рұқсат етуші функциялары» қарастырылмаған.
Бақылау функцияларын жүзеге асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Аппараттың құзыретінде «Бақылау функциялары» қарастырылмаған.
Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
Бюджет бойынша 2024 жылға талдау
Шымкент қаласы Абай ауданы әкімінің аппараты бойынша 2024 қаржы жылына барлығы 1 027 558,0 мың теңге қаралған. Оның 1 027553,8 мың тг игеріліп, яғни 100% құрайды. Бюджеттік бағдарламалар бөлінісінде:
123 001 «Қаладағы аудан әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша – 339 172,0 мың теңге қаралды, оның нақты игерілгені – 339 169,6 мың теңге, яғни орындалу 100% - 2,4 мың теңге қалдығы дөңгелектеуден құрады.
123 006 «Жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмыстарын қолдау» бағдарламасы бойынша бойынша – 11 154,0 мың теңге қаралды, оның нақты игерілгені – 11 153,5 мың теңге, яғни орындалу 100% - 0,5 мың теңге МСА конкурстарынан үнемделген.
123 008 «Елді мекендердің көшелерін жарықтандыру» бағдарламасы бойынша - 3 967,0 мың теңге қаралды, оның нақты игерілгені – 3 967,0 мың теңге, яғни орындалу 100%.
123 011 «Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру» бағдарламасы бойынша - 665 275,0 мың теңге қаралды, оның нақты игерілгені – 665 273,8 мың теңге 1,2 мың теңге қалдығы МСА үнемделген.
123 022 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» бағдарламасы бойынша - 7 990,0 мың теңге қаралды, оның нақты игерілгені – 7 989,7,0 мың теңге, 0,3 мың тг МСА үнемделген сома, яғни орындалу 100%.
Шымкент қаласы Абай ауданы әкімінің аппаратына қарасты «Абай» КММ-нің 2024 жылға жоспар бойынша 123 009 «Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету» бағдарламасына 1 590 910,0 мың теңге қаралды, оның нақты игерілгені – 1 590 898,5 мың теңге. 11,5 мың теңге қалдығы мемлекеттік сатып алудан үнемделген. Яғни, орындалуы 99,9%.
Мың тг.
|
Бюджеттік бағдарламаның атауы |
2024 жылға жоспар |
2024 жылға игерілгені |
|
123 001 «Қаладағы аудан әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» |
339 172,0 |
339 169,6 |
|
123 006 «Жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмыстарын қолдау» |
11 154,0 |
11 153,5 |
|
123 008 «Елді мекендердің көшелерін жарықтандыру» |
3 967,0 |
3 967,0 |
|
123 011 «Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру» |
665 275,0 |
665 273,8 |
|
123 022 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» |
7 990,0 |
7989,7 |
|
«АБАЙ» КММ |
||
|
123 009 «Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету» |
1 590 910,0 |
1 590 898,5 |
Бюджет бойынша 2025 жылдың І тоқсанына талдау
Шымкент қаласы Абай ауданы әкімінің аппараты бойынша 2025 қаржы жылының І тоқсанына барлығы 2 570 136,0,0 мың теңге қаралған. Қаржы жоспары бойынша оның 140 773,6 мың тг игеріліп, яғни 5,4% құрайды. Бюджеттік бағдарламалар бөлінісінде:
123 001 «Қаладағы аудан әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша – 358 895,0 мың теңге қаралды, оның нақты игерілгені – 108 876,5 мың теңге, яғни орындалу 30% мың теңге қалдығы дөңгелектеуден құрады.
123 006 «Жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмыстарын қолдау» бағдарламасы бойынша бойынша – 21 000,0 мың теңге қаралды, оның нақты игерілгені – 3 834,3 мың теңге, яғни орындалу 18%.
123 008 «Елді мекендердің көшелерін жарықтандыру» бағдарламасы бойынша - 16 662,0 мың теңге қаралды, оның нақты игерілгені – 0.
123 011 «Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру» бағдарламасы бойынша – 2 164 490,0 мың теңге қаралды, оның нақты игерілгені – 28 062,7 мың теңге.
123 096 «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау» бағдарламасы бойынша – 9 089,0 мың теңге қаралды, оның нақты игерілгені – 0.
