«БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар»

 

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі жаңа құрамдауыш – жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасымен (ЖМЗЖ) толықтырылды. 

 1. ЖМЗЖ қандай қаржыдан төленеді? Ол қандай көлемде беріледі және жарнаның мөлшері қалай өзгереді?

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанның жинақтаушы жүйесі жаңа құрамдауыш - жұмыс берушінің зейнетақы жарналарымен (ЖМЗЖ) толықтырылды. Енді әрбір жұмыс беруші БЖЗҚ-ға қызметкердің табысынан міндетті 10 пайыздық жарналардан бөлек, қызметкерлерінің пайдасына өз қаражаты есебінен қосымша жарналар аударуға міндетті. Ерекше атап өтейік: жарналарды төлеу жұмыс берушінің қаражатынан жүзеге асырылады, бірақ олардың мөлшері қызметкердің табысынан есептеледі. 2024 жылы бұл 1,5 пайызды құрайды.  2028 жылға дейін жыл сайын жарна мөлшері 0,5% - ға ұлғайып, 2028 жылы 5% мөлшеріне жетеді:

  • 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 1,5 пайыз;
  • 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 2,5 пайыз;
  • 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 3,5 пайыз;
  • 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 4,5 пайыз;
  • 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап – 5 пайыз.
Дата публикации
13 марта 2024