ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдің 2024 жылдың бірінші айына шолу  

"БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі - БЖЗҚ) enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер - Инвестициялық қызмет" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі - ИПБ) зейнетақы активтерін басқару туралы есебін ұсынады.

2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 18 107,8 млрд теңгеден асты. 2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша БЖЗҚ-ның ҚР ҰБ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері1 (бұдан әрі - ЗА) 18 073,5 млрд теңге2 болды. ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының көлемі (бұдан әрі - ЖМЗЖ) - 766,7 млн теңгеден астам мөлшерде.

ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері 34,3 млрд теңгеден асты.

Дата публикации
13 марта 2024