Шымкент қаласы Абай ауданы әкімінің аппаратына қарасты «Абай» КММ-нің 2025 жылға жоспар бойынша 123 009 «Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету» бағдарламасына 3 721 334,0 мың теңге қаралды, оның нақты игерілгені – 420 595,9 мың теңге. Яғни, орындалуы 11%.
Мың тг.
|
Бюджеттік бағдарламаның атауы |
2025 жылға жоспар |
2025 жылдың І тоқсанына жоспар |
Игерілгені |
|
123 001 «Қаладағы аудан әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» |
358 895,0 |
108 892,0 |
108 876,5 |
|
123 006 «Жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмыстарын қолдау» |
21 000,0 |
3 835,0 |
3 834,4 |
|
123 008 «Елді мекендердің көшелерін жарықтандыру» |
16 662,0 |
0 |
0 |
|
123 011 «Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру» |
2 164 490,0 |
28 063,0 |
28 062,8 |
|
123 096 «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау» |
9 089,0 |
0 |
0 |
|
«АБАЙ» КММ |
|||
|
123 009 «Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету» |
3 247 790,0 |
420 601,0 |
420 595,9 |
Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Жеке және заңды тұлғалармен шарт жасасу бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
Мемлекеттік сатып алу бойынша 2024 жылға талдау
Аудан әкімі аппаратында 2024 жылдың басынан бастап, аудан аумағындағы көпқабатты үй аулаларын абаттандыру, аудан аумағын тазалығын сақтау, мерекелік мәдени іс шаралар өткізу және аппарат қызметі бойынша тауарлар сатып алу бағытында 141 мемлекеттік сатып алу келісім шарттары түзілген.
Оның ішінде: 28 – ашық конкурс тәсілімен, 52 – баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен, 11 – өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бір көзден сатып алу тәсілімен, 3 – тікелей шарт тұжырымы бір дереккөздерден тәсілімен, 28- электронды дүкен О-маркет тәсілімен, 19- сатып алу шарттары Рейтингтік-баллдық жүйені қолдану тәсілімен түзілген. Мемлекеттік сатып алуларды жүргізу барысында құқық бұзушылықтар орын алмаған.
|
Сатып алу тәсілі |
Саны |
|
Ашық конкурс тәсілімен |
28 |
|
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен |
52 |
|
Өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бір көзден сатып алу тәсілімен |
11 |
|
Тікелей шарт тұжырымы бір дереккөздерден сатып алу тәсілімен |
3 |
|
Электронды дүкен О-маркет арқылы |
28 |
|
Рейтингтік-баллдық жүйені қолдану тәсілімен |
19 |
|
Барлығы |
141 |
Мемлекеттік сатып алу бойынша 2025 жылдың І тоқсанына талдау
Аудан әкімі аппаратында 2025 жылдың І тоқсанында, аудан аумағындағы көпқабатты үй аулаларын абаттандыру, аудан аумағын тазалығын сақтау, мерекелік мәдени іс шаралар өткізу және аппарат қызметі бойынша тауарлар сатып алу бағытында 120 мемлекеттік сатып алу келісім шарттары түзілген.
Оның ішінде: 64 – ашық конкурс тәсілімен, 1 – баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен, 2 – өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бір көзден сатып алу тәсілімен, 49 – тікелей шарт тұжырымы бір дереккөздерден тәсілімен, 4- электронды дүкен О-маркет арқылы түзілген. Мемлекеттік сатып алуларды жүргізу барысында құқық бұзушылықтар орын алмаған.
|
Сатып алу тәсілі |
Саны |
|
Ашық конкурс тәсілімен |
64 |
|
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен |
1 |
|
Өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бір көзден сатып алу тәсілімен |
2 |
|
Тікелей шарт тұжырымы бір дереккөздерден сатып алу тәсілімен |
49 |
|
Электронды дүкен О-маркет арқылы |
4 |
|
Барлығы |
120 |
Жеке және заңды тұлғалармен шарт жасасу бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдер анықталған жоқ.
Инфрақұрылым бөлімі (бұдан әрі-бөлім) Аудан аумағын абаттандыруға, көпқабатты үй аулаларына балалар ойын алаңшаларын, спорт алаңшаларын орнату, абаттандырылған нысандардың пайдалануын қадағалау жұмыстарын жүзеге асыру жұмыстарын қамтамасыз етеді.
