Қазақстан Республикасының азаматтары болып есептелетін барлық балалар бағдарламаға енгізілген (2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша) және оның қатысушылары болып есептеледі. 18 жасқа 2024 жылы толатын балалар өздерінің 2023 жылға (бала әлі 18 жасқа толмаған жылы) есептелген нысаналы талаптарын өздерінің БЖЗҚ-да ашылған нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтар түрінде алады.
2023 жылға арналған бір балаға арналған нысаналы талаптардың сомасы Қазақстан азаматтары болып есептелетін балалардың саны бойынша деректерге (2023 жылғы 31 желтоқсанның соңындағы жағдай бойынша) және Ұлттық қордан есептелген балаларға арналған нысаналы талаптардың жалпы сомасы бойынша Ұлттық Банктен алынған ақпаратқа негізделе отырып, есептелетін болады.
18 жасқа толатын балалардың нысаналы жинақтары Ұлттық қордан БЖЗҚ-ға АҚШ долларымен аударылады және БЖЗҚ-да АҚШ долларымен сақталады. Бағдарламаға қатысушы бала кәмелетке толған соң өз ақшасын пайдалану туралы шешім қабылдаса, ол уәкілетті операторға өтініш береді. Ал БЖЗҚ оның жинақтарын уәкілетті операторда ашылған баланың банктік шотына АҚШ долларымен аударады. Бұдан әрі, уәкілетті оператор жинақтарды тұрғын үй немесе білім алуға аударған кезде ақша АҚШ долларынан теңгеге айырбасталады. Айырбастау сол сәтте өзекті болатын валюта бағамы бойынша жүзеге асырылады.