
Аудандағы 453 көпқабатты тұрғын үйлер 258 аулаға біріктірілген.
Өткен 10 жылда 219 аулаға балалар ойын алаңшалары мен 50 спорт алаңшасы орнатылған болатын.
2019 жылы аудан аумағында мемлекеттік жекешелік әріптестік аясында 45 аулаға балалар ойын алаңшалары орнатылды.
2020 жылы 41 аулаға балалар ойын алаңшасын орнату жұмыстарын, 8 спорт алаңшасын салу жұмыстары жоспарлануда – олар:
Құрсай шағын ауданы "Еркеназ" балабақшасының жаны;
- Қазығұрт шағын ауданы Ақжар көшесі;
- Қазығұрт шағын ауданы Тлеулес көшесі;
- Ақтас-1 шағын ауданы;
- Жайлау шағын ауданы Тауасаров көшесі;
- Ынтымақ шағын ауданы Есенов көшесі;
- Тәуелсіздікке 20 жыл елді мекені;
- орталық аумақтағы көпқабатты тұрғын үй ауласы (Республика №16).
Сонымен қатар, 24 спорт алаңшаларының жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілетін болады.