Аудан тұрғындарынан түскен өтініштер негізінде балалар ойын алаңшаларын және ашық спорт алаңшаларын орнатуға жер телімдерін анықтап, заңдастыру жұмыстарын тұрақты жүргізуде.
Мемлекеттік сатып алу негізінде түзілген келсімшарт негізінде «Өнім беруші» атқарған жұмыстарды «Тапсырыс беруші» растап қабылдайды.
Тәуекел: Бөлімге жетекшілік ететін аудан әкімі орынбасары мен бөлім қызметкерлерінің мердігер мекемемен тікелей байланысы.
Ұсынымдар:
Кәсіпкерлікті қолдау бөлімі (бұдан әрі – бөлім) аудан аумағында заңсыз сауда, заңсыз жарнама орындарын анықтау бойынша бірлескен мониторингтік жұмыстарды жүргізеді.
Шымкент қаласы Абай ауданы аумағы 7 секторға бөлінген. Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасымен бірлесіп, заңсыз құрылыстар бойынша аралау жұмыстары жүргізіледі.
Ретсіз сауда қатарларын реттеу – аудан аумағындағы басты көшелерде белгіленбеген орында сауда жасаушы тұлғаларға ретсіз сауда қатарын реттеу бойынша Шымкент ҚПД Абай аудандық полиция басқармасымен бірлесіп тұрақты түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Тәуекел: бөлім қызметкерлері мен кәсіпкерлердің арасындағы тікелей байланыс.
Ұсыным: басқармада қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқын қалыптастыру бойынша тұрақты түрде түсіндіру жұмыстары жүргізілсін.
Мәдени даму, спорт және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімі аудан аумағындағы көшелерге QR коды бар тақтайша қоюды, мерекелік іс-шараларды ұйымдастырады.
Тәуекел: Бөлімге жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасары мен бөлім қызметкерлерінің мердігер ұйыммен тікелей байланысы.
Ұсыным:
- жүргізілген сатып алу тәсілі, сомасы, жеңімпаз мердігер т.б. ақпарат мекеменің әлеуметтік желідегі парақшаларына ашық ақпаратты орналастыру, орындалған жұмыстарды қабылдап алу бойынша тікелей эфирлер түсіру, қоғамдық бақылауды қамтамасыз етуді күшейтуді қамтамасыз етілсін.
- Жеткізілген тауар,орындалған қызмет немесе жұмыс сапасын үшінші тарап сарапшы арқылы тексеру.
Әлеуметтік қорғауға қолдау көрсету бөлімі Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке өтініш білдіргендердің уәкілетті органнан келген тізімі бойынша, бектілген мерзіміне сәйкес, учаскелік комиссиялардың уақытылы жұмыс жүргізуін ұйымдастыру және уәкілетті органға қорытындыларды уақтылы тапсыру.
Тәуекел: Атаулы әлеуметтік көмекке үміткерлер мен учаскелік комиссияның тікелей байланысы.
Ұсыным: Өтініш беруші мен комиссия мүшелелерінің арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында тексеру кезінде қолданылатын видеожазба жүргізетін жетон қолдану қауіптерден арылтады.
Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалануға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
Талдау барысында тәукелдер анықталмады.
Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтегі басқа да мәселелерге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
1.04.2024 – 01.04.2025 жылдар аралығында арыз-шағымдарды қарау бойынша талдау
Аудан әкімінің 2024 жылғы 4 қыркүйектегі №24-ж/қ өкімімен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану қағидаларының 27-тармағына сәйкес: өзіне жүктелген міндеттерді тиісті дәрежеде орындамай, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексінің талаптарын бұзғаны үшін Қоғамның орта сапасын дамыту бөлімінің бас маманы Жунис Қалмурат Бекмуратұлына сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.
