Отандастарымыз 2023 жылы жеке зейнетақы шоттарына 1,6 трлн теңге мөлшерінде таза инвестициялық кіріс алды

 2023 жыл бойына БЖЗҚ салымшыларының шоттарына 1,6 трлн теңге шамасында таза инвестициялық кіріс есептелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінің көрсеткіштерінен 685,4 млрд теңгеге немесе 77,7% артық.

 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ) басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша кірістілік 2023 жылы 10,1% құрады. Бұл кезеңдегі инфляция 9,8% мөлшерінде болды. Инвестициялық кіріс қаржы құралдары (бағалы қағаздар, салымдар және басқа операциялар) бойынша сыйақы түріндегі кірістерден, қаржы құралдарын нарықтық және валюталық қайта бағалаудан, сыртқы басқарудағы активтер бойынша кірістерден және т. б. тұрады. ҚР Ұлттық Банкі және инвестициялық кірісті алу мақсатында зейнетақы активтерін басқарушылар болып табылатын инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) зейнетақы активтерін ҚР-да және шетелде экономиканың түрлі секторларының әр түрлі қаржы құралдарына түрлі валюталарда орналастырады. Әртараптандыру зейнетақы жинақтарының сақталуын және орнықты табыстылығын қамтамасыз етеді. Осылайша, портфельді әртараптандыру арқылы 2023 жыл ішінде оң инвестициялық кіріс алынды.

Дата публикации
13 марта 2024