Отандастарымыздың зейнетақы жинақтары 18,1 трлн теңгеден асты 

БЖЗҚ-ның 2024 жылдың 01 ақпанындағы негізгі көрсеткіштері 

 2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 18,1 трлн теңгеден асты. Олардың 2024 жылдың бірінші айындағы өсімі шамамен 240,5 млрд теңге (1,3%). Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда зейнетақы жинақтарының көлемі 3,3 трлн теңгеге (21,9%) өсті.

Зейнетақы жинақтарының негізгі сомасы міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптасқан және 17,5 трлн теңгеден асты (бір жылдағы өсім - 21,7%). Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы шамамен 578,2 млрд теңге (бір жылдағы өсім – 26,9%), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 5,5 млрд теңгеден асты (бір жылдағы өсім – 50,1%).

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданыстағы жинақтаушы жүйе жаңа шартты-жинақтаушы құрамдауыш - жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарымен (бұдан әрі – ЖМЗЖ) толықтырылды.  ЖМЗЖ шамасы әрбір қызметкердің ай сайынғы табысынан есептеледі: 2024 жылғы 1 қаңтарда 1,5% мөлшерден басталып, 2028 жылы 5% жеткенше жыл сайын ұлғайтылып отырады. ЖМЗЖ төлемдерін зейнетке 2038 жылы шығатын қызметкерлер ала бастайды. Бұл шара болашақта алатын зейнетақысының мөлшері олардың зейнетақы аударымдарына тікелей байланысты болатын 1975 жылдан кейін туған қазақстандықтарды қолдауға бағытталған. 2024 жылдың бірінші айында ЖМЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы 1,1 млрд теңгеден асты.

Дата публикации
13 марта 2024