АНАЛИТИЧЕСКОЕ ОПРЕДЕЛЕНИЕ внутреннего анализа, проведенного в целях выявления коррупционных рисков в государственном учреждении " аппарат акима Абайского района города Шымкент»

Ішкі талдау жүргізу объектісінің толық атауы:

«Шымкент қаласының Абай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай - Аппарат).

Ішкі талдау жүргізудің негіздері:

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-Заңы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары» және Абай ауданы әкімінің 2023 жылғы                         4 мамырдағы №43-н/қ өкімі.

          Сыбайластық жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың бағыты:

          1) Аппарат қызметіндегі нормативтік құқықтық актілерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

          2) Аппараттың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

          Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізетін құрылымдық бөлімше, лауазымды тұлға (лауазымды тұлғалар) немесе жұмыс тобының персоналдық құрамы:

  1. Д.Дауренбеков – аудан әкімі аппаратының басшысы, жұмыс тобының жетекшісі;
  2. Ш.Кенес – ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімінің басшысы, жұмыс тобының мүшесі;
  3. М.Туткишбаева - әлеуметтік қорғау, мәдени даму және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің басшысы, жұмыс тобының мүшесі;
  4. М.Ажедин – қоғамның орта сапасын дамыту бөлімінің басшысы,
  5. М.Есенбаева – инфрақұрылым бөлімінің басшысы, жұмыс тобының мүшесі;
  6. А.Кылышбаева – «Amanat» партиясы Абай аудандық филиалының сектор меңгерушісі, жұмыс тобының мүшесі (келісімі бойынша);
  7. А.Оспанова – ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімінің бас инспекторы, жұмыс тобының мүшесі

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мерзімі:                 04-12.05.2023 жыл (5 күнтізбелік күн).

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі: 04.01.2023-31.03.2023 жыл.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізуге және жұмыстың нәтижесіне басшылық, үйлестіру және жауаптылық жүктелетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субъектісінің лауазымды тұлғасы: Д.Дауренбеков

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша талдау жұмыстарының сипаттамасы:

KPI 1: СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ БАРЛЫҚ БАҒЫТТАРЫ БОЙЫНША ТАЛДАУМЕН ҚАМТЫЛҒАН БӨЛІМШЕЛЕРДІҢ ҮЛЕСІ (%)

2 Жоба: Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу.

1 – міндет: Қолданыстағы құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Аппараттың қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің арасында сыбайлас жемқорлық және құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін өзінің қалауы бойынша шешім қабылдайтын өкілеттік пен нормалар анықталмады.

2 – міндет. Ішкі құжаттардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

Аппараттың істер номенклатурасы бекітілген. Сәйкесінше өкімдерді тіркеу журналдары істер номенклатурасына сәйкес ресімделген.

Аппаратта 2023 жылдың 4 қаңтары – 31 наурызы аралығында жеке құрам бойынша - 63 өкім, негізгі қызмет бойынша - 30 өкім заңнама талаптарына сәйкес әзірленіп, талдау барысында сыбайлас жемқорлық факторларын туындайтын себеп жағдайлар және құқық бұзушылықтар анықталған жоқ.

Аппараттың ережесінде және мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық нұсқаулықтарында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық (өзінің қалауы бойынша шешім қабылдау) өкілеттік пен нормалар анықталмады. Аудан әкімінің орынбасарлары мен аппарат басшысы арасындағы бөлінген міндеттерінде: басшылық жасайтын бөлімдер мен жетекшілік ететін салалары, құзыреттіліктері мен жауапкершіліктері нақты көрсетілген. Аппараттың барлық мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің лауазымдық нұсқаулықтарында құқықтары, міндеттері, сыбайлас жемқорлыққа ұштасатын шектеулері бойынша жауапкершіліктері көрсетілген.

Аппараттағы барлық қызметшілердің жеке істері толық рәсімделген. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер тарапынан жыл сайын мүлік пен кіріс туралы декларацияны тапсырмау фактісі орын алмаған.

3 – міндет. Персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

Аппарат 5 бөлімнен және 1 бағынысты мекемеден («Абай» КММ) тұрады. Штат саны – 34 мемлекеттік қызметшілер және 35 техникалық қызмет көрсететін қызметкерлер.

          Оның ішінде: аудан әкімі – 1 (саяси), әкімінің орынбасары – 3 (Е-1 санаты), аппарат басшысы – 1 (Е-2 санаты), бөлім басшысы – 5 (Е-3 санаты), бас инспектор – 7 (Е-3 санаты), бас маман – 17 (Е-4 санаты).

          Анықтама үшін:

  • Ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімі – штат саны 5 (бес) бірлік: бөлім басшысынан, 2 (екі) бас инспектор және 2 (екі) бас маманнан тұрады;
  • Әлеуметтік қорғау, мәдени даму және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімі – штат саны 5 (бес) бірлік: бөлім басшысынан, 2 (екі) бас инспектор және 2 (екі) бас маманнан тұрады;
  • Қоғамның орта сапасын дамыту бөлімі – штат саны 11 (он бір) бірлік: бөлім басшысынан, 2 (екі) бас инспектор және 8 (сегіз) бас маманнан тұрады;
  • Инфрақұрылым бөлімі – штат саны 5 (бес) бірлік: бөлім басшысынан, 1 (бір) бас инспектор және 3 (үш) бас маманнан тұрады;
  • Кәсіпкерлікті қолдау бөлімі – штат саны 3 (үш) бірлік: бөлім басшысынан және 2 (екі) бас маманнан тұрады.

Абай ауданы әкімінің аппаратының «Абай» коммуналдық мемлекеттік мекмесі 2023 жылдың наурыз айында құрылып, бірінші басшысы мен басшының орынбасары заң талаптарына сәйкес жұмысқа қабылданып, жұмысқа қабылданғанда кіріс пен мүлік туралы декларацияны тапсырмау фактілері анықталмады.

          Талдау кезеңінде,  4 мемлекеттік қызметкер жұмыстан шығарылған:

          -   Ғ.Көшікбаев – басқа мемлекеттік органға ауысуына байланысты;

          -   Ә.Оңғар – басқа мемлекеттік органға ауысуына байланысты;

          -   Е.Достияров – өз еркімен жұмыстан шығарылды;

          -   М.Қуанышбай - өз еркімен жұмыстан шығарылды.

          2023 жылғы 6 қаңтардағы №1-ж/қ өкімімен талап қоюшы мемлекеттік мекеме өкілінің сот отырысына бірнеше рет қатыспауына байланысты және Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік  рәсімдік-процестік Кодексінің 65-бабы, 1-тармағы талаптарын бұзғаны үшін ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімінің бас маманы Мақсат Нұрланұлы Қуанышбайға сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.

          2023 жылғы 10 қаңтардағы №2-ж/қ өкімімен өзіне жүктелген міндеттерді орындамай, Қазақстан Республикасының  азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы №620 қаулысымен бекітілген қағидалардың                       8 тармағын орындамай, азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру бойынша комиссия отырысына және жұмыстарына қатыспағаны үшін, сондай-ақ, аудан аумағын қардан тазалау және санитарлық тазалау жұмыстарын өз деңгейінде ұйымдастырмағаны үшін аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Тілешұлы Тілешке ескерту түріндегі тәртіптік жазасы беріліп, мерзімінен бұрын алып тасталғандығы анықталды.

          2023 жылғы 15 ақпандағы №20-ж/қ өкімімен өзіне жүктелген міндеттерді тиісті дәрежеде орындамағаны үшін  инфрақұрылым бөлімінің басшысы Мадина Еркинқызы Есенбаеваға қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.  

          2023 жылғы 23 ақпандағы №23-ж/қ өкімімен өзіне жүктелген міндеттерді тиісті дәрежеде орындамай, Қазақстан Республикасының  2020 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан  Республикасының  Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексінің 65-бабы,                   1-тармағы талаптарын бұзғаны  үшін аудан әкімінің орынбасары Есимжан Баирбекулы Занкоевқа ескерту түріндегі тәртіптік жазасы қолданылды.

          2023 жылғы 17 наурыздағы №32-ж/қ өкімімен өзіне жүктелген міндеттерді тиісті дәрежеде орындамай, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы талаптарын бұзғаны үшін, сондай-ақ, қалалық экономика басқармасына мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы ақпаратты уақытылы ұсынбағаны үшін инфрақұрылым бөлімінің бас инспекторы Есдаулет Керімбекұлы Достияровқа сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылды. 

          2023 жылғы 27 наурыздағы №35-ж/қ өкімімен өзіне жүктелген міндеттерді тиісті дәрежеде орындамай, аудан әкімінің хаттамалық тапсырмасын орындамағаны үшін кәсіпкерлікті қолдау бөлімінің бас маманы Айбек Талғатұлы Рахманбердіге сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылды. 

          Ұсыным:     Аппаратта тұрақты негізде әдеп жөніндегі уәкілі тарапынан барлық қызметшілер арасында орындаушылық тәртібі бойынша түсіндіру шаралары жүргізілсін.

          Аппарат қызметшілеріне Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректер базасы арқылы сұрау салынып, нәтижесінде сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық әрекеттерге байланысты жауапкершілікке тартылғандар анықталмаған.  

          4 – міндет. Мүдделер қақтығысымен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Талдау барысында аппарат қызметіне зиян келтіруі мүмкін мүдделер қақтығысының белгілері анықталған жоқ.

          5 – міндет. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтермен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

          Аппаратта 3 (үш) мемлекеттік қызметті көрсету жүзеге асырылады. Талдау барысында:

          1) Өз құзыреті шегінде «Жаттықтырушы, әдіскер, нұсқаушы-спортшы және спорт төрешісі біліктілік санаттарын және спортшыларға спорттық разрядтарын беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызметі;

          2) «Әскерге шақыруды кейінге қалдыру» мемлекеттiк көрсетілетін қызметі;

          3) «Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату»  мемлекеттiк көрсетілетін қызметі.

          1.01.2023-31.03.2023 жыл аралығында, 1-спортшыға 2-разряд санаты,                              1-спортшыға 3-разряд санаты берілген, жалпы 2 спорт санаты.

          Әскерге шақыруды кейінге қалдыру және Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату мемлекеттік қызметтері бойынша жалпы 264 қызмет көрсетілген. Оның ішінде:

  • Қабылданғаны – 139;
  • Кері қайтарылған – 121
  • Қайтарып алынғаны – 4;

Аудан әкімі аппаратында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер автоматтандырылған. Яғни, көрсетілетін қызмет алушылар арасында тікелей байланыс орын алмайды және сыбайлас жемқорлық факторларға жол бермейді.

6 – міндет. Рұқсат етуші функцияларын жүзеге асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Аппараттың құзыретінде «Рұқсат етуші функциялары» қарастырылмаған.

7 - міндет. Бақылау функцияларын жүзеге асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Аппараттың құзыретінде «Бақылау функциялары» қарастырылмаған.

8 – міндет. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтегі басқа да мәселелерге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Арыз-шағымдарды қарау барысы бойынша:

Жыл басынан бері аппаратына «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы                  206 өтініштер мен жолданымдар түскен, аудан әкімі мен оның орынбасарлары өткізген 29 жеке қабылдау барысында жалпы 116 азамат әр-түрлі мәселермен қабылданған. Барлық өтініштер мен жолданымдарға Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексі» талаптарына сәйкес қаралып, жауап берілген. Аталған өтініштерде сыбайлас жемқорлық мәселелері қозғалмаған.

Аудан әкімі аппараты ғимаратында бірінші қабатында «Адалдық алаңы» тақтайшасы орнатылған және «Ашық әкімдік» кабинеті ашық, жұмыс жүргізілуде.

Аудан әкімі аппаратының ресми интернет-ресурсында байланыс телефон нөмері көрсетіліп, аппараттың әлеуметтік желілердегі аккаунттарында («Instagram» «Facebook» «WhatsApp») тұрғындардың өтініштері мен шағымдарына дер кезінде тиісті жауаптар берілуде.

Ұсыным: өтініштер санын азайтып, тұрғындардың мәселелерінің басым бөлігінің оң шешімдерін табу мақсатында жеке қабылдау санын арттыру бойынша жұмыстар атқарылсын.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек бойынша:

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына сәйкес, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін аудан аумағында 6 учаскелік комиссия жұмыс жүргізеді.

2023 жылдың 4 қаңтары мен 31 наурызы аралығында жалпы 2603 отбасы өтініш білдіріп, оның 89 отбасы «Мұқтаж емес» деп танылса, 1903 отбасы «Мұқтаж» деп танылған.

Сонымен қатар, комиссия мүшелері АӘК-ке құжат тапсырған отбасылардың материалдық жағдайына тексеру барысында аталған Заңның 5 бабы, 5-тармағына сәйкес, яғни «Е-Халық» автоматтандырылған базасы арқылы азаматтардың атындағы жылжыйтын және жылжымайтын мүліктер тіркелген немесе тіркелмегені туралы мәліметтер алып, тексеру жұмыстарын жүргізеді.

