БЖЗҚ-дағы Ашық есік күндерінің баспасөз анонсы

2021 жылдың 10 желтоқсанында сағат 10-00 нан 17-00 дейін БЖЗҚ онлайн форматта «Цифрлы БЖЗҚ: барлығы салымшыларға ыңғайлы болу үшін» Ашық есік күнін өткізеді. Іс-шараға қатысушылар Қордың жаңа цифрлық қызметтері, болашақ зейнетақыны болжамды есептеу мүмкіндіктері туралы біліп, барлық қызықтыратын сұрақтарға жауап алады. Мысалы, соңғы жаңалықтардың бірі - Қор кеңселеріне бару кезінде Қазақстан Республикасы азаматының:

  • жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу;
  • қосымша деректемелерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу;
  • зейнетақы жинағының жай-күйі туралы хабарлау тәсілін өзгерту (анықтау)мақсатында жеке куәлігінің цифрлық (электрондық) нұсқасын пайдалану мүмкіндігі туралы толыққанды айтылатын болады.

«Ашық есік күні» онлайн-форматта 10 желтоқсан сағат 10-00 нан 17-00 дейін онлайн платформада 3 сессиядан өтеді:

    1 сессиясы сағат 10-00 өтеді. (қосылу уақыты сағат 09-30)

    2 сессиясы сағат 12-00 өтеді. (қосылу уақыты сағат 11-30)

    3 сессиясы сағат 15-00 өтеді. (қосылу уақыты сағат 14-30)

 

           Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Әрбір қатысушы:

     1 сессия - https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=ed64da2abeaf3dc812edd32016e5b8bff сілтемесімен өту керек. Сонан соң event-жиналыс нөмірі 2510 778 4579 мен event-жиналыс паролі 0000 енгізіледі.

     2 сессия - https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=eb22e6cdbdbabf5cb0edf733d3e236452 сілтемесімен өту керек. Сонан соң event-жиналыс нөмірі 2519 409 4985 мен event-жиналыс паролі 0000 енгізіледі.

     3 сессия - https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=eda5a250e519e83892673e582baebf4e1 сілтемесімен өту керек. Сонан соң event-жиналыс нөмірі 2511 589 6855 мен event-жиналыс паролі 0000 енгізіледі.

Біз сізді күтеміз!

БЖЗҚ 2013 жылдың 22 тамызында «ГНПФ «ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі БЖЗҚ-ның құрылтайшысы және акционері болып табылады. БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар дайындау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) оның зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында)

Дата публикации
21 декабря 2021