|
№ |
Ұсынымдар |
Орындалу мерзімі |
Аяқталу нысанасы |
Жауапты орындаушы |
|
1. |
Аппаратта сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының қағидаларын сақтау, мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық міндеттерін қатаң сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп, арнайы құқықтық оқуларды өткізу тұрақты жүргізілсін; |
Тұрақты (тоқсан сайын кемінде бір рет) |
Құқықтық сабақтар өткізу (хаттама немесе фото, әлеуметтік желіге пост) |
А.Оспанова |
|
2. |
Аппаратта тұрақты негізде әдеп жөніндегі уәкілі тарапынан барлық қызметшілер арасында орындаушылық тәртібі және әдеп кодексі талаптарын сақтау бойынша түсіндіру шаралары жүргізілсін; |
Тұрақты (тоқсан сайын кемінде бір рет) |
Семинарлар, жиналыстар өткізу (хаттама немесе фото, әлеуметтік желіге пост) |
Д.Дауренбеков |
|
3. |
Өтініштер санын азайтып, тұрғындардың мәселелерінің басым бөлігінің оң шешімін табу мақсатында азаматтарды жеке қабылдау санын арттыру бойынша жұмыстар атқарылсын.
|
Тұрақты
|
Азаматтарға қолайлы жағдай тудыру |
Э.Тулембаева |
|
4. |
Учаскелік комиссияның құрамына тәуелсіз бақылаушыларды тарту мүмкіндігін қарастыру; |
Тұрақты
|
Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау |
М.Туткишбаева |
|
5. |
Мониторинг жұмыстардың ашықтығын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдансын |
Тұрақты
|
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау |
К.Керинбеков |
|
6. |
Мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын мүлтіксіз сақтау, конкурстық құжаттаманы әзірлеу сатысында сарапшыларды тарту мүмкіндігін қарастыру. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының талаптарын мүлтіксіз сақтау |
Тұрақты
|
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау |
М.Есенбаева М.Ажедин Р.Молдакулова |
|
7. |
Жүргізілген сатып алу тәсілі, сомасы, жеңімпаз мердігер т.б. ақпарат мекеменің әлеуметтік желідегі парақшаларына ашық ақпаратты орналастыру, орындалған жұмыстарды қабылдап алу бойынша тікелей эфирлер түсіру, қоғамдық бақылауды қамтамасыз етуді күшейтілсін |
Тұрақты
|
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау |
М.Есенбаева М.Ажедин Р.Молдакулова |
|
8. |
Заңда белгіленген тәртіпте осы талдамалық анықтаманы аппараттың ресми интернет-ресурсына жариялауды қамтамасыз етілсін. |
17.05.2023ж.
|
Интернет-ресурсына жариялау
|
А.Оспанова
|