|
№ |
Аты жөні, мекен жайы |
№ |
Ұсыныс, ескертудің МАЗМҰНЫ |
Тапсырмалар |
Орындалу мерзімі |
Орындалуы |
Жауаптылар |
|
Асар-2 шағын ауданы (18.01.2024 жыл) |
|||||||
|
1. |
Шинасилов Тұрдалы Асар-2, ауыл биі
|
1. |
Сырым батыр 4 және 8 көшелерге бағдаршам орнатып берсе? |
Бағдаршам орнату бойынша тиісті басқармаға ұсыныс жолданып, нәтижесі баяндалсын. |
30.01.2024ж . |
Қалалық жолаушылар көлігі және автомобил жолдары басқармасының мамандар тарапынан Сырым батыр көшесіне 2 жерден жол кедергісі орнатылды. |
Н.Тілеш М.Ажедин Қ.Жүніс |
|
2. |
Кәріз жүйесі жүргізілген аумақтардағы ашық құдықшалардың бетін жауып берсе, балалар түсіп кетіп жатыр. |
Асар-2 шағын ауданындағы барлық құдықшаларға зерделдеу жұмыстары жүргізіліп, ашық тұрған құдықшалардың бетін жабу жұмыстары жүргізілсін. |
30.01.2024ж . |
Шағын аудандағы Нұрлы жол көшесінде 5 жерде, Күншоғыры көшесінде 7 жерде, Бабасай көшесінде 4 жерде, Көкмайса көшесіндегі 5 жерде, Мырзақұдық көшесіндегі 4 жерде, Армандастар көшесіндегі 8 жерде, Көлсай көшесінде 3 жердегі құдықшалардың қақпақтары жоқ екені анықталды. Осыған орай, тиісті мекемеге анықталған кемшіліктерді ретке келтіру бойынша 20.01.2024 жылы 27-06/221-24 хат жолданып, энергетика басқармасы тарапынан нысанның құрылыс жұмыстарын жүргізген мердігер мекеме «Монолит Дизайн-2030» ЖШС, өз міндеттемелерін орындамауына байланысты, Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы тарапынан 2022 жылғы 6 желтоқсанында біржақты тәртіппен бұзылды. Бүгінгі таңда, нысан құрылыс жұмыстарын аяқтау мақсатында құрылыс материалдары қымбаттауына байланысты қалған жұмыстарға ЖСҚ түзетуге ұсыныс енгізілді. Алдағы наурыз айында толығымен ретке келтірілетін болады. |
Н.Тілеш М.Ажедин Қ.Жүніс |
||
|
3. |
Қаңғыбас иттерді жою мәселесін қолға алсаңыздар |
Қаңғыбас иттерді аулау бойынша тиісті басқармаға ұсыныс хат жолданып, басқарма тарапынан атқарылған жұмыстар баяндалсын. |
30.01.2024ж . |
Ауыл шаруашылық және ветеринария басқармасы тарыпынан 01.02.2024ж Асар-2 шағын ауданда қаңғыбас 15 ит аулау жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, 10.02.2024ж Асар-2 шағын ауданынан бос иесіз жүрген 30 итті аулау жұмыстары жүргізілді. |
Н.Тілеш М.Ажедин Қ.Жүніс |
||
|
4. |
Жол мәселесі, Атакент көшесі ойылып кеткен. |
Атакент көшесінің ойылған жерлерін жамау «Абай» коммуналдық мекемесі тарапынан атқарылсын |
10.04.2024ж
|
Атакент көшесінің ойылған жерлерін «Абай» КММ тарапынан ағымдағы жылдың 3 тоқсанында атқарылатын болады. |
Н.Тілеш М.Ажедин Қ.Жүніс |
||
|
5. |
Асар-2 шағын ауданының орталық жері сайда орналасқан, көлшік суларды алу, лоток кою керек. |
Асар-2 шағын ауданының су жиналатын көшелеріне зерделеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесі бойынша ирригациялық жүйе орнату бойынша ұсыныс енгізілсін.
|
30.01.2024ж
|
Асар-2 шағын ауданындағы ішкі орамдық көшелерде су жиналудың алдын алу бойынша бүгінгі таңда зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Зерделеу нәтижесі бойынша анықталған мәліметтерге сәйкес, сметалық есептер әзірленіп, 2025 жылға ирригациялық жүйе салу бойынша бюджеттік өтінім берілетін болады. Ирригациялық жүйе салынғанға дейін су тарту жұмыстары тұрақты түрде жүргізілетін болады. |
Н.Тілеш Е.Насыр |
||
|
6. |
Арыс көшесінде 9 үй бар. Гос актілері бар болғанымен, заңдастыра алмай жатырмыз. |
Құжаттары рәсімделмеген тұрғын үйлер бойынша тиісті басқармамен бірлесе түсіндірме жұмыстары жүргізілсін. |
30.01.2024ж
|
9 үйдің құжаттарының түбірінің бар жоқтығы жайында мәлімет алуға мұрағаттар бөліміне әділет басқармасы арқылы өтініш беру қажет екендігі туралы түсіндірілді. |
Н.Тілеш М.Ажедин Қ.Жүніс |
||
|
2. |
Марат Әбдіқадыр Ауыл биі
|
7. |
Асар-2 шағын ауданынан шығатын жерге 15 камера қою керек. |
Асар-2 шағын ауданына 2024 жылы орнатылатын бейне бақылау камерларын бойынша тиісті басқармаға ұсыныс хат жолданып, атқырылатын жұмыстардың нәтижесі баяндалсын. |
30.01.2024ж |
Қазіргі таңда Асар-2 шағын ауданында бейне бақылау құрылғысы 6 жерде 2 данадан 12 бейне бақылау құрылғысы жұмыс жасап тұр. Жыл соңына дейін 11 жерге 22 бейне бақылау камерасы орнатылатын болады. |
Н.Тілеш М.Ажедин Қ.Жүніс |
|
8. |
Байланыс дұрыс жұмыс жасамайды. |
Асар-2 шағын ауданы аумағында байланыс интернет мәселесі бойынша тиісті басқарманың мамандарымен тұрғындарымен арнайы кездесу ұйымдастырылсын. |
05.02.2024ж |
2023 жылдың 10-ы қазанында оптикалық интернет желісін жүргізу бойынша тұрғындармен бірлесе түсіндірме жұмыстары жүргізілген болатын. Нәтижесінде Кентуки-Энержи компаниясы тарапынан оптика желісін жүргізу жұмыстары атқарылды. Тұрғындарға оптика желісіне қосылуға мүмкіндік жасалынып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, «Kcell» АҚ тарапынан Асар-2 шағын ауданына 2 базалық станция (42.4292150,69.5742230, және 42.4103850,69.5826300) орнату жоспарланған болатын. Қазіргі таңда, антенна-мачталық құрылғыны орнату үшін монтаждау жұмыстары атқарылуда. Аталған жұмыстар ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында толық аяқталатын болады. |
.Н.Тілеш М.Ажедин Қ.Жүніс |
||
|
9. |
Асар-2 ш/а коммуналдық төлемақылар қымбат. 1 айда 2 реттен келеді Kaspi қосымшасынан. Соны тексерсеңіздер. |
Комуналдық төлемдер бойынша коммуналдық мекеме өкілдерінің қатысуымен тұрғындармен кездесу өткізілісін. |
05.02.2024ж |
Асар-2 шағын ауданының тұрғындарымен комуналдық төлемдер бойынша ұсыныс беріліп коммуналдық мекеме өкілдерінің қатысуымен наурыз айында тұрғындармен кездесу жоспарлануда. |
.Н.Тілеш М.Ажедин Қ.Жүніс |
||
|
3. |
Ғабиев Талғат Ақсалдар кеңесі мүшесі
|
10. |
2-көшеге «жасанды кедергі» және бағдаршам орнату қажет. |
Бағдаршам және жол кедергісін орнату бойынша тиісті басқармаға ұсыныс жолданып, нәтижесі баяндалсын. |
30.01.2024ж
|
Бағдаршам және жол кедергісін орнату бойынша тиісті мекемеге 15.02. 2024 жылы 27-06/222-24 хат жолданды. Нәтижесінде аталған көшеге зерделеу жұмыстары жүргізілді, өтініш берушіге түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жазбаша түрде ұйғарылым берілетінін хабарлайды. |
Н.Тілеш М.Ажедин Қ.Жүніс |
|
11. |
Асық ата көшесінің жолын кеңейту керек. Екі жолақты жол істеп, 2 метр қосу керек. |
Асық ата көшесін кеңейту бойынша тиісті басқармамен бірлесе жұмыстар жүргізіліп, нәтижесі баяндалсын.
|
10.02.2024ж
|
Шымкент қаласының бас жоспарына сәйкес, сметалық құжаттамада көрсетілген өлшемге сәйкес жүргізілгені туралы Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан түсіндірме жұмыстары жүргізілді. |
Н.Тілеш М.Ажедин Қ.Жүніс |
||
|
12. |
Көріктендіру, ағаш егу мәселесін қолға алу |
Асар-2 шағын ауданының орталық көшелерімен негізігі ішкі орамдық көшелеріне ағаш көшеттерін егу бойынша арнайы іс шара жоспары әзірленсін. |
10.02.2024ж
|
Көктемгі ағаш отырғызу жұмыстары барысында іс шара жоспарына сәйкес Асар-2 шағын ауданындағы орталық көшелерге зерделеу жұмыстары жүргізіліп жоспарға сәйкес 150 түп ағаш егілетін болады. |
Н.Тілеш М.Ажедин Қ.Жүніс |
||
|
13. |
Автокөлік жүретін жолға 20 метр жер қалдырылған, алайда транспорт 5 метрлік жол салып кеткен. Жарық шам бағанасын 5 метрлік жолға тақап қойып кеткен. |
Аталған көшені кеңейту бойынша тиісті басқармамен бірлесе жұмыстар жүргізіліп, нәтижесі баяндалсын.
|
10.02.2024ж |
Шымкент қаласының бас жоспарына сәйкес, сметалық құжаттамада көрсетілген өлшемге сәйкес жүргізілгені туралы Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан түсіндірме жұмыстары жүргізілді. . |
Н.Тілеш М.Ажедин Қ.Жүніс |
||
|
14. |
Амбулатория салу мәселесін қарастырсаңыз. |
Асар-2 шағын ауданына медициналық орталық салу бойынша тиісті басқармаға ұсыныс хат жолданып, басқарма тарапынан атқарылатын жұмыстары баяндалсын. |
10.02.2024ж |
Бас жоспарға сәйкес, Асар-2 шағын ауданындағы Көлсай көшесінің бойында 1,7 га бос жер телімі денсаулық сақтау нысаның орны қарастырылған. Аталған нысанды салу жұмыстары 2027-2031 жылдарға жоспарланған. |
Г.Асылбекова М.Туткишбаева |
||
|
4. |
Таңшолпан Ынтымақ елді мекені |
15. |
Сасық көлдің мәселесі сол күйі қалып отыр. Дезинфекция жасау қажет. Қоқыстардың барлығын осы жерге келіп құяды. |
Ынытмақ-2 шағын ауданында орналасқан кәріз тазалау имаратының айналасына дезинфекциялау жұмыстары жүргізілсін. |
10.03.2024ж |
Шымкент қаласы Ауыл шаруашылық және ветеринария басқармасына ұсыныс жолданған. Алдағы көктем және жаз айларында аталған басқарма тарапынан дезинфекциялау жұмыстары жүргізілетін болады. |
Н.Тілеш М.Ажедин С.Рамат |
|
5. К |
Набаев Талғат Шағын аудан тұрғыны |
16. |
Қоқыс тастамас үшін камера орнату қажет. |
Асар-2 шағын ауданына 2024 жылы орнатылатын бейне бақылау камерларын бойынша тиісті басқармаға ұсыныс хат жолданып, атқырылатын жұмыстардың нәтижесі баяндалсын. |
30.01.2024ж
|
Шымкент қаласы цифрландыру басқармасы тарапынан Асар-2 шағын ауданына 2024 жылдың соңына дейін қосымша 11 мекен жайға бейне бақылау камералары орнатылатын болады.
|
Н.Тілеш М.Ажедин Қ.Жүніс |
|
17. |
Автобус аз жүреді, Соны көбейтіп берсе? |
Асар-2 шағын ауданына қатынайтын қоғамдық көліктердің жиілігі бойынша тиісті басқармаға ұсыныс хат жолдансын. |
30.01.2024ж
|
Асар-2 шағын ауданы бағытында қатынайтын №52 қалалық қоғамдық көлігі кестеге сәйкес 12 автобус бектілген. Тұрғындардың сұранысы бойынша қалалық қоғамдық көліктің ара қашықтығын жиілетіп, қосымша қоғамдық көлікті жүргізу бойынша кешенді жоспар әзірленуде. Аталған жоспарға сәйкес тиісті бағыттар ашылатын болады. |
Н.Тілеш М.Ажедин Қ.Жүніс |
||
|
6. |
Әлжан Нұрлан Асар-2 шығыс жағы (Шымсити қарама-қарсы) |
18. |
Жол бітіргеннен соң автобус жүргіземіз деген едік. |
Асар-2 шағын ауданындағы асфальт қабаты төселген негізгі көшелерді анықтып, қоғамдық көліктерді жүргізу мүмкіндігін қарастыру бойынша тиісті басқармаға ұсыныс хат жолдансын. Басқарма тарапынан атқарылатын жұмыстардың нәтижесі баяндалсын. |
30.01.2024ж
|
Бүгінгі таңда «А-2» тас жолының қайта құру жұмыстарының сегізінші кезеңі толық аяқталмауына байланысты қоғамдық көліктерді жүргізуге мүмкіндік жоқ екенін хабарлаймыз. Алдағы уақытта А-2 тас жолының қайта құру жұмыстары аяөталған соң, тиісті бағыттарды ашу бойынша ұсыныс берілетін болады. |
Н.Тілеш М.Ажедин Қ.Жүніс |
|
19. |
Көшеге жарық қойған едік, соны қабылдамай жатыр. |
Тұрғындар тарапынан орнатылған көше жарықшамдардың талаптары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілсін. |
30.01.2024ж
|
Шымкент қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы тарапынан талаптарға сай келмеуіне байланысты өз теңгеріміне қабылдаудан бас тартылып тұрғынға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. |
Н.Тілеш М.Ажедин Қ.Жүніс |
||
|
20. |
Мектеп қашан салынып басталады? |
Асар-2 шағын ауданына «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынатын мектептің құрылысы туралы тиісті басқармамен бірлесе түсіндірме жұмыстары жүргізлісін. |
30.01.2024ж |
Асар-2 шағын ауданында «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында 2000 орындық 1 мектеп салынатын болады. Құрылыс жұмыстары 2024-2025 жылдарға жоспарланған. |
Г.Асылбекова М.Туткишбаева |
||
|
7. |
Сапыбаев Жәнібек 8 көше |
21. |
Біздің көшеміздің бойымен жоғары вольтты электр желісі өткен. Сол электр желісіндегі транформаторларды реттеп берсеңіздер. Қайта қайта күйіп кетіп жатыр. |
Электр жарығының жиі сөнуі бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізіпі, анықталған кемішіліктер бойынша тиісті мекеме тарапынан ретке келтірілісін. Нәтижесі баяндалсын. |
30.01.2024ж
|
«ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС тарапынан Асар-2 шағын ауданындағы 8 көше бойынан өтетін жоғары вольтты электр желісінің трансформаторына зерделеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде анықталған кемшіліктер ретке келтіріліп, қайта қалыпына келтірілді. Қазіргі таңда электр жарығы тұрақты түрде берілуде. |
Н.Тілеш М.Ажедин Қ.Жүніс |