GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Онлайн қабылдау
Қызметі
Баспасөз орталығы
Мәслихат туралы
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Все материалы
06 октября 2026
Сегізінші шақырылған Шемонаиха аудандық мәслихатының депутаттары мен аудан тұрғындарының назарына

Сегізінші шақырылған Шемонаиха аудандық мәслихатының депутаттары мен аудан тұрғындарының назарына:

Сегізінші шақырылған Шемонаиха аудандық мәслихатының кезекті LIV  сессиясы 2026 жылғы 15 қазанда сағат 10.00-де «Шемонаиха ауданы әкімінің аппараты» ММ ғимаратында (А. Иванов атындағы көшесі, 59) мынадай күн тәртібімен өтеді:

  1. Шемонаиха ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі.
  2. Вавилон ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялармен міндеттердің орындалуы туралы есебі.
  3. 2026-2027 жылдардағы жылыту маусымына тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді, жылумен жабдықтаушы ұйымдарды, тұрғын үй қорын және әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілерді дайындау қорытындылары туралы ақпарат.
  4. Бюджет, экономика, Өңірлік даму және агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебі.

  5. Әр-түрлі мәселелер.

30 сентября 2026
2026 жылғы 30 қыркүйекте Шемонаиха аудандық мәслихатының кезектен тыс елу үшінші сессиясы өтті

2026 жылғы 30 қыркүйекте Шемонаиха аудандық мәслихатының кезектен тыс елу үшінші сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасары, бөлімдер мен басқармалардың басшылары, әкімшілік-аумақтық бірліктердің әкімдері қатысты.

            «Шемонаиха аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 43/2-VIII «Шемонаиха ауданының қала, кенттер және ауылдық округтерінің 2026–2028 жылдарға арналған бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселе бойынша экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Самойлова А.М. cөз сөйледі. Ол қаланың, кенттер мен ауылдық округтердің меншікті кірістерінің ұлғаюы, ағымдағы жылдың 9 айының бюджетінің орындалу қорытындылары бойынша бюджет қаражаты үнемделуінің  бөлінуі, сондай-ақ ағымдағы және күрделі шығыстарға қосымша қаражат бағыттау туралы хабарлады.

            Шемонаиха аудандық мәслихатының сессиясы пленарлық отырыс форматында өтіп, Instagram әлеуметтік желісінде онлайн-трансляция ұйымдастырылды.

28 сентября 2026
2026 жылғы 28 қыркүйекте Шемонаиха аудандық мәслихатының кезектен тыс елу екінші сессиясы өтті

2026 жылғы 28 қыркүйекте Шемонаиха аудандық мәслихатының кезектен тыс елу екінші сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудан әкімі Ержан Айткенұлы Шурманов, аудан әкімінің орынбасарлары, бөлімдер мен басқармалардың басшылары қатысты.

«Шемонаиха аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 42/2-VIII «2026–2028 жылдарға арналған Шемонаиха ауданының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселе бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы А.М. Самойлова сөз сөйлеп, бұрын жоспарланған қаражатты қайта бөлу есебінен 2026 жылға аудандық бюджетті нақтылануымен таныстырды.

Шемонаиха ауданы әкімдігі жанындағы аудандық комиссиялардың құрамына өзгерістер енгізілді.

Қаралған барлық мәселелер бойынша бірауыздан шешімдер қабылданды.

Шемонаиха аудандық мәслихатының сессиясы пленарлық отырыс форматында өтіп, Instagram әлеуметтік желісінде онлайн-трансляция ұйымдастырылды.

 

25 сентября 2026
Сегізінші шақырылған Шемонаиха аудандық мәслихатының депутаттары мен аудан тұрғындарының назарына

Сегізінші шақырылған Шемонаиха аудандық мәслихатының депутаттары мен аудан тұрғындарының назарына:

Сегізінші шақырылған Шемонаиха аудандық мәслихатының кезектен тыс елу екінші сессиясы 2026 жылғы 28 қыркүйекте сағат 15.00-де «Шемонаиха ауданы әкімінің аппараты» ММ ғимаратында (А. Иванов көшесі, 59) мынадай күн тәртібімен өтеді:

  1. Шемонаиха аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 42/2-VIII «2026-2028 жылдарға арналған Шемонаиха ауданының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  2. Әр түрлі мәселелер.
Шемонаиха ауданының Қоғамдық кеңесі
21 сентября 2026
2026 жылғы 7 қыркүйекте Шемонаиха аудандық Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті

      

2026 жылғы 7 қыркүйекте Шемонаиха аудандық Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.

Қоғамдық кеңестің жоспарлы жұмысы аясында:

Шемонаиха ауданындағы білім берудің жай-күйі және оны одан әрі жетілдіру мен дамыту шаралары туралы  ақпарат тыңдалды:

Мәселені талқылау қорытындысы бойынша аудандық Қоғамдық кеңес мүшелері тиісті ұсынымдар әзірлеп, қабылдады.

 

Мәслихаттың тұрақты комиссиялары
17 сентября 2026
2026 жылғы 17 қыркүйекте Шемонаиха аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларында жария тыңдаулар өтті

2026 жылғы 17 қыркүйекте Шемонаиха аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларында жария тыңдаулар өтті. Жария тыңдауға аудандық мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдардың басшылары мен мамандары, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, қоғамдық кеңес мүшелері, БАҚ өкілдері шақырылды. Күн тәртібінде "Ssang Yong Kyron маркалы жеңіл автокөлікті жекешелендіру (2012 жылы шығарылған, мемлекеттік нөмірі F145AV)" мәселесі болды.

Қаржы бөлімінің басшысы Н.В. Троеглазова жария тыңдаулардың күн тәртібі бойынша сөз сөйледі, содан кейін қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Тыңдауларды өткізу қорытындысы бойынша тұрақты комиссиялар жария тыңдауларды бірауыздан өтті деп таныды және аталған автокөлік құралын жекешелендіру туралы ұсынысты қолдады.

Жария тыңдаулардың қорытындысы бойынша хаттама дайындалды.

 

26 августа 2026
2026 жылғы 26 тамызда Шемонаиха аудандық мәслихатының кезектен тыс елу бірінші сессиясы өтті

       2026 жылғы 26 тамызда Шемонаиха аудандық мәслихатының кезектен тыс елу бірінші сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудан әкімі Ержан Айткенұлы Шурманов және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

         Қазақстан Республикасының заңнамасына енгізілген өзгерістерге байланысты Шемонаиха аудандық мәслихаты аппараты туралы ереже бекітілді. Аталған мәселе бойынша шешім бірауыздан қабылданды.

         Шемонаиха аудандық мәслихатының сессиясы пленарлық отырыс форматында өтіп, Instagram әлеуметтік желісінде онлайн-трансляция ұйымдастырылды: https://www.instagram.com/p/DcfaxF4jBgW/?hl=ru 

 

20 августа 2026
Сегізінші шақырылған Шемонаиха аудандық мәслихатының депутаттары мен аудан тұрғындарының назарына

        Сегізінші шақырылған Шемонаиха аудандық мәслихатының кезектен тыс елу бірінші сессиясы 2026 жылғы 26 тамызда сағат 10.00-де «Шемонаиха ауданы әкімінің аппараты» ММ ғимаратында (А. Иванов көшесі, 59) мынадай күн тәртібімен өтеді:

  1. Шемонаиха аудандық мәслихатының 2021 жылғы 19 қазандағы № 9/3-VII «Шемонаиха аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
  2. Әр түрлі мәселелер.
19 августа 2026
Шемонаиха аудандық мәслихатының бюджет, экономика, өңірлік даму және агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы хабарлайды

      Шемонаиха аудандық мәслихатының  бюджет, экономика, өңірлік даму және агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі  тұрақты  комиссиясы хабарлайды.

     2026 жылғы 17 қыркүйекте  сағат 10:00-де аудандық әкімдігінің   ғимаратында  А. Иванов атындағы көшесі, 59, 111- кабинетте келесі мәселе бойынша    жария тыңдаулар өтеді.

  1. Аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіру туралы.

     Жария тыңдауларға аудан тұрғындары және өзге де мүдделі тұлғалар шақырылады.

    Қоғамдық тыңдаулар офлайн форматта өткізіледі.

14 августа 2026
2026 жылғы 14 тамызда Шемонаиха аудандық мәслихатының кезектен тыс елуінші сессиясы өтті

     

     2026 жылғы 14 тамызда Шемонаиха аудандық мәслихатының кезектен тыс елуінші сессиясы өтті.  Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары Жунусов Данияр Базаралыұлы, бөлімдер мен басқармалардың басшылары, әкімшілік-аумақтық бірліктердің әкімдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. 

     «Шемонаиха аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы       №43/2-VIII «Шемонаиха ауданының қаласы, кенттері мен ауылдық округтерінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» және «Шемонаиха аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 43/4-VIII «Шемонаиха ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» мәселелері бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Самойлова А.М. баяндама жасап, аталған шешімдерге енгізілетін негізгі өзгерістер туралы ақпарат берді.

     «Шемонаиха аудандық мәслихатының 2024 жылғы 9 ақпандағы № 13/4-VIII «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» мәселе бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі Елюкенова С.М. сөз сөйледі.

      Ведомствоаралық комиссиялардың құрамдарына өзгерістер енгізілді.

      Қаралған барлық мәселелер бойынша шешімдер бірауыздан қабылданды.

      Шемонаиха аудандық мәслихатының сессиясы пленарлық отырыс форматында өтіп, Instagram әлеуметтік желісінде онлайн-трансляция ұйымдастырылды.

https://www.instagram.com/reel/DcAp7LKjcnH/igsh=MTlwOXJuNjBrOG9law==

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы