ЕҢБЕК ЖАҒДАЙЛАРЫ ЗИЯНДЫ ЖҰМЫСТАРМЕН АЙНАЛЫСАТЫН АДАМДАР ҮШІН АРНАЙЫ ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМ ЕНГІЗУ     

 "БЖЗҚ" АҚ Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың әлеуметтік қорғалуын арттыру үшін, олар 55 жасқа толған және олар үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (бұдан әрі - МКЗЖ) жиынтығында кемінде 84 ай төлеген кезде 2024 жылы 1 қаңтардан бастап мына төлемдер енгізілді: 

  1. еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын (жұмыс істейтін) жоғарыда аталған адамдар үшін арнайы әлеуметтік төлем, оның құрамы мынадай:

1) арнайы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы (республикалық бюджеттен екі ең төменгі күнкөріс деңгейі (ТК) мөлшерінде тағайындалады және 2024 жылы 86 814 теңгені (2*43 407) құрайды);

2) зейнетке шығу алдындағы аннуитеттік сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемінен (сақтандыру ұйымы қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақылары есебінен 2024 жылы – 43 407 теңге мөлшерінде тағайындайды);

3) жұмыс берушінің қаражаты есебінен кәсіптік төлем (жұмыскер еңбек шартын бұзған немесе еңбек жағдайларын өзгерту туралы еңбек шартына қосымша келісім жасасқан жұмыс беруші 2024 жылы – 43 407 теңге мөлшерінде 1 ТКД тағайындайды);

4) БЖЗҚ-дан МКЗЖ және (немесе) МЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемі (жоғарыда аталған тұлғалардың оларды алуға келісімі болған жағдайда (зейнетақы төлемдерінің мөлшері БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының мөлшеріне байланысты болады).

           Арнайы әлеуметтік төлемдерге құқық қызметкер зиянды еңбек жағдайлары бар жұмыстарда еңбек қызметін тоқтатқан немесе зиянды өндірістік факторлардың әсерін болдырмайтын басқа жұмысқа ауысқан жағдайда туындайды.

Дата публикации
13 марта 2024