Тексеру барысында учаскелік комиссиялар Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы  №29-ө бұйрығымен бекітілген Учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережені, сонымен қатар өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру қорытындысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждығын айқындау өлшемшарттарын басшылыққа алады.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке өтініш білдірген үміткер азаматтардың тізіміне сәйкес, әр учаскелік комиссия өз аумақтары бойынша үй тұрмыстық зерделеу актілерін түзеді. Түзілген актінің негізінде әр үміткер азаматтарға мұқтаж не болмаса мұқтаж еместігі жөнінде 7 жұмыс күнінің ішінде Шымкент қаласы Абай аудандық жұмыспен қамту орталығына қорытындыны жолдайды.

Алайда, талдау барысында аппараттың әлеуметтік қорғау, мәдени даму және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің бас инспекторы Б.Адамбектің тарапынан кемшілікке  жол берілгендігі анықталды.

Атап айтқанда, Абай аудандық жұмыспен қамту орталығынан 2023 жылдың                21 сәуірінде келіп түскен №14 тізім, 2023 жылдың 24 сәуірінде келіп түскен №15 тізім, 2023 жылдың 25 сәуірінде келіп түскен №16 тізім, 2023 жылдың 26 сәуірінде келіп түскен №17 тізім, 2023 жылдың 27 сәуірінде келіп түскен №18 тізімдер бойынша атаулы әлеуметтік көмекке өтініш білдірген азаматтардың тұрғылықты мекенжайы бойынша барып зерделеу жұмыстары мерзімінен (15-20 күнге)кешіктіріліп орталыққа жолданған.

Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылдың 15 мамырындағы  №320 бұйрығының талаптары бұзылғандығы белгілі болды. Жіберілген кемшілік бойынша әлеуметтік қорғау, мәдени даму және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің бас инспекторы Б.Адамбекке «Сөгіс» түріндегі тәртіптік жазасы қолданылды (12.05.2023 жылғы №47- ж/қ өкім).

Тәуекел: атаулы әлеуметтік көмекке үміткерлер мен учаскелік комиссияның тікелей байланысы.

Ұсыным: учаскелік комиссияның құрамына тәуелсіз бақылаушыларды тарту мүмкіндігін қарастыру.

Кәсіпкерлікті қолдау бөлімі (бұдан әрі- бөлім) аудан аумағында заңсыз сауда, заңсыз жарнама орындарын анықтау бойынша бірлескен мониторингтік жұмыстарды жүргізеді.

Шымкент қаласы Абай ауданы аумағы 7 секторға бөлінген. Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасымен бірлесіп, заңсыз құрылыстар бойынша аралау жұмыстары жүргізіледі.

Ретсіз сауда қатарларын реттеу –аудан аумағындағы басты көшелерде белгіленбеген орында сауда жасаушы тұлғаларға ретсіз сауда қатарын реттеу бойынша Шымкент ҚПД Абай аудандық полиция басқармасымен бірлесіп тұрақты түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Тәуекел: бөлім қызметкерлері мен кәсіпкерлердің арасындағы тікелей байланыс.

Ұсыным:  Мониторинг жұмыстардың ашықтығын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдансын. 

9 – міндет. Қаржы шаруашылық қызметімен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Аудан әкімі аппаратында жыл басынан бастап, аудан аумағындағы көпқабатты үй аулаларын абаттандыру, аудан аумағын тазалығын сақтау, мерекелік мәдени іс шаралар өткізу және аппарат қызметі бойынша тауарлар сатып алу бағытында 96 мемлекеттік сатып алу келісім шарттары түзілген. Оның ішінде 12 - ашық конкурс тәсілімен, 43 - баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен, 4 - өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бір көзден сатып алу тәсілімен, 4 - тікелей шарт тұжырымы бір дереккөздерден тәсілімен, электронды дүкен О-маркет арқылы - 33 сатып алу шарттары түзілген. Мемлекеттік сатып алуларды жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық мәселелері қозғалмаған;

Қоғамның орта сапасын дамыту бөлімі (бұдан әрі – бөлім) Аудан аумағындағы санитарлық тазалық (көп қабатты тұрғын үйлердің аулаларын және ішкі орам жолдардың шөп ору, ағаш қырқу, әктеу,  көшелерді механикалық қолмен тазалау, көшелерді көгалдандыру, бей-берекет жиналған қоқыс орындарын жою және т.б. жұмыстары) жұмыстарымен айналысады. Бұл қызмет түрлері мемлекеттiк сатып алуларының ашық конкурстары бірыңғай ұйымдастырушымен (Шымкент қаласының мемлекеттiк сатып алу басқармасымен) жүзеге асырылуда.

Мемлекеттік сатып алу негізінде түзілген келсімшарт негізінде  «Өнім беруші» атқарылған жұмыс түрлерінің көлемін «Тапсырыс беруші» растап қабылдайды.

Тәуекел: Бөлімге жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасары мен бөлім қызметкерлерінің мердігер ұйыммен тікелей байланысы.

Инфрақұрылым бөлімі (бұдан әрі-бөлім) Аудан аумағын абаттандыруға, көпқабатты үй аулаларына балалар ойын алаңшаларын, спорт алаңшаларын орнату,  абаттандырылған  нысандардың пайдалануын қадағалау жұмыстарын жүзеге асыру жұмыстарын қамтамасыз етеді. 

Аудан тұрғындарынан түскен өтініштер негізінде балалар ойын алаңшаларын және ашық спорт алаңшаларын орнатуға жер телімдерін анықтап, заңдастыру жұмыстарын тұрақты жүргізуде.

Мемлекеттік сатып алу негізінде түзілген келсімшарт негізінде «Өнім беруші» атқарған жұмыстарды «Тапсырыс беруші» растап қабылдайды.        

Тәуекел: Бөлімге жетекшілік ететін аудан әкімі орынбасары мен бөлім қызметкерлерінің мердігер мекемемен тікелей байланысы.

Ұсынымдар:

  1. Мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын мүлтіксіз сақтау, конкурстық құжаттаманы әзірлеу сатысында сарапшыларды тарту мүмкіндігін қарастыру. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының талаптарын мүлтіксіз сақтау.
  2. Жүргізілген сатып алу тәсілі, сомасы, жеңімпаз мердігер т.б. ақпарат мекеменің әлеуметтік желідегі парақшаларына ашық ақпаратты орналастыру, орындалған жұмыстарды қабылдап алу бойынша тікелей эфирлер түсіру, қоғамдық бақылауды қамтамасыз етуді күшейту.

10 – міндет. Аудан әкімі аппаратында жасырын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер анықталмады.       

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша ішкі талдау нәтижелері:

Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, құқық бұзушылық туралы ақпарат:

мердігерлермен орындалған жұмыстарды қабылдау барысында тапсырыс берушінің арасында тікелей байланысты болуы;

мониторингтік жұмыстарды (сыртқы жарнамалар, ретсіз сауда, заңсыз құрылыстар) жүргізу барысында кәсіпкерлік субъектілермен тікелей байланыстың болуы;

атаулы әлеуметтік көмекке үміткерлер мен учаскелік комиссияның тікелей байланысы.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар:

- аппаратта сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы                                       18 қарашадағы Заңының қағидаларын сақтау, мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық міндеттерін қатаң сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп, арнайы құқықтық оқуларды өткізу тұрақты жүргізілсін;

- аппаратта тұрақты негізде әдеп жөніндегі уәкілі тарапынан барлық қызметшілер арасында орындаушылық тәртібі және әдеп кодексі талаптарын сақтау бойынша түсіндіру шаралары жүргізілсін;

- өтініштер санын азайтып, тұрғындардың мәселелерінің басым бөлігінің оң шешімін табу мақсатында азаматтарды жеке қабылдау санын арттыру бойынша жұмыстар атқарылсын.

- учаскелік комиссияның құрамына тәуелсіз бақылаушыларды тарту мүмкіндігін қарастыру;

- мониторинг жұмыстардың ашықтығын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдансын;

- мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын мүлтіксіз сақтау, конкурстық құжаттаманы әзірлеу сатысында сарапшыларды тарту мүмкіндігін қарастыру. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының талаптарын мүлтіксіз сақтау;

  • жүргізілген сатып алу тәсілі, сомасы, жеңімпаз мердігер т.б. ақпарат мекеменің әлеуметтік желідегі парақшаларына ашық ақпаратты орналастыру, орындалған жұмыстарды қабылдап алу бойынша тікелей эфирлер түсіру, қоғамдық бақылауды қамтамасыз етуді күшейтілсін;
  • заңда белгіленген тәртіпте осы талдамалық анықтаманы аппараттың ресми интернет-ресурсына жариялауды қамтамасыз етілсін.

Дата публикации
17 мая 2023