
Абай ауданы аумағында жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік саясатын іске асыруға жәрдемдесу бойынша жұмыстарды жүргізу.
Аудан аумағында белгіленбеген орындарда сауда жасаушы тұлғаларға және заңсыз орнатылған дүңгіршектердің иелеріне алдырту бойынша түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру, тамақ өнімдерінің тұтыну бағасын тұрақтандыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуге бақылау жасау және тұрғындар арасында салық төлемдерін уақтылы төлеу жөнінде түсіндіру жұмыстарының жүргізілуіне тиісті жұмыстары жүргізіледі.
Бүгінгі таңда аудан аумағында 13 базар орналасқан, оның ішінде халық тұтынатын бірінші қажетті азық-түлік тауарларын сататын негізгі ірі төрт базар (Жібек жолы, Алаш, Самал, Крытый рынок.) жұмыс атқаруда және де атап айтқанда Фиркан, Магнум, Баян сұлу, Супер бум т.б. сияқты негізгі бағыты азық-түлік тауарларын сататын ірі сауда үйлері орналасқан.
Жоғарыда атап өтілген базар және сауда үйлерінде күнделікті тұрақты түрде азық-түлік тауар бағаларына (19 тауар бойынша) мониторинг жұмыстары жүргізіліп отырады.
Әр сейсенбі сайын статистика басқармасымен жоғарыда көрсетілген 19 тауар бойынша бірлесіп мониторинг жұмыстары жүргізіледі.