Шымкент қаласы әкімдігінің Абай ауданы әкімі аппараты СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ
ТІЗІЛІМІ
|
№ |
Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелі |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде ұсынымдар |
Ұсынымды орындау нысаны |
Уәкілетті органның ұстанымы
*Ұсынымда басқа мемлекеттік органға жіберген жағдайда
|
Орындау мерзімі |
|
1. |
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке өтініш білдірген үміткер азаматтардың тізіміне сәйкес, әр учаскелік комиссия өз аумақтары бойынша үй тұрмыстық зерделеу актілерін түзеді. Түзілген актінің негізінде әр үміткер азаматтарға мұқтаж не болмаса мұқтаж еместігі жөнінде 7 жұмыс күнінің ішінде Шымкент қаласы Абай аудандық жұмыспен қамту орталығына қорытындыны жолдайды. Тәуекел: атаулы әлеуметтік көмекке үміткерлер мен учаскелік комиссияның тікелей байланысы.
|
АӘК учаскелік комиссиясының құрамына тәуелсіз бақылаушыларды тарту мүмкіндігін қарастыру, өтініш білдірушілердің үй-жайын фото, аудио жазба, видео түсіру жұмыстары атқарылсын. |
Актілер, фото, видео, аудио жазбаларын жасау. |
- |
Тұрақты |
|
2. |
Ретсіз сауда қатарларын реттеу –аудан аумағындағы басты көшелерде белгіленбеген орында сауда жасаушы тұлғаларға ретсіз сауда қатарын реттеу бойынша Шымкент ҚПД Абай аудандық полиция басқармасымен бірлесіп тұрақты түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Тәуекел: Кәсіпкерлікті қолдау бөліміне жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасары мен бөлім қызметкерлерінің кәсіпкерлермен байланысы.
|
Ретсіз сауда орындарына мониторинг жұмыстардың ашықтығын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдансын. |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау |
- |
Тұрақты |
|
3. |
Әлеуметтік қорғау, мәдени даму және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімі (бұдан әрі – бөлім) аудан аумағындағы көшелерге QR коды бар тақтайша қоюды, үйлерді архитектуралық жарықтандыру жабдықтарын орнату, мерекелік іс-шараларды ұйымдастырады.
Тәуекел: Бөлімге жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасары мен бөлім қызметкерлерінің мердігер ұйыммен тікелей байланысы. |
Жүргізілген сатып алу тәсілі, сомасы, жеңімпаз мердігер т.б. ақпарат мекеменің әлеуметтік желідегі парақшаларына ашық ақпаратты орналастыру, орындалған жұмыстарды қабылдап алу бойынша тікелей эфирлер түсіру, қоғамдық бақылауды қамтамасыз етуді күшейту. |
Жарияланымдар, фото, видео, актілер. |
- |
Тұрақты |
|
4. |
Инфрақұрылым бөлімі (бұдан әрі-бөлім) Аудан аумағын абаттандыруға, көпқабатты үй аулаларына балалар ойын алаңшаларын, спорт алаңшаларын орнату, абаттандырылған нысандардың пайдалануын қадағалау жұмыстарын жүзеге асыру жұмыстарын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік сатып алу негізінде түзілген келсімшарт негізінде «Өнім беруші» атқарған жұмыстарды «Тапсырыс беруші» растап қабылдайды. Тәуекел: Бөлімге жетекшілік ететін аудан әкімі орынбасары мен бөлім қызметкерлерінің мердігер мекемемен тікелей байланысы. |
Мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын мүлтіксіз сақтау, конкурстық құжаттаманы әзірлеу сатысында сарапшыларды тарту мүмкіндігін қарастыру. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының талаптарын мүлтіксіз сақтау.
|
Конкурстық құжаттамаға сарапшының қорытындысы. |
- |
Тұрақты |