«Шымкент қаласының Абай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі іс-шаралар ЖОСПАРЫ

№

Ұсынымдар

Орындалу мерзімі

Аяқталу нысанасы

Жауапты орындаушы

1.                

Аппаратта сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының қағидаларын сақтау, мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық міндеттерін қатаң сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп, арнайы құқықтық оқуларды өткізу тұрақты жүргізілсін;

Тұрақты

(тоқсан сайын кемінде бір рет)

Құқықтық сабақтар өткізу

(хаттама немесе фото, әлеуметтік желіге пост)

А.Оспанова

2.                

Аппаратта тұрақты негізде әдеп жөніндегі уәкілі тарапынан барлық қызметшілер арасында орындаушылық тәртібі және әдеп кодексі талаптарын сақтау бойынша түсіндіру шаралары жүргізілсін;

Тұрақты

(тоқсан сайын кемінде бір рет)

Семинарлар, жиналыстар өткізу

(хаттама немесе фото, әлеуметтік желіге пост)

Д.Дауренбеков

3.                

Өтініштер санын азайтып, тұрғындардың мәселелерінің басым бөлігінің оң шешімін табу мақсатында азаматтарды жеке қабылдау санын арттыру бойынша жұмыстар атқарылсын.

 

Тұрақты

 

Азаматтарға қолайлы жағдай тудыру

Э.Тулембаева

4.                

Учаскелік комиссияның құрамына тәуелсіз бақылаушыларды тарту мүмкіндігін қарастыру;

Тұрақты

 

Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау

М.Туткишбаева

5.                

Мониторинг жұмыстардың ашықтығын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдансын

Тұрақты

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау

К.Керинбеков

6.                

Мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын мүлтіксіз сақтау, конкурстық құжаттаманы әзірлеу сатысында сарапшыларды тарту мүмкіндігін қарастыру. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының талаптарын мүлтіксіз сақтау

Тұрақты

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау

М.Есенбаева

М.Ажедин

Р.Молдакулова

7.                

Жүргізілген сатып алу тәсілі, сомасы, жеңімпаз мердігер т.б. ақпарат  мекеменің әлеуметтік желідегі парақшаларына ашық ақпаратты орналастыру, орындалған жұмыстарды қабылдап алу бойынша тікелей эфирлер түсіру, қоғамдық бақылауды қамтамасыз етуді күшейтілсін

Тұрақты

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау

М.Есенбаева

М.Ажедин

Р.Молдакулова

8.                

Заңда белгіленген тәртіпте осы талдамалық анықтаманы аппараттың ресми интернет-ресурсына жариялауды қамтамасыз етілсін.

17.05.2023ж.

 

Интернет-ресурсына жариялау

 

 

А.Оспанова

 

Дата публикации
17 мая 2023