"БЖЗҚ" АҚ-да "Ашық есік күні"          Халық арасында жүргізілетін ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында 2024 жылдың 11 маусымында "БЖЗҚ" АҚ "Цифрлық БЖЗҚ. Қордың электрондық қызметтеріндегі жаңашылдықтар" тақырыбында "Ашық есік күнін" өткізеді.

               Қазір БЖЗҚ салымшылары Қор көрсететін қызметтердің 90% астамын әртүрлі электрондық сервистердің көмегімен алады. Шоттарды ашу және төлемдердің көптеген түрлерін жүзеге асыру қызметі жоғары сұранысқа ие болғанына қарамастан, соңғы уақытта Қордың электрондық түрде көрсетілетін басқа да қызметтеріне де сұраныс артып келеді. Олар: деректемелерге өзгерістер немесе толықтырулар енгізу, үзінді көшірмелердің түрлерін қарау және оларды алу, зейнетақы калькуляторының көмегімен зейнетақыны болжамды есептеу және басқалар.

          Онлайн-кездесу форматында өтетін іс-шара барысында БЖЗҚ мамандары қатысушыларға осы және басқа да электрондық қызметтер, оның ішінде 2024 жылы енгізілген қызметтер және оларды алу үшін не қажет екендігі туралы баяндап береді.

          Онлайн кездесуге барлық ниет білдірушілер, сондай-ақ БАҚ өкілдері шақырылады. Бұл салымшыларға да, Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысты жаңалықтарды жариялайтын журналистерге де пайдалы болады деген үміттеміз.

          Естеріңізге сала кетейік, «Ашық есік күні» 11 маусым сағат 10-00 нан 17-00 дейін онлайн форматта 3 сессиядан өтеді:

     1 сессиясы сағат 10-00 өтеді (қосылу уақыты сағат 09-30);

     2 сессиясы сағат 12-00 өтеді (қосылу уақыты сағат 11-30);

     3 сессиясы сағат 15-00 өтеді (қосылу уақыты сағат 14-30).

            Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Әрбір қатысушы:

            1 сессия - https://enpf.webex.com/weblink/register/r571e49db0a7819f50c01cb14b9703809

сілтемесімен өту керек.

            2 сессия- https://enpf.webex.com/weblink/register/r5fb28792ed353c72d5b9e3a509739787

сілтемесімен өту керек.

            3 сессия- https://enpf.webex.com/weblink/register/r81bde34d1151d2b5fdc454f44d23faea

сілтемесімен өту керек.     

Дата публикации
05 июня 2024