"2024–2026 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы" 2023 жылғы 12 желтоқсандағы № 11/93-VIII Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Шымкент қаласы мәслихатының 2024 жылғы 4 мамырдағы № 16/142-VIII шешiмi

      Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Шымкент қаласы мәслихатының "2024-2026 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы" 2023 жылғы 12 желтоқсандағы № 11/93-VIII шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 190099 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

        1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Шымкент қаласының 2024 – 2026 жылдарға арналған бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемде бекiтiлсiн:

      1) кiрiстер – 686 842 805 мың теңге, оның iшiнде:

      салықтық түсiмдер – 354 419 056 мың теңге;

      салықтық емес түсiмдер – 13 211 702 мың теңге;

      негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 19 138 115 мың теңге;

      трансферттердің түсімдері – 300 073 932 мың теңге;

      2) шығындар – 704 075 528 мың теңге;

      3) таза бюджеттiк кредиттеу – 10 024 938 мың теңге;

      бюджеттік кредиттер – 10 865 000 мың теңге;

      бюджеттік кредиттерді өтеу – 840 062 мың теңге;

      4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге;

      5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 27 257 661 мың теңге;

      6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 27 257 661 мың теңге.";

       көрсетілген шешімнің 1 және 5-қосымшалары осы шешімнің 1 және 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

      Шымкент қаласы

 

      мәслихатының төрағасы

Б. Нарымбетов

Дата публикации
21 июня 2024