|
Санаттар |
Барлығы |
|
БАРЛЫҚ ТІРКЕЛГЕН ӨТІНІШТЕР |
922 |
|
оның ішінде |
|
|
телнұсқалар |
34 |
|
шағымдар |
33 |
|
келіп түсу көздері: |
|
|
пошта |
3 |
|
оның ішінде: |
266 |
|
"Е-өтініш" АЖ |
669 |
|
түрлері бойынша: |
|
|
өтініштер |
817 |
|
шағымдар |
45 |
|
ұсыныстар |
14 |
|
басқасы (хабарлама, сұрату, үн қосу) |
46 |
|
тікелей МО-ға келіп түскендері |
606 |
|
төмендегілерден қайта бағытталғандары: |
|
|
ОМО |
41 |
|
ЖАО |
127 |
|
ведомстволық бағынысты ұйымдардан |
78 |
|
басқа ұйымдардан |
30 |
|
төмендегілерден қайта бағытталғандары: |
|
|
ОМО |
29 |
|
ЖАО |
10 |
|
басқа ұйымдардан |
1 |
|
МО-да ҚАРАЛДЫ |
504 |
|
қарау нәтижесінде қабылданған шешім: |
|
|
әкімшілік акт қабылданды |
394 |
|
қолайлы әкімшілік акт қабылданды |
369 |
|
ауыртпалықты әкімшілік акт қабылданды |
25 |
|
о.і. тыңдау өткізілмеген |
18 |
|
авторға жауап берілді |
19 |
|
тоқтатылды (ӘРПК 89; 70-бб.) |
31 |
|
Назарға алынды (ӘРПК 89-бап) |
9 |
|
Басқасы |
51 |
|
қарау мерзімі ұзартылды |
1 |
|
мерзімі бұзылып қаралды |
1 |
|
ШАҒЫМ ТҮСКЕН ӘКІМШІЛІК АКТІЛЕР |
26 |
|
МО-да, оның ішінде |
25 |
|
ҚАРАУҒА ҚАЛҒАНДАРЫ |
41 |
|
ҚАЙТА БАҒЫТТАЛДЫ |
474 |
|
ОМО |
32 |
|
ЖАО |
419 |
|
ведомстволық бағынысты ұйымдарға |
17 |
|
басқа ұйымдарға |
6 |
|
ҚАЙТА БАҒЫТТАЛДЫ |
50 |
|
ОМО |
8 |
|
ЖАО |
41 |
|
ведомстволық бағынысты ұйымдарға |
1 |
Ұсыным: өтініштер санын азайтып, тұрғындардың мәселелерінің басым бөлігінің оң шешімдерін табу мақсатында жеке қабылдау санын арттыру бойынша жұмыстар атқарылсын.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек бойынша 2024 жылға талдау
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке өтініш білдіргендердің уәкілетті органнан келген тізімі бойынша, бектілген мерзіміне сәйкес, учаскелік комиссиялардың уақытылы жұмыс жүргізуін ұйымдастыру және уәкілетті органға қорытындыларды уақтылы тапсыру.
Аудан аумағында құрылған 5 учаскелік комиссия мерзімінде Абай аудандық жұмыспен қамту орталығына тізімге сәйкес жолдануда. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке 2024 жыл бойы өтініш білдіріп, қорытынды алған отбасылар төмендегідей:
|
Атауы |
2024 жыл 1 – тоқсан |
2024 жыл 2 – тоқсан |
2024 жыл 3 – тоқсан |
2024 жыл 4 – тоқсан |
|
Барлығы |
2176 |
1926 |
1765 |
1623 |
|
Мұқтаж |
2138 |
1852 |
1733 |
1597 |
|
Мұқтаж емес |
38 |
74 |
32 |
26 |
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек бойынша
2025 жылдың І тоқсанына талдау
Аудан аумағында құрылған 5 учаскелік комиссия мерзімінде Абай аудандық жұмыспен қамту орталығына тізімге сәйкес жолдануда. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке 2025 жылдың 1-тоқсанында өтініш білдіріп, қорытынды алған отбасылар төмендегідей:
|
Атауы |
2025 жыл 1 – тоқсан |
|
Барлығы |
1541 |
|
Мұқтаж |
1451 |
|
Мұқтаж емес |
90 |
Ұсыным: Өтініш беруші мен комиссия мүшелелерінің арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында тексеру кезінде қолданылатын видеожазба жүргізетін жетон қолдану қауіптерден арылтады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша
ішкі талдау нәтижелері
Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, құқық бұзушылық туралы ақпарат:
Ішкі талдау аясында 6 тәуекел анықталды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар: