Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі Б. Пармановтың 2020 жылдың қорытындысы бойынша халыққа есеп беру кездесулеріндегі баяндамасының ТЕЗИСТЕРІ

 

            Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 05 ақпандағы «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының кездесулерін өткізу туралы» №190 Жарлығына сәйкес, барлық деңгейде әкімдердің 2020 жылы атқарған жұмыстары туралы халық алдында есеп беру кездесулері мен 2021 жылға негізгі міндеттері айқындалуда. Өз кезегінде Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі аудан аумағындағы 2020 жылдың қорытындысы бойынша олнайн форматында есеп береді.

         Өткен 2020 жылы аудан әкімінің халыққа есеп беру жиналысында тұрғындар тарапынан 80 өтініш түскен, оның ішінде 43 өтініш жыл ішінде   толық шешімін тауып, 33 өтініш орындалу барысында, ал 4 өтініш бақылауда тұр. Яғни, ол өтініштерде биыл құрылыс жұмыстары жүргізілетін, жоба-сметалық құжаттар әзірленетін, заңсыз жер телімдерінің құжаттарын рәсімдеу өз шешімін табатын өтініштер.

         2020 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың халыққа арнаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты жолдауы жарияланды. Аудан тұрғындарына кеңінен насихаттау мақсатында  23 жиналыс өткізіліп, жалпы 2500 адам қамтылды.

         2020 жылы аудан әкімі аппаратында 3374 кіріс құжаттары және            2975 шығыс құжаттар рәсімделіп, аудан әкімі мен аудан әкімі орынбасарларының жеке қабылдауында 151 азамат жазылды. Жеке қабылдауда көтерілген мәселелердің себептері талқыланып, шешу жолдары қарастырылып, арыз  иелеріне  уақтылы  жауаптар берілді.

Ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету, аймақтық бағдарламаларды жүзеге асыру шеңберінде бірқатар жұмыстар атқарылды.

 

Ауыз су

 

Аудан аумағы бойынша 22 елді мекен сапалы ауыз сумен қамтылса, ағымдағы жылдың басында тағы 2 елді мекен сапалы ауыз сумен қамтылып, 24 елді мекен немесе 71% сапалы ауыз сумен қамтылып отыр.

Қалған 10 елді мекен ұңғыма және тасымалды ауыз суларын пайдаланады 29%.

2020 жылы сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстарына жалпы 8,4 млрд. теңге қаржы қаралды, оның ішінде;

  • 1 магистральды ауыз су жүйесіне - 423,7 млн тенге,

         - 8 елді мекеннің құрылыс жұмыстарына - 7 920,6 млн.теңге, (нақты бөлінгені - 2 178,3 млн.теңге),

  • 2 елді мекеннің (Ақтас-2, Құрсай) ЖСҚ-н дайындауға - 48,6 млн. теңге бөлініп, «Ұлмад» ЖШС тарапынан жоба-сметалық құжаттама дайындалды. Құрылыс жұмыстарын жүргізу мақстаныда 2021 жылы бюджет есебінен қаржы қарастыру жоспарлануда.

2020 жылы 4 елді мекеннің (Игілік, Қызылжар, Көкбұлақ, Тәуелсіздікке 20 жыл) ауыз су жүйесінің құрылыс жұмыстары аяқталды. Қазіргі таңда үйлерге қосу жұмыстары жүргізілуде, нәтижесінде ағымдағы жылы 18 мыңнан астам тұрғын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады.

Қалған 4 елді мекеннің (Жаңаталап, Ынтымақ-2, Жаңа Тұрлан, Солтүстік саяжай (Нұршуақ)) құрылыс жұмыстары 2021 жылдың соңына аяқталып, 25 мыңға жуық тұрғын сапалы ауыз сумен қамтылатын болады.

          

Электр жүйесі

 

Аудан аумағы бойынша 25 елді мекен (74%) мемлекеттік электр жарығымен қамтылса, 2020 жылдың  соңында Ақтас тұрғын алабы мен Арғымақ шағын ауданы электр жарығымен қамтамасыз етіліп, 27 елді мекен (80%) мемлекеттік электр жарығымен қамтылып отыр.

  • Ақтас тұрғын алабы мен Арғымақ шағын ауданы аумағындағы 358 үйді электр жарығымен қамтамасыз ету мақсатында Бизнес жол картасы аясында республикалық бюджеттен 224,7 млн.теңге бөлініп, мердігер                   «Гео Құрылыс» ЖШС құрылыс жұмыстарын жүргізіп, 615 тұрғындарды электр жарығымен қамтыды. 

Сонымен қатар, 2020 жылы 7 елді мекеннің жоба-сметалық құжаттамаларын дайындауға бюджет есебінен - 118,3 млн. теңге бөлініп, жобалар толығымен аяқталды (жобалардың жалпы құны 7,2 млрд. теңгені құрап отыр), атап айтқанда;

- Солтүстік саяжай шағын ауданын жарықтандыру - 2,7 млрд.теңге (1025 тұрғын үй, 4875 жер телімі, 4613 тұрғын) ;

- Жаңаталап тұрғын алабын жарықтандыру - 1,1  млрд.теңге (676 үй, 5196 тұрғын);

- Ынтымақ-2 шағын ауданын жарықтандыру - 840,3 млн.теңге (1794 үй, 7189 тұрғын), және Батыс бөлігін жарықтандыру – 1,6 млрд.теңге;

- Айкөл тұрғын алабын жарықтандыру - 90,2 млн.теңге (66 үй, 334 тұрғын);

- Ақжар тұрғын алабын жарықтандыру - 177,9 млн.теңге (650 үй, 5204 тұрғын); 

-  Игілік тұрғын алабын жарықтандыру - 385,5 млн.теңге (1319 үй, 8431 тұғын); 

-  Тәуелсіздікке 20 жыл тұрғын алабын жарықтандыру - 405,9 млн.теңге (716 үй, 2856 тұрғын) .

         Аталған жобаларды жүзеге асыру үшін 2021 жылы бюджет есебінен қаржы қарастыру жоспарлануда.

 

Табиғи газ

 

Аудан аумағы бойынша 25 елді мекен немесе 73,5% табиғи газ жүйесімен қамтылса, қалған 9 елді мекен қатты отынды пайдалануда.

2020 жылы табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстарына жалпы              175,2 млн. теңге бөлініп отыр, оның ішінде,

Алтынтөбе тұрғын алабы газадндыру жұмыстарына 106,2 млн.теңге қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, нәтижесінде                2020 жылы 1231 тұрғын табиғи газбен қамтылды.

2020 жылы, 69 млн.теңгеге 3 елді мекеннің (Көкбұлақ, Ақтас, Ынтымақ-2) жоба-сметалық құжаттары дайындалды.

Аталған жобалардың құрылыс жұмыстарын жүзеге асыру үшін                                 2021 жылы бюджет есебінен қаржы қарастыру жоспарлануда.

Одан бөлек 6 елді мекенге (Көкбұлақ т.а. Тәуелсіздікке 20 жыл т.а, Ақтас-2 т.а, Ынтымақ-2, Солтүстік саяжай ш.а, Құрсай ш.а,) табиғи газ жүйесін  тарту мақсатында жоба дайындау үшін қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына ұсыныс беріліп, жоба-сметалық құжаттарын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.

 

Жол құрылысы

 

Аудан аумағындағы көшелер саны - 1025 және ол 1034 шақырымды құрайды, атап айтқанда:

 - Магистралды - 28 көше 145,4  шақырым;

-  Ішкі орамдық - 997 көше 889,3 шақырым.

оның ішінде:

- асфальт жол - 651 (63,4%) 659,6 шақырым (63,8%);

- тас жол - 277 көше (27,1%); 329,9 шақырым (31,9%);

- топырақ жолдар - 97 көше (9,5 %); 44,5 шақырым (4,3%) 2021 жылға 173,6 млн тг қарастырылған.

2020 жылы аудан аумағында жалпы ұзындығы 122,67 шақырымдық жалпы жоба құны 17,7 млрд.теңгені құрайтын 99 көшелерге                          8,2 млрд. теңге қаржы бөлініп (9,5 млрд. теңгесі 2021 жылға), асфальт жол салу  жұмыстары жүргізілуде:

Оның ішінде,

  • Магистралды – 4 көше;
  • Күрделі жөндеу – 16 көше;
  • Орташа жөндеу – 30 көше;
  • Шалғай елді мекендердегі – 20 көше,
  • Ішкі орамдық – 29 көше.

         2021 жылы  аудан аумағындағы 122,8 шақырымды құрайтын 30 көшеге асфальт салу жұмыстары бойынша қалалық қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына бюджеттік өтінім жолданды. 

 

Шағал тас

 

Аудан аумағындағы 71,2 шақырымды құрайтын 146 көшеге шағал тас төсеу қажет болса, оның 2020 жылы бюджеттен 100,0 млн.теңге бөлініп                   49 топырақ көшелерге 26,7 шақырымға шағал тас төсеу жұмыстар жүргізілді.

2021 жылға қосымша 44,5 шақырым шағал тас төсеуге ұсыныс беріліп, 173,6 млн теңге. қарастырылып отыр.

 

Аяқ жол

 

Аудан аумағында жалпы 296 шақырым аяқ жол болса, 2020 жылы әлеуметтік нысандарға баратын орталық 5 көшеге 8,1 шақырымға аяқ жол салу жұмыстары жүргізілді. 

 

Балалар және спорт ойын алаңшалары

 

Аудандағы 453 көпқабатты тұрғын үйлер 258 аулаға біріктірілген.

2014 жылдан бері жалпы 4 243,2 млн.теңгеге 222 аула абаттанлдырылып, 58 спорт алаңшасы салынды.

2020 жылы жалпы бөлінген қаржы көлемі - 2,6 млрд.теңгені құрап, оның ішінде;

- 107 аулаға ойын алаңшалрын орнатуға - 2,4 млрд.теңге,                             (о.і. республикалық бюджеттен - 1,7 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен -637 млн. теңге),

- 6 спорт алаңшасын салуға - 131,5 млн. теңге,

- 24 спорт алаңша ағымдағы жөндеуге - 114, 5 млн.теңге.

2021 жылы 1,1 млрд. теңгеге келесідей жұмыстарды жүзеге асыру жоспарланып отыр, атап айтқанда;

- 36 көпқабатты тұрғын үйдің ауласын абаттандыруға – 582,3 млн.теңге;

- 18 спорт алаңшаларын ағымдағы жөндеу – 38,6 млн.теңге;

- 30 спорт алаңшаларын орнату – 511,1 млн.теңге.

Аталған жобаларды қаржылыандыру үшін экономика және қаржы басқармасына бюджеттік өтінім ұсынылды.

 

Көшелерді жарықтандыру

 

Аудан аумағындағы 1025 көшенің мемлекет тарапынан                             125,8 шақырымды құрайтын 55 көше жарықтандырылған.

2020 жылға аудан аумағындағы әлеуметтік нысандар орналасқан                  24,6 шақырымды құрайтын 13 көшеге жоба құны 342,3 млн.теңге қаржы бөлініп, жарықтандыру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен бірге, аудан аумағындағы елді мекендермен шағын аудандардың 153 көшесіне жарықтандыру қажет болатын болса, оның                      75-не қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының  ұсыныс жолданып, бүгінгі таңда мемлекеттік жекешелік әріптестік аясында құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

 

Жылумен қамту

 

Аудандағы 453 көпқабатты тұрғын үйлердің 415 орталық жылу жүйесіне қосылған болса, 38 көпқабатты үй, атап айтқанда:

- Жаңаталап тұрғын алабында 5 үй;

- Қызылжар тұрғын алабында 16 үй;

- аудан  орталығында  17 тұрғын үй  жеке қазандыққа көшкен. 

2020-2021 жылғы жылу беру маусымында аудан аумағындағы жылу қазандығынан жылу алатын тұрғын үйлерді қысқа дайындау, үйдің ішкі жүйелеріне қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша:

  • «Қуатжылусервис» ЖШС (225 көпқабатты тұрғын үймен келісім-шартқа отырған),
  • «Жилкомхоз Шымкент» ЖШС(38 көпқабатты тұрғын үймен келісім-шартқа отырған),
  • "Нұр-Д" ЖШС (28 көпқабатты тұрғын үймен келісім-шартқа отырған) сервистік қызмет көрсету мекемелерімен аудан әкімдігінің қызметкерлері бірлесе тұрғындар арасында келісім-шартқа отырғызу бойынша жиналыстар ұйымдастырылып, түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.

Бүгінгі таңда "Қуатжылусервис" ЖШС-мен - 303, "Жилкомхоз Шымкент" ЖШС-мен - 66, "Нұр-Д" ЖШС-мен - 46 үй дайындалып, барлығы аудан бойынша – 453 (100%)  көпқабатты тұрғын үй қысқы жылу маусымына қосылған.

 Аудан бойынша қысқы жылу маусымында қатты отынды (көмір) пайдаланатын 3987 жеке тұрғын үйге 19935 тонна көмірдің қажеттілігі анықталып, толығымен қамтамасыз етілді.

 

Сейсмонығайту   жұмыстары

 

Аудан аумғында 453 көп қабатты тұрғын үй орналасқан, 111 тозығы жеткен. оның ішінде 2019 жылға дейін  апатты деп танылған 7 көпқабатты тұрғын үйлерде сеймонығайту жұмыстары жүргізілген. 

2019-2020 жылы қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан аудан аумағындағы 4 көпқабатты тұрғын үйлерде                  207,6 млн. теңгеге сейсмонығайту жұмыстары жүргізілді, атап айтқанда;

- Асқаров көшесі №43 үйде (100 пәтер) "Сиқым-Олжас"ЖШС (жоба құны - 6,5 млн.тг.);

- 3 шағын ауданы №3 үйде (90 пәтер) "Бірлік-КМ"ЖШС (жоба құны – 51  млн.тг);

- 3 шағын ауданы №6 үй (90 пәтер) "Шұғыла-2002" ЖШС (жоба құны- 91,76 млн.тг.);

- Абай даңғылы №33б көпқабатты тұрғын үйлерге (36 пәтер) "Шұғыла-2002" ЖШС (жоба құны- 55,87  млн.тг.) сейсмонығайту жұмыстарын жүргізіліп, аяқталды.

2021 жылға Темірлан тас жолы №30, Құрманбеков көшесі №32, Мангельдин көшесі №33, Гагарин көшесі №48 көпқабатты тұрғын үйлерге сейсмонығайтудың қажеттілігін анықтау үшін, зерделеу  жұмыстарын  жүргізуге ұсыныс жолданған.

Қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан аталған үйлерге техникалық ахаулармен тұрақтылығы жайында эксперттік тұжырымдама дайындалды.

 

Санитарлық тазалық және көріктендіру жұмыстары

 

2020 жылы 727 көшенің санитарлық және ирригациялық жүйелерін қоқыстан тазартуға 354 млн.теңге қаржы қарастырылып, «Ақсемсер-Стройсервис» мекемесі  қызмет көрсетті.    Ауданда қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарумен айналысатын "Спецавтотранспорт"  ЖШС-і  өз жұмысын тоқтатып, бүгінгі таңда "ЛТД-Тұрмыс" ЖШС қызмет көрсетуде.

453  көпқабатты тұрғын үй аулаларындағы қатты тұрмыстық қалдықтар тасталатын 112 контейнер алаңшасында 485 контейнер қойылған.

Сонымен бірге,  ағымдағы жылы қатты тұрмыстық қалдықтарды жинақтайтын қоқыс алаңшаларында орналасқан контейнерлердің тозығы жетіп, қолдану мерзімі өтуіне байланысты 19,5 млн.теңге қаржы бөлініп, 150 дана жаңа контейнер сатып алынды.

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, аудан аумағынан шалғай жатқан елді мекендердің тұрмыстық қалдықтарын көше бойына шығарып қоюды болдырмау мақсатында, Ақжар тұрғын алабына 3 жерге және Алтынтөбе тұрғын алабына  7 жерге арнайы қоқыс алаңшасын орнату үшін жер телімі анықталып, аталған орындарға 10 қоқыс алаңшасы мен 20 қоқыс контейнерін орналастырылды.    

  Санитарлық тазалық жұмыстарын жоғарғы деңгейде атқару үшін және аудан тұрғындарын тазалыққа ерекше көңіл бөлдіру мақсатында, аудан көлемінде  аптасына 1 рет "Тазалық - денсаулық кепілі", "Сенбілік сенің аулаңда" тақырыбымен 18 сенбілік ұйымдастырылды.

 

Дезинфекциялау жұмыстары

 

2020 жылдың 15 наурызынан бастап еліміздің барлық аймақтарында короновирус індеті пандемия деп танылып, карантин жариялануына байланысты, ауданда карантин талаптарын сақтау бойынша шағын аудандар мен тұрғын алабатардың көшелері мен көпқабатты тұрғын үй аулаларында залалсыздандыру жұмыстары 5 негізгі бағытқа бөлініп, қарқынды түрде жүргізілді, атап айтқанда;

  • 34 елді мекен;
  • 453 көпқабатты тұрғын үй;
  • 1720 кіреберіс (подъезд);
  • 258 аула;
  • 1025 көше;
  • 358 аялдама;
  • 2 саябақ;
  • 8 сквер.

Аулаларды залалсыздандыру жұмыстарына №35748 әскери бөлімнің 150-ге жуық сарбаздары мен аудан әкімдігінің мамандары тікелей қатысты.

 

Аудан аумағына қарасты білім беру нысандары туралы

 

Мектептер саны – 36,

-оқушылар саны - 57 634

-бала бақша саны – 157 (29 мемл. 128 жеке) – 17 858 балалар тәрбиеленеді.

-жоғары оқу орындары – 3, колледж – 9, студент саны – 30 076;

2020 жылы аудан аумағында 3 мектептің құрылыс жұмыстары жүргізіліп, қолданысқа берілді, атап айтқанда:

         - Самал-3 шағын ауданындағы №6 емхананың жанында 1200 орындық мектеп құрылысын мердігер "НТР" ЖШС (жоба құны - 1 904, 0 млн.теңге);

- Самал-3 шағын ауданында  №87 орта мектепке қарсы бетте 1200 орындық жалпы білім беретін мектеп құрылысын мердігер "Атамекен корпарациясы" ЖШС (жоба құны - 1 908, 8 млн.теңге);

- №23 мектепке жапсарлас оқу корпусының құрылысын мердігер "Өмірзақ" ЖШС (жоба құны - 741,913 млн.теңге).

Сонымен қатар, 2020 жылы Құрсай шағын ауданында Школьная көшесі бойындағы №49 ескі мектеп орнына «Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы   инвестор «Бекназ и К» ЖШС, 0,82 га  жер теліміне 300 орындық мектептің құрылысы басталды.

 

Денсаулық сақтау нысандары

 

Аудан аумағында жалпы 10 мемлекеттік медициналық ұйым, оның ішінде  6 емхана, 1 орталық аурухана, 1 офтальмологиялық аурухана,                                     1 эндокринологиялық диспансер және 1 ЖИТС орталығы жұмыс атқарады.  

Ретсіз сауданы жою жұмыстары

 

Аудан аумағында орналасқан ретсіз сауданы жою жұмыстарын жүргізу мақсатында құзырлы органдармен өткізілген рейдтер нәтижесінде аудандық ЖПҚБ-ң тарапынан ретсіз сауда бойынша 2020 жылдың басынан әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 204 «Белгіленбеген орындарда сауда жасау» бабына сәйкес барлығы 849 хаттама толтырылған, оның 814-не ескерту берілсе, жалпы 340 305 теңге көлемінде айыппұл салынып, толығымен өндірілген.

Сонымен қатар, Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 505 бабына яғни, «Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру» бабына сәйкес барлығы 409 хаттама толтырылған, оның 399-на ескерту берілді, 111 120 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Жәрмеңке

Кәсіпкерлікті қолдау бөлімінің мамандарының ұйымдастыруымен және жәрменкеде жол қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында аудандық ЖПҚБ (жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің), ЖППП  қызметкерлерінің кезекшілігін ұйымдастырып, Гагарин көшесі  «1000 ұсақ-түйек» дүкенінің алдындағы алаңда әр сенбі сайын ауыл-шаруашылық өнімдерін сататын жеке кәсіпкерлердің қатысуымен 2020 жылы басынан                 31 рет жәрменкелер өткізілді.                                

 

Атаулы әлеуметтік көмек

 

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Абай ауданы әкімі аппаратында                      9 учаскелік комиссия құрылып, құрамына 51 адам тартылған.

Жыл басынан атаулы әлеуметтік көмекке 1-тоқсанда 7375 отбасы өтініш білдірген, комиссияның шешімімен 6799 отбасы мұқтаж деп танып,                        576 отбасы түрлі себебтермен мұқтаж емес деп танылды.

Ал 2-тоқсанда 2218 отбасы өтініш білдіріп, комиссияның шешімімен 1875 отбасы мұқтаж деп танып, 343 отбасы түрлі себебтермен мұқтаж емес деп танылса, 3-тоқсанда 3938 отбасы өтініш білдіріп, 3449 отбасы мұқтаж деп танып, 489 отбасы түрлі себебтермен мұқтаж емес деп танылып, 4 - тоқсанда                    2899 отбасы өтініш білдіріп, 2614 мұқтаж деп танып, 285 өтініш түрлі себебтермен мұқтаж емес деп танылды. 

 

«Біз біргеміз» акциясы

 

Covid-19 вирусынан зардап шеккен жанұяларға «НұрОтан» партиясының ұйымдастыруымен бір реттік көмек, яғни 50 000 тенге мөлшеріндегі бірретік жәрдемақы беріліп, акция аясында жалпы 16 430 өтініш келіп түсіп,  «мұқтаж» деп танылған 14 737 тұрғынға қаржылай көмек алды.

 

Алқа

 

          Абай ауданы бойынша «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлерінің саны - 3 430 оның ішінде: 1297 «Алтын алқа», 2121 «Күміс алқа» иелері.          2020 жылдың басынан бері көпбалалы аналарға 46 алтын, 215 күміс алқа табысталды, 159 көп балалы аналардың құжаттары «Алтын» және «Күміс» алқаларымен марапаттауға ұсыныс жолданды. Қайырымдылық іс-шаралар

                                                                                        

2020 жылдың басынан бастап Абай ауданында көптеген қайырымдық іс-шаралар өткізілді.

Атап айтсақ, аудандағы жағдайы төмен, әлеуметтік осал топтарына жататын отбасыларына демеушілер тарапынан әрдайым ақшалай және азық-түлік түрінде көмек беріліп келеді.

         Тәуелсіздік елді мекенінде алғашқы короновирус індетін жұқтырған екі азаматтың тіркелуіне орай, елді мекен тұрғындарына тегін 4000 дана бетперде таратылып, «ПрофАкс» ЖШС және «Корона» ЖШС демеушіліктерімен               770 отбасы тегін азық-түлік себеттерімен қамтамсыз етілді.

Наурыз айында ТОО «Шымкент құс» фабрикасының демеушілігімен   1,2 тонна тауық еті  әлеуметтік әлсіз 214 отбасыға таратылды.

Демеушілер есебінен «Біз біргеміз» акциясы аясында 210 отбасыға азық-түлік себеттерімен көмек берілді.

Сәуір айында демеушілер тарапынан 6 отбасының үй жалдау ақысы төленді.

Шымкент қалалық мәслихатының демеушілігімен жалғызбасты, аз қамтылған 40  отбасыға азық-түлік таратылды.

Шымкент қаласының нотарияттық палатасының демеушілігімен тұрмыс жағдайы төмен 21 отбасыға азық-түлік себеттері берілді.

Жеке кәсіпкердің демеушілігімен 168 мүмкіндігі шектеулі азаматтармен аз қамтылған отбасыларына 400 кг қара мал еті берілді.

Кувейт елшілігінің демеушілігімен 50 отбасыға көмек берілді.

Сонымен қатар сәуір айында коронавирус жұқпалы ауруын алдын-алу мақсатында 13 775 отбасыға 365 000 бетперде таратылды.

Одан бөлек, демеушілер есебінен қазан-желтоқсан айлары аралығында  әлеуметтік жағдайы төмен 110 отбасыға 1 тоннадан жалпы 110 тонна көмір және қатты ағаш отын таратылды.

 

Құқықбұзушылық

 

Шымкент ПД Абай аудандық ПБ жергілікті полиция қызмет бөлімшесінде штат бойынша барлығы 143 қызметкерлерінен құралған.

Оның ішінде:

- учаскелік полиция инспекторлары - 103;

- кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлары 35;

- әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторы – 1;

- ұйымдастырушылық-аналитикалық тобының инспекторы – 1;

- Абай аудандық полиция қызметнінің басшысы – 1;

- Абай аудандық полиция қызметнінің басшысының орынбасарлары – 2.

Қылмыстардың саны 2019 жылмен салыстырғанда 3580-нен 3278-ге төмендеп, 10,9 пайызға кеміген.

Аудан аумағында орналасқан орта мектептерде жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың, нашақорлықтың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында жергілікті полиция  қызметкерлерінің, психолог-дәрігерлердің қатысуымен барлығы 51 кездесулер өткізілді.

Халық көп шоғырланатын орындарда кәмелетке толмағандардың заңды өкілінсіз жүруін анықтау бойынша 103 түнгі рейдтер өткізіліп, рейдтің қорытындысымен 870 жасөспірімдердің ата-аналарына хаттама толтырылды.

 

Ономастика

 

Аудан бойынша жалпы 1025 көшелер мен өткелдер бар. Оның ішінде атауы бар - 861, атауы жоқ - 164 көше. Атауы жоқ 164 көшеге атау беру бойынша қалалық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасына ұсыныс беріліп, қалалық ономастика комиссиясының оң қорытындысын алып, республикалық ономастикалық комиссиясына жолданды. 

2020 жылы аудан аумағындағы 81 көшеге 6880 тақтайша орнатылды.

2021 жылға 175 көшеге, 13596 тақтайша ілуге Экономика және бюджетті жоспарлау басқармасына 40,7 млн.теңгеге бюджеттік ұсыным тапсырылды.  

 

 

Аудан әкімі                                                              Б. Парманов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі Б.Пармановтың 2020 жылдың қорытындысы бойынша аудан тұрғындарының алдында есеп беру кездесулерінің

КЕСТЕСІ

 

р/с

Кездесу форматы

Өтетін күні

Уақыты

1.

Онлайн

Instagram: Shymkent.abay

Facebook: Абай  ауданы әкімінің аппараты

26.01.2021ж.

11-00

2.

Онлайн

Instagram: Shymkent.abay

Facebook: Абай  ауданы әкімінің аппараты

28.01.2021ж.

11-00

3.

Онлайн

Instagram: Shymkent.abay

Facebook: Абай  ауданы әкімінің аппараты

02.02.2021ж.

11-00

 

Шымкент қаласы Абай ауданы тұрғындарының ұсыныстарын, ескертулерін және ой-пікірлерін жинақтауды қамтамасыз  ету үшін  арнайы  жәшіктер төмендегі мекен жайларда орнатылған.

Әлеуметтік желілер арқылы сын-ескертпелер мен өтініштер қабылдайтынын аудан тұрғындарының назарларына ұсынады.

WhatsApp – тел.: 8-777-489-86-84,  39-02-00

 

 

 №

Мекен жайы

1.     

Абай ауданы әкімінің аппараты, Тауке хан даңғылы 3а,

2.     

Әкімшілік ғимарат, «Қатынкөпір» шағынауданы, Әл-Фараби көшесі, нөмірсіз

3.     

Әкімшілік ғимарат, «Қазығұрт» шағынауданы, К.Жандарбеков көшесі, 179

 

Дата публикации
22 января 2021