
Мен, Ахмедия Самат Аманжолұлы. 1990 жылдың 12 наурызынды Шет ауданында Ақсу Аюлы ауылында дүниеге келдім. Қазақстан Республикасының азаматымын. Азаматтығымды бүгінгі күнге дейін ауыстырған жоқпын.
1996 жылы Ақсу Аюлы ауылында Ы.Алтынсарин мектебіне 1 сыныпқа барып 2006 жылы 9 сынып бітірдім.
2006 жылы Қарағанды политехникалық колледжіне түсіп 2010 жылы бітірдім. Мамандығым: автомобиль көлігін техникалық баптау, жөндеу және пайдалану.
2010 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетіне 2017 жылы бітірдім. Мамандығым: тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану.
2017 жылы Қарағанды «Болашақ» академиясы» ЖММ түсіп 2019 жылы бітірдім. Мамандағым: Қазақ тілі мен әдебиеті.
2010 жылдың 15 маусымынан бастап Шет ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігіне және автокөлік жолдары бөлімінің тұрғын үй инспекторы болып қызмет атқардым. 2012 жылдың 24 өз еркіммен жұмыстан босатылдым.
2012 жылдың 06 тамызынан бастап аудан әкімі аппаратының автокөлік жүргізушісі болып қызмет атқардым. 2013 жылдың 01 сәуірінен басқа лауазымға орналасуыма байланысты жұмыстан босатылдым.
2013 жылдың 03 сәуірінен бастап «Шет ауданының жастармен жұмыс орталығы» КММ директоры болып тағайындалдым. 2019 жылдың 03 қыркүйегінде басқа лауазымға орналасуыма байланысты жұмыстан босатылдым.
2019 жылдың 03 қыркүйегінен бастап Шет ауданы Ортау ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманының міндетін атқарушы болып қызмет атқардым.
2019 жылдың 16 қазанынан бастап Шет ауданы Ортау ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы болып қызмет атқардым.
2019 жылдың 12 қарашасынан бастап «Шет ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болып қабылдандым. 2023 жылдың 27 қазан күні «Шет ауданының тұрғын – үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болып тағайындалдым.
2026 жылдың 13 сәуірінен «Шет ауданының тұрғын – үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінен жұмыстан босатылып, 2026 жылдың 24сәуірінен "Шет ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы болып тағайындалдым.
2010–2012 жж. – Шет ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің инспекторы.
2012–2013 жж. – Шет ауданы әкімі аппаратының автокөлік жүргізушісі.
2013–2016 жж. – «Шет ауданының жастармен жұмыс жасау орталығы» КММ директоры.
2016–2019 жж. – «Шет ауданының жастар ресурстық орталығы» КММ директоры.
2019 ж. – Шет ауданы Ортау ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы.
2019–2022 жж. – Шет ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы.
2022–2023 жж. – «Шет ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ басшысы.
2023–2026 жж. – «Шет ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы.
2026 жылдан бастап – Шет